Сырттай қарасаң адамдардың бәрі бірдей ұқсас біркелкі сияқты. Араласа келе адамдар бір-бірінен соншалықты алыс тіпті әркелкі екенін сезіне түсінеміз. Өмірде сәл қиындық көре қалсақ түңіліп тыныш жаққа кетіп қалуды ойлаймыз. Мысалы көп адамдардың бойында тыныштық жоқ. Қазіргі таңда адамдар түкке тұрғысыз болмымсыз дүниеге бола көп ойланып бас қатырып жатады. Оның өзі де адам бойындағы тыныштықтың бұзылуына себеп болады. Ал адам бойында тыныштықтың орнауы өзіне деген сенім, адалдық, адамгершілік рухы биік болуында. Кез келген адам өзінің ішкі дауысын ести алады. Ішкі дауыс барлық адамда болары анық. Менің ойымша әр бір адам өзін-өзі бағалауы жоғары болуы керек. Іштей рухани ойлау дәрежесі биік, ар ожданы мол, іскер, өзін-өзі ұстау дәрежесі жоғары қалыптасқанда ғана көптеген жетістікке қол жеткіземіз.
Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол – халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, тілінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ілім, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтары жүйесін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен ықпалдастыруға бағытталған. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі – ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды механизмі, өмірдің мәні мен өнегесі, тарихпен, ана тілімен, философиямен, әдебиетпен, дәстүрмен, психологиямен ұштасқан ұлттық-рухани білім мазмұны мен түрі. «Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ» дейтін болсақ, ұлттық рухани мұралар – ұрпақтың рухани-адамгершілік азығын жетