Өткен аптаның басында, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектепте педогог-психолог маман Кунанбаева Чыныгулдің ұйымдаструымен «Өмірге «иә» деп айт» аталатын тренинг сәтті бастау алды. Оқушылардың қоғамдық өмірге белсене атсалысуы үшін, өмір туралы бір қатар мысалдар тереңінен айтылды. Мақсаты: өмірге деген бейімділік, табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру, түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың алдын алу, бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру. Міндеттері: өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру, оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманды айыра білуге тәрбиелеу болатын. Тренинг барысында «Өмір» деген төрт әріптен құралған сөзге түйінді сөздер келтірілді. «Жүректен жүрекке» ойыны арқылы жылы лебіздерін білдіріп, өмірге ризашылықтарын бейнеледі. Онымен қоса, «Өмір керемет! Босқа тәуекелге барма!» деген тақырыптарда еркін пікір-талас болды. Тренингтің өту аясында педагогтар мен оқушыларға арналған тематикалық стенд жаңарып жасалды, онда ғаламторды қалай қауіпсіз пайдалану керектігі туралы мәлімет берілді. «Ғаламтор қауіпсіздігімен қалай қамтамасыз ету керек?», «Қамқорлықтағы балалық шақ», «Біз өмірді таңдаймыз», «Сенім телефоны», «Қайда бару керек?» тақырыптарға буклеттер мен жаднамалар жасалып таратылды. «Қауіпсіз ғаламтор» тақырыбына фотосурет байқауы өтті. Ал, 21 мектеп оқушылары әңгіме құрып, ойын жаттығуларын жасап, әр күнге жалпы өздерін жақсы сезіну жаттығуларын біліп, позитивті би қимылдарын көрсеткен «Өмір керемет! Босқа тәуекелге барма!» би флэшмобы болды. Тренинг соңында Кунанбаева Чыныгул «Ғаламторды қалай қауіпсіз қолдану керек» тақырыбында әңгіме жүргізді, балалар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, балалардың әлеуметтік желіде зиян шегуінде көрсетілетін алғашқы көмек туралы да мәлімет берілді. Тренгинг соңында бәрі естелік үшін сурет ке түсіп, тренинг сәтті аяқталды.
Нокерова Зульфия Найманқызы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№ 21 орта мектептің бастыуыш сынып мұғалімі