Home » Ашық сабақтар » Өз баламызды қорғайық!

Өз баламызды қорғайық!

 

                                                                                            

 

 

 

 

Мақсаты: Жеке тұлғаның қалыптасуындағы отбасы мен мектептің тәрбиесін күшейтудің интеграциясы.
міндеттері:
– Жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерімен ата-аналарды таныстыру;
–Жасөспірімдердің ересектермен пайда болатын мәселелерді пайда болуын талқылау және шешу жолдарын белгілеу;
–Жасөспірімдердің кездейсоқ, агрессивті реакцияларынан пайда болған қақтығыстық жағдайларды шешуде ата-аналарға практикалық ұсыныс-кеңестер беру.
Өткізу формасы: прокуратура өкілдері, ИДН және денсаулық сақтау ұйымы өкілдерін шақыру арқалы диалогтік алаң.
Дайындық жұмысы:

  1. «Ата-анаға хат» оқушылармен алдын-ала жазғызылады Қосымша 1). Жиналыс өтетін зал немесе сыныпты хаттармен безендіруге болады.
  2. Мектепішілік науқан (акция) біздің қауіпсіз планетамыз «мектеп атауы» (Қосымша 2)

Жиналыстың өтілуі.
Психолог: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, әріптестер! Бүгін біз сіздерді маңызды мәселені талқылау үшін шақырдық, яғни жалпы қоғамның және де біздің балаларымыздың эмоционалды жайлылығы жайлы сөз қозғамақпыз. Бастамас бұрын экранға назар аударуыңызды сұраймыз. (бейнероликті тамашалауыңызды өтінеміз)Бейнеролик «Таңқаламыз, неліктен балалар қатыгез болып өседі»
Психолог: Неліктен балаларымыз қатыгез болып өседі? Бейқам? Жауапкершілікті мойнына алғылары келмейді?
– Қалай ойлайсыз, не себепті бұл мәселе қоғамда өзекті болып келеді, басқа да мемлекеттерде де орын алуда?
Балалар конфликттік жағдайларды шеше алмайды, алғашқы сәтсіз махаббат, соның кесірінен азап шегу, қоғамда өзіндік бекітілуі, балалардың отбасылық конфликтілерді бастан кешуі… Ата-аналар өз мәселелерінен босамайды, ақша табумен… Сіздердің әрбіреулеріңіз келісетін шығарсыз, бұл жағдайлар қазір қоғамда орын алуда. Бұл мәселе біздерге мамандарға, мұғалімдерге, ата-аналарға тура қатысты.
– Ал Тәрбие деген не? Тәрбие сөзімен қандай ассоциация пайда болады? (ата-аналар жауабы)
Психолог: Сіздің балаңызға көп мөлшерде не әсер етеді? (мектеп, отбасы, қоғам)? Бұл сұраққа жауап беру үшін жауапкершілік шеңберін толтыруды ұсынамыз.
Нұсқаулық: «Сіздің балаңыздың сәттілігі осы шеңбердің 100 пайызын құрайды деп елестетіп көріңіз. Бұл сәттілік көп факторларға тәуелді: мектептің жұмысынан, баланың өзінен, жағдайлардан, ата-аналар факторы… «Балаларымыздың сәтті өміріне кім қаншалықты әсер етуіне байланысты осы шеңберді бөліктерге бөлуіңізді сұраймыз».
Жаттығу «Жауапкершілік шеңбері» (Қосымша 3)
Залмен жұмыс, ата-аналар жауаптарын талдау.
– Отбасы –баланың тұлға болып қалыптасуына әсер ететін маңызды фактор «Балалар – бұл біздің кәрілік. Дұрыс тәрбие – бұл біздің бақытты кәрілік, нашар тәрбие – бұл біздің болашақ қайғымыз, бұл біздің басқалардың алдында, бүкіл әлем алдындағы кінәміз, деп әйгілі педагог А.С.Макаренко айтқан екен.
Социологиялық мәліметтерге сүйенетін болсақ, балаға ең бірінші орында отбасы әсер– 50%, кейін БАҚ – 30%, мектеп – 10%, көше –10%.
– Ия, шынымен де отбасы мен мектеп бір өзеннің екі жағасы. Жағада бала өзінің алғашқы қадамдарын жасайды, өмірдің бірінші сабақтарын алады, бірақ мектеп жағасы мен отбасы жағасының арасында қоғам өзені ағады. «Қоғам» өзені баланы дұрыс немесе бұрыс жаққа бағыттауы мүмкін, ал қай жаққа екенін бағыттау ол біздің ересектердің қолында.
Психолог: Баланы тәрбиелеуде нені ескеруіміз қажет? Біріншіден, өзіміздің ата-аналық ұстанымдар. Экранға назар салыңыз.
Бейнеролик «Бала тәрбиелеудегі қателіктер»
– Балалар өсе келе жыныстық тәрбие және ерте жүктілік мәселелері өзекті болып келеді. 2016 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасының балалар туралы жыл сайынғы баяндаманың статистикалық мәліметтерімен таныстыруға рұқсат етіңіз. Биылғы жылы бұл баяндама ҚР Тәуелсіздігіне орайласқан. Баяндаманың мақсаты мемлекет басшысын Қазақстандағы балалар құқығы туралы және оларды жақсартудың бағыттары туралы ақпараттандыру.
– Балаларды тәрбиелеуде маңызды факторлардың бірі біздің құқықтық сауаттылығымыз. Құқықтық сауаттылық жайында біз прокуратура өкіліне сөз береміз. (немесе инспектор, әлеуметтік ұстаз).
Прокуратура өкіліне сөз.
– Өскелең ұрпаққа Әлеуметтік желінің әсері туралы еске алсақ, артық болмайды деп ойлаймыз.
Бейнеролик «Әлеуметтік торда алданғандар»
– Баламен әртүрлі сұрақтарды талқылау маңызды ғана емес, сонымен қатар қажетті ақпаратты дұрыс жеткізе білу керек. Әңгімемізді жалғастыру үшін, жаттығу орындайық.
Жаттығу «Бұлақ»
Материалдар: фразалар мен сөздер жазылған карточкалар (Қосымша 4).
Қатысушылар екі қатарға бөлініп бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бір қатарға психолог балаға риза болғанда жағымды сөздер (фразалар) таратылады, екінші қатарға балаға көңілі толмағанда жағымсыз сөздері бар карточкалар таратылады.
Психолог нұсқаулық береді: «Қазір мен орталарынан көзі жұмылған бір адамды өткіземін. Қозғалыс кезінде сіздер карточкада жазылған сөздерді оның құлағына сыбырлайсыз, бір уақытта оң және сол құлаққа айтылады».

