Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Толқында біз жүреміз,
Желбіреген ақ желкені Ұстазым,
Сенсің ұланымның ертеңі.
Иә, мектеп, білім, ұстаз деген ұлы сөздер бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл сөздердің құдіретін ұға білу де парыз.
Соның бірі Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі 1962-жылы құрылған. Жобалық қуаты 550 орын, бастауыш 220 орын, жалпы 770 орын бар. Штат саны 34 кіші қызметкерлер болса, 65 мұғалім қызмет атқарады. Мектепте жоғары санатты 8, бірінші санатты 23, екінші санат бойынша 9, санатсыз 28 ұстаз қызмет атқарады. Үйірмелер және спорттық секциялар жұмыс істейтін мектеп 16, барлығы 346 құрап отыр. Сынып комплектісі 31, сынып жетекшілері 31 адам болса, оның жоғары педагогикалық білімі бар 27 адам , орта білімді 4 адам жұмыс істейді. Оқушыларының саны 717 (мектепалды 69) оның 341 қыздар, ер балалар 376 (мектепалды даярлық топ 32 қыз, ұлдар 37). Мектеп өмірі қызықты оқиғалар мен жақсы дәстүрлерге толы. Мектепте жеке тұлғаның адамгершілік сапасын дамытуға, белсенді өмірлік позицияны қалыптастыруға бағытталған тәрбие беру тұжырымдамасы әзірленген. Бұл мектеп өзінің рухы, оқушылар мен мұғалімдер құрамы жағынан интернационалды. Ұраны «Біздің бірлігіміз – біздің көп қырлы болуымызда». Бұл ұран мектептегі жүйе тәрбиесінің жетістіктерін, бай дәстүрлер мен мәдениет жемістерін бойларына сіңірген мектеп қауымдастығының халықаралық бірлігі ахуалын лайықты түрде жеткізеді. Тәжірибелі ұстаздар командасы еңбек етуде, олар – өз пәндері бойынша теориялық білімді ғана меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар әрбір оқушылардың зияткерлік және шығармашылық тегеурінін дамыта алатын шебер мамандар болып табылады. Оқушылар арасында қалалық және республикалық олимпиада жүлдегерлері, Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен байқаулардың жеңімпаздары бар. Сонымен қатар, мектеп директоры Мухтар Досмаханұлы Республикалық «Өрлеу» білім-ғылым технология интернет порталында мазмұнды мақалалар жариялап, әріптестік ықпалдастық орнатқаны үшін «Ұлағатты Ұстаз» төсбелгісімен марапатталған. 2015-жылы Республикалық КИО қашықтық олимпиадасында қазақ әдебиеті пәні бойынша жақсы нәтиже көрсетіп, III дәрежелі диплом иегері атанған.
2015-жылы «Ақ бота» интеллектуалдық марафонына қатысып, қазақ тілі пәні бойынша жоғары ұпай жинаған. 6-сынып оқушылары Сайлаубай Жалғас, Балдана Кенжетай ІІІ дәрежелі диплом алған. 2016-жылы Балдана Кенжетай І дәрежелі дипломдық марапатқа қол жеткізген. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген «Білікті маман – ел ертеңі» ғылыми шығармашылық қашықтық байқауына қатысқан Дильназ Усенбаева І дәрежелі дипломмен марапатталған. 2017-жылы «Қазақстан ұстазы» Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушылары Айдана Орақбаева I дәрежелі дипломмен, Әлия Абдуахасова II дәрежелі дипломмен марапатталып, «Алғыс хат» иеленген. «Астана медицина университеті» АҚ атынан шәкірті Абдуахасова Ақботаның жоғары деңгейде үлгерім көрсеткені үшін «Алғыс хат» Қалалық «Абай оқулары» байқауында оқушысы Дильназ Үсенбаева бас жүлдеге ие болса, Ділназ Үсенбаева 7 «а» сынып оқушысы Көркем сөз номинациясы бойынша 2-орын алған.
Мектептің заманауи ғимараттары қаланың экологиялық таза ауданында қоныс тепкен. Мектеп сыныптары заманауи техникалық оқу құралдарымен жабдықталған, физика, биология, химия пәндерінің лабораториялары, интернетке қол жеткізетін компьютерлік кабинеттер, музыка және бейнелеу өнері сабақтарына арналған сыныптар бар. Мектепте қоршаған орта экологиясы мен оны сақтау шараларын ұйымдастыруға арналған табиғат бұрышы жұмыс істейді. Мектептің жаттықтырғыштар және шыңға өрмелеу кешенімен жабдықталған спортзалдары бар, мектеп аумағында заманауи жасанды төсеніш төселген футбол алаңы орналасқан.
Айгерім Назарова
«Білім Айнасы», Тараз қаласы