Home » Жаңалықтар » Өмірін жырмен тербеткен

Өмірін жырмен тербеткен

 

Темір Мыңжастың 65-жас мерей тойына арналған

08.09.17ж. №2 бөлімше Теңге ауылдық-онлайн кітапханасында белгілі ақын, журналист, ҚР жазушылар Одағының мүшесі Темір Мыңжастың 65-жасқа толуына орай Теңге ауылдық кітапхансымен оқушылар шығармашылық үйінің «Жұлдыз» аула клуб үйірмесінің оқушыларымен бірігіп дайындаған «Өмірін жырмен тербеткен» поэзия кеші өтті.
Мақсаты: Ақынның өмірімен шығармаларымен оқушыларды таныстыру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Кешті кітапхана меңгерушісі Мейрова Муслима ашып ақынның өмірбаянымен таныстырып өтті.
Одан соң оқушылар Изенова Д, Хабидулла Ұ. Изенова А. Кәлим Д. Тегісбай Л. Т.б оқушылар ақынның «Бойтұмар», «Маңғыстауым», «Туған жерге», «Бір досқа», «Халқымды алдамасын» т.б. өлеңдерін жатқа айтты. Ақынның кітаптарынын «Өмірін жырмен тербеткен» бұрыш жасақталып оқырмандарға таныстырылды. Ақынның «Сені іздедім», «Маңғыстау ақын-шығармаларының кітапханасы», «Бойтұмар», «Атамекен», «Жүрек сөзі» «Қыран қанатты ақын»-папка қойылды. «Жұлдыз» аула клубының жетекшісі Дюсегалиева Қалғыз оқушыларға мерзімді басылымдар бетінде жарияланған өлеңдерін оқып берді. Сонымен қатар ақынға арнап дайындаған «Өмірін жырмен тербеткен» слайд көрсетілді. Кеш соңында кітапханашы Мейрова М. қатысқан оқушыларға алғыс айтты.

Калығыз Таженқызы
«Жұлдыз» аула клубының жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.