Home » Жас қалам » Өз елінің ерлері

Өз елінің ерлері

Батылдық пен ержүректік,

Ақылдық пен алғырлық.

Бар бойында мейрімділік,

Сәл қаталдық, жақсылық.

Өз елі үшін дайын болар,

Талай сын мен сыныққа.

Керек десең қарсы тұрар,

Сан мыңдаған қолға да.

Қырандары, ұландары,

Қазақ атты елімнің.

Сендерсіңдер қайсар рухты,

Алашымның ерлері.

Қазағымның қырандары,

Барша елдін жастары.

Қанаттарың талмасыншы,

Мәңгі биік самғашы.

Қорғаущысы, тірегісің,

Ата-мекен елімнің.

Үміт артар сендерге ел,

Ақтай білгін үмітін.

Абдикеров Нұржан

Рудный қаласы әкімдігінің

«№19 орта мектебі»КММ

 11«А» сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.