Home » Жаңалықтар » «Өлке тарихы-Ел тарихы» фотокөрмесі Біржан сал ауданында

«Өлке тарихы-Ел тарихы» фотокөрмесі Біржан сал ауданында

     Біржан сал атындағы аудандық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы ұйымдастырған «Өлке тарихы-Ел тарихы» жылжымалы фотокөрмесі өтті. Бұл жоба Көкшетау қаласында басталып, өңірдің барлық аудандарына эстафетамен беріледі, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

      Ашылу салтанатында осы көрменің эстафеталық фотоальбомын Біржан сал ауданының мемлекеттік мұрағатының директоры Анар Шәуеноваға Бурабай ауданы мемлекеттік мұрағатының директоры Шолпан Бостамбаева табыстады. Салтанатты жиынның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Ерсайын Сабыров, аудан мәслихаттың хатшысы Серік Шәуенов, Біржан сал ауданының құрметі азаматы, ардагерлер кенесінің төрағасы  Қайролла Хамзин және мұрағаттық қызметінің ардагері Еркін Дәуітов сөз сөйледі. Мәдениет үйінің интерьерінде Ақмола облысының барлық аудандары  мен  екі қаласының тарихынан маңызды кезеңді танытатын 19 жылжымалы стенд үйлесімді орын алды.

«Өлке тарихы-Ел тарихы» жобасының басты мақсаты – кіші  Отанының даму тарихын сипаттайтын архивтік-фотографиялық құжаттарды және оның елдің дамуындағы рөлін білу. Көрмеге ауданның құрметті ардагерлері, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, мұғалімдер және аудан жастары қатысты. Көрмеде ХIХ ғасырдын бастап 1991 жылға дейін фотосуреттер бар. Іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушылар жобаның ұйымдастырушыларына алғыс пен тілектерін білдірді. Жылжымалы фотосуреттерді көретін келесі аймақ – Степногорск қаласы.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.