Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Өмірдің мәні неде?

Өмірдің мәні неде?

Сыныптан тыс өткен ашық дөңгелек үстел

Мақсаты: Үнемі даму жағдайындағы қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, дұрыс таңдау жасай білу мен нақты шешім қабылдай білуге баулу.

Көрнекілік: Қанатты сөздер. Ережелер. Кластер.

Ережелер: Уақытты ұтымды пайдалану. Өзгенің пікірін сыйлау. Ұшқыр да, тез ойлау.

Жаңа технология: СТО стратегиялары. Сыныпты төрт топқа бөлу.

  1. Сыныпқа жалпы сұрақ: Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар? Топта талданып, кластер құрады.
  2. Генри Кайзер – көздеген мақсатына жететін, ерік-жігері мықты адам; оның әртүрлі фирмалары мен компанияларындағы байлығы миллиардтаған долларға тең болатын. Генридің көмегімен мүгедек адамдар, саңыраулар ауруханада төменгі ақымен емделді.
  • Генридің осындай қайырымдылығына кім себепкер болды? – Әрине, анасы.
  •      Генридің анасы Мэри күнделікті жұмысынан кейін, қайырымдылық халатын киіп, сағаттап үй – күйсіздерге көмектесетін, осылай ете отырып, ол ұлына баға жетпес сыйлық пен ең үлкен құндылықты сыйлады.

Осы үзіндідегі баға жетпес сыйлық пен ең үлкен құндылықты қалай түсінесіңдер?  (топқа 3 минут уақыт беріледі)

  • Баға жетпес сыйлық, ол – еңбек қуанышы, ал ең үлкен өмірлік құндылық, ол – адамдарға деген махаббат және оларға қызмет ету.

3) Кітаптағы «Әркім өз қиыншылығын өзі жеңуге қабілетті» тақырыбынан (39 беттегі) мынандай оқылады:

“Қиыншылық туған жағдайда, одан шығу жолын әркім біледі.

Егер, өмір бізге қиыншылық тудыра білсе, оның шешу жолы да болады”.

Мило Джонс кішігірім фермада өте көп жұмыс істейтін, бірақ оның тапқаны күнделікті тіршіліктен аспайтын. Егде тартқан шағында ол аурудан мүгедек болып қалады. Қол-аяғы жұмыс істемесе де жанұясына тірек болу үшін жоспар құрып, оны іске асыруға кіріседі, шошқалар өсіріп, шұжық жасап, барлық елге сатамын, — деді. Ақырында дегеніне жетіп, ол милллионер болды.

Осы үзіндіден не түсіндіңдер және қандай қорытынды шығаруға болады? (топ ішінде талдауға 3 минут беріледі)

Оқушылардың жауабы: Әрине, Махаббат!

Кімге деген махаббат? Өмірге деген құлшыныс, балаларына, жанұясына деген, адамдарға деген махаббатты көреміз.

4) Кітаптағы 223 бетте мынадай үзінді келтірілді:

Адамдар ақша барлық жаманшылық атаулының тамыры, — деген сөзді жиі айтады,

ал дінде, ақшаны жақсы көру – барлық жаманшылықтың тамыры, — делінген.

Осы үзіндіден қандай қорытынды шығаруға болады? (Топ ішінде талдауға 3 минут уақыт берілді)

Оқушылардың жауабы:

Шынымен де қанағат пен ынсап қарын тойдырады.

Осы айтылғандардан қорытынды шығару мақсатында оқушыларға мынадай сұрақ берілді: ХХІ ғасырда адамға ең қажетті не деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың жауабы: Ақша, денсаулық, еңбек, мәдениет, ақпарат, таңдау, заң …

Ғалымдардың айтуынша…  І орында:   Қажетті ақпараттар; ІІ орында: Дұрыс таңдау; ІІІ орында: Таразыланған шешім; ІV орында: Қарым – қатынас (мәдениет);

V орында: Әлемдегі өзгерістерді тез түсіну, өзін — өзі дамыту, дұрыс шешім қабылдау, тез игеру.

Қорытынды: Бүгінгі сабақтан алғандарың: өмірдің мәні өте үлкен. Таңдау мен нақты шешім қабылдау өз қолдарыңда…

Мусина Мубина Шафхатовна

№67 гимназия мұғалімі,

Астана қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.