Жағымды (позитивті) сөздерЖағымсыз (негативті) сөздер
Сен ең ақылдысың (әдемісің т.с.с.).
Сенің болғанын қандай жақсы!
Жарайсың!Мен сені жақсы көремін!
Қалай жақсы жасағансың, маған үйретші!
Рахмет саған, менің алғысым шексіз!
Егер сен болмасаң, менің қолымнан келмейді екен!
Мен саған сан рет айттым, …

Неше рет қайталауға болады…
нені ойлап жүрсің…

Есіңде сақтау соншалықты қиын ба…
сенің қолыңнан түк келмейді…
Сен де дәл солар сияқты…
Жетер, менің уақытым жоқ…
Неге Аман (Айнұр, Самал и т. д.) сондай, ал сен – жоқ…

Психолог әрбірін коридордан өткізеді. «Жақсы» қатарда тұрған адам өткеннен кейін «жаман» қатарға тұрады және керісінше. Бұл қатысушыларға мақтаушы және ұрсушы рөлінде болуға мүмкіндік береді.
Талқылау жүргізіледі:

  • Жаттығу барысында қандай сезімде болдыңыз?
  • Қандай сөздер, фразалар алаңдаушылық тудырды?
  • «жақсы» және «жаман» сөздерді қалай қабылдадыңыз?
  • Сіздің ойларыңыз бен қобалжуларыңыз балаңызбен қатынасқа қалай әсер етеді?

ОПНД өкіліне сөзі.

– Құрметті ата-аналар, біз облысымыздағы суицидтің және суицидтік әрекеттің төмендеуі жайлы айта аламыз. Бұл біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі, бірлесіп балаларымызға қиын жағдайда көмектесудің әсері, жай ғана олардың есею кезінде жаңында табылғанымызда деп ойлаймын!

– Құрметті ата-аналар, баланы тәрбиелеуде сізге үлкен жауапкершілік артылады. Балаңызды тәрбиелеу тек оның жаңында болғанда емес, сіз тіпті оның қасында болмасаңызда әр күн сайын тәрбиелейсіз!
Отбасы мен Мектеп Бірлігі заңы бекітілгенде, тәрбиенің нәтижесі болады.
МАХАББАТ+ СЕНІМ + ТҮСІНІСТІК + ҚОЛДАУ

Егер де біз Ата-аналар мен Мектеп бір өзеннің екі жағасы екенін ұмытпасақ, онда біздің қолымыздан көп нәрсе келеді, көптеген жетістіктерге жетеміз.

Бейнеролик «ата-аналарға хат».

Жиналыстың рефлексиясын өткізу

– Бүгінгі талқылағандарымыз, сіздің отбасыңыздағы өзара қарым-қатынасты күшейтуге көмектеседі деген ойдамыз.
Ата-аналар, есте сақтаңыздар: «Жақсы көру-бұл материалдық махаббат беру емес. Жақсы көру – бұл балаға өз жолымен жүруге мүмкіндік беру, қате жол болса да мүмкіндік беріңіз, оған жазылған жолы бар. Жақсы көретін ата-ана жолдың шетімен жүреді, дер кезінде бала шалынса қол ұшын беруге дайын тұрады. «Біреу үшін екі рет өмір сүруге болмайды. Әр адамның өз өмірі, баланың да өз өмірі бар » Бақытты болыңыздар! Өз балаларыңызды қорғаңыздар!

Каршалова А.С.
С.Шаймерденов атындағы
қалалық классикалық гимназия
педагог-психологі,
Петропавл қаласы, СҚО

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.