5-7 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек
22.09.2018 ж. Алматы қаласы Жетісу білім бөлімі және Отбасылық тәрбиелеу институты жоспарына сай «102 ЖББМ» КММ-де 5-7сынып ата-аналарына психологиялық- педагогикалық көмек беру мақсатында конференция ұйымдастырылды.
Конференцияны мектеп директоры Кержикеева Д.Р. ашып берді. ББЖ КБАРИ Білікті маманы Ыбышева А.С. конференция қонағы болды.
Мектеп психологы Базарғалиева Н.Ә. және ДТІЖО Ауэлбекова Г.У. көнференция жүргізді. Адам баласы-өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе оның балалық шағында және мектеп жасында да тіпті ауадай қажет деп айтса да болады. Бала бойындағы психологиялық ауыр өзгерістердің негізгі себебі бала тәрбиесінен хабары шамалы, бала психологиясын естіп көрмеген ата-аналарда кездеседі. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да, қызықты сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітуді қолданады. Ең бірінші психологиялық-педагогикалық көмектің бағдары- ата- аналарға бала тәрбиесінде білікті көмек көрсету, жасөспірімдердің жас ерекшелігіне байланысты дұрыс бағыт беру, ата-ананың жасөспіріммен қарым-қатынасын сауықтыру болып табылады.
Ата-ананың қайырымды да, төзімді тәрбиелерінің арқасында, баланың көңіл-күйі мен түйсік сезімдерінің қанағаттануы ғана емес, интеллектісінің де еркін дамуына мүмкіндік алады. Түсініскен ортада тәрбиеленген балаларда ғана аса төзімді де жігерлі психика қалыптасатыны белгілі. Шындап келгенде, адам тәрбиесінің қыр-сырынан қиын өнердің болуы мүмкін емес. Оның қажеттігін қабілеттеріне қарай емес, тыныстауына қажет ауадай міндетті түрде игеруің қажет.
Бүгінгі конференцияны қорыта отырып, ата-аналарға психологиялық- педагогикалық көмектің ауадай қажет екеніне көз жеткіздік.
Құрметті ата-аналар, сіздерді бүгінгі конференциядан көп нәрсе ұғынды деп ойлаймын. Алдағы уақытта да сіздер үнемі мектеппен және де мұғаліммен тығыз байланыста болады деген сенімдемін. Мектеппен байланыстарыңызды үзбеңіздер. Сіздерге біздердің көмегіміз шексіз.
Ауэлбекова Г.У.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары