Home » Жаңалықтар » «Өлкетану: тәжірибе және дәстүрлер» дискуссиялық клубының 1-ші отырысы өткізілді…  

«Өлкетану: тәжірибе және дәстүрлер» дискуссиялық клубының 1-ші отырысы өткізілді…  

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» 2016 жылы облыстың өлкетанушыларын біріктіру бойынша  өлкетанушылық форум ұйымдастырып, өткізумен бастағалған ісін жалғастырды.  2017 жылдың 21 маусымында өңірдің атақты өлкетанушылары, ғалымдары, мәдениет және білім басқармаларының басшылары, облыстың аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттер меңгерушілері, Қостанай облысының барлық аймақтарының  педагогтары қатысумен «Өлкетану: тәжірибе және дәстүрлер» дискуссиялық клубының 1-ші отырысы кең форматта өткізілді.
Ұйымдастырушылық кезеңі барысында келесілер ұсынылды:
— дискуссиялық клубының құрамы,
— дискуссиялық клубының ережесі,
— 2017 жылға арналған жұмыс жоспары.
Клубтің бірінші отырысына «Өлкетануды дамытудың өзекті мәселелері, «Туған-жер» — «Туған-ел» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өскелең ұрпақтың патриотизм сезімін қалыптастыру негіздері ретінде» атты мектептегі өлкетанумен байланысты тақырыбы ұсынылды. Қаншалықты мектептер осы жұмысқа дайын, қандай ресурстары бар, өлкетану пән ретінде қалай жүргізілуде немесе оқу жоспарының, оқудан тыс жұмысының вариативті бөлігінің компоненті болып табылады ма. Осы  барлық мәселелер, сондай-ақ мектепте өлкетану жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдарды әзірлеу талқылау тақырыбына айналды.
Сонымен қатар өз тәжірибесінде өзекті мәселелерді белгілеп, жұмыс тәжірибесімен бөліскен педагогтар:
— Кустаев Талгат Байгожанович — Қостанай қ. №15 ОМ тарих пәні мұғалімі;
— Мушкудиани Руслан  Исламович, Қостанай ауданы, Владимиров ОМ директоры, тарих пәні мұғалімі;
— Такенова Раиса Каршаловна, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі оқытушысы;
— Саржанова Нурзия Молдабаевна – Қостанай ауданы Заречный ОМ директорының орынбасары, география пәні мұғалімі;
— Артемова Елена Михайловна, Қостанай қаласы, М.Горький атындағы мектеп гимназияның тарих пәні мұғалімі.
Азимжанова Сауле Иркановна – Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының қосымша білім беру облыстық орталығының директоры, Қостанай облысының  «Рухани жаңғырту» республикалық бағдарламасының әкімшісі осы Бағдарламаның  негізгі концептуалды бағыттарын ұсынды және Жобаларды ұсынудың ерекшеліктерін түсіндірді.
Өзекті мәселелерін талқылауда облыстың белгілі ғалымдары мен өлкетанушылары: Стародуб Валерий Васильевич Бондаренко Юрий Яковлевич, Легкий Дмитрий Максимович, Терновой Иван Кондратьевич Өлкетану білімі жергілікті география, фольклор, мифологияны зерделеуді көздейді және онда үлкен ағартушылық жұмыс жүзеге асырылуы тиіс деген тұжырымға келді.

 

Г.А.Сапанова
«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы
ПҚ БАИ»мониторинг және талдау бөлімінің бастығы
Қостанай облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.