Абдикеров Нұржан
Рудный қаласы әкімдігінің
«№19 орта мектебі» КММ
11 «А» сынып оқушысы
Өз ауруын білмей жүрген,
Талай жан бар жалғанда.
Санасыздық, көрсоқырлық,
Деген дертке шалдыққан.
Ондай жандар бұл қоғамда,
Қаптап толып барады.
Ем табылар мекен шіркін,
Сол дертке шипа болатын.
Біздің қоғамда талай жандар әр түрлі аурулармен ауырады. Олардың көбі өз дерттерінің дауасын тауып жатады. Бүгін мен өз ауруын білмейтін, сезбейтін жандар туралы айтқалы отырмын. Олардың ауыратын дертінің дауасы да жоқ. Ол дерттің аты санасыздық.
Бұл ауру ма? Әлде жай ғана әдет пе? деуіңіз мүмкін. Бірақ мен бұл жазылмас дерт дер едім. Себебі, бұл аурудан арылу, не жазылу мүмкін емес. Бұл дерттің бар екендігін мен тек естіп едім, бірақ бүгін мен оны өз көзіммен көрдім.
Әдеттегіше мектептен келе жатып, алыстан бір топ жас балалардың бір жанды қоршап тұрғанын көрдім. Жақындап барып қарағанымда, әлгі адамға жанындағы балалардың оған қарап күле беретінін көрдім. Толыққанды мән жайды білмек болып тағы да жақындадым. Сонда ғана әлгі ортада тұрған адамның үстіне су шашылып, әлгі балалардан қол таяғын сұрап тұрғанын көрдім. Ол адам олардан сабырлы түрде өтініп сұрап тұр. Мен түсінбедім. Ересек, денесі ірілеу келген ер азамат. Ол неге бұл жас балаларға жалынып тұр. Жас балаларға жауап қайтаруға оның шамасы жетеді. Сәлден соң түсіндім. Ол зағип жан екен. Жаңағы балалар оның зағип екенін біліп, оны мазақ қылып, келемеждеп кемсітіп тұр екен. Дәл сол сәтте, бір жас қыз екі құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен келіп әлгілерді ұстап алды. Сол сәтте әлгі балалардың түрін көрсеңіздер ғой, бағанадан бері ыржалаңдап күліп, батырсынып тұрған балалар дем арада бейкүнә жандай мүләйімсіп, бастарын төмен салып тұра қалды. Бағанағы қыз тез арада таяқты алып жаңағы ер азаматтың қолына ұстатып, үстін сүртіп жатты. Ол әлгі ер азаматтың қарындасы екен. Жас балаларға, айналаға жиналған жандар ұрысып жатты. Оларды тергеуге алып кеткелі жатқанда, олар еңірей жылап әлгі адамнан кешірім сұрап тұрды. Олардың сөзін естіген ол жан екі құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне оларды кешіргенін айтып жіберуін өтінді. Мен ол жанның бұл қылығын түсінбедім. Содан соң әлгілерді толық жазаға тартпайтынын, тек ата-аналарын шақыртып, сөйлесетінін айтып, жас балаларды алып кетті. Барлығы тарап жатты. Мен ол жанға барып — «неге бұлай жасадыңыз, ертең олар тағы да біреуге тиіссе не істейсіз?» — дедім. Ол маған «Сенің кім екеніңді білмедім, себебі көзім көрмейді, бірақ саған айтарым кішірімді бол. Мен оларды жіберген себебім, әлі жас балалар ғой. Егер мен оларды абақтыға жапсам, олардың бар өмірін құртам ғой» — деді. Сол сөзді айтып кетіп қалды. Ал мен қатты ойланып қалдым. Ол адамды зағип деп айтуға мүлдем ауызым бармады. Себебі, ол болшақты көріп тұрды. Алда не болатынын біліп тұрды. Сондықтан оны зағип деп айтуға болмайды. Оны тағдыр қанша сынасада, ол сабырлы қалпында қала білді. Бұл тек мықтылардың қолынан келетін шығар. Бұл оқиғадағы нағыз көрсоқыр сол бұзақылар. Себебі, олар надандық, санасыздық деген ауруға шалдығып, өздерінің дерттерін білмейтіндей көрсоқырлыққа жеткен. Өкінішке орай, ондай жандар қоғамымызда бар. Әттең, сондай жандардың бұл дертіне, дауа табылар ма екен.