Home » Жаңалықтар » Өмірге құштарлық алға жетелейді

Өмірге құштарлық алға жетелейді

Алматы қаласы Жетісу ауданы 102 жалпы білім беретін мектеп базасында 25 қазан күні «Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмаған балалар арасында суицидті мінез-құлықтың және зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған біліктілікті арттыру курсының аясында ұйымдастырылған көшпелі тәжірибе сабағы болып өтті. Семинарды мектеп директоры Кержикеева Данагүл Рысбайқызы құттықтау сөзімен ашты. Семинар бағдарламасымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Маханбетова Ағима Абиловна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты көшпелі тәжірибелік сабақтың мақсат, міндеттерімен таныстырды және өзі бастаған Республикамыздың түрлі аумақтарынан келген біліктілікті арттыру курсы 18 тыңдармандары осы семинарда бүгінгі таңда  бүкіл әлемді елеңдетіп, қоғам дертіне айналып отырған кәмелетке толмаған балалар арасында суицидті мінез-құлықтың және зорлық-зомбылық мәселесін жан-жақты талдап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дараева Гулхан Умаржанқызы «Мектеп бойынша аутодеструктивті мінезқұлықтың алдын алу барысы бойынша жүргізілетін тәрбиелік жұмыстар» тақырыбында дәріс оқып, шеберлік тренинг көрсетсе, Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы Д.Қонаев атындағы №122 ЖОМ директорыың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сапаров Жандос Сұлтанбайұлы «Мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру» шеберлік сабағын көрсетті. Нұрсұлу Қошқарқызы Жұманбаева, Түркістан облысы, Түркібасы ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, А.С.Пушкин атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Сынып жетекшілері жұмысын тиімді ұйымдастыру» бойынша тиімді енгізулермен бөліссе, Кушалиева Гулмира Шабанбаевна,  Алматы қаласы, №26 ЖББМ диркторының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Кәмелетке толмағандар арасында деструктивті мінезқұлықтың алдын алу жұмыстарының негізгі деңгейлері» бойынша шеберлік сағатын көрсетті.

Семинарда №102 ЖББМ КММ  педагог-психологы Базарғалиева Назерке Әсемханқызы «Өзіңізге құрметпен, өмірге махаббатпен қарайық» тренинг ұйымдастырды. Жағдайаттық ойындар өткізіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күймен жағымды әсер сыйлады.

Республикалық тәжірибе семинары екі жақты пікір мен тәжірибе алмасумен қорытындыланды. Семинар қатысушыларға тәжірибелерін дамытуға, кәсіби біліктіліктіліктерін молайтуға зор үлесін қосты десек болады.

 

Ауэлбекова Г.У.
«№102ЖББМ» КММ
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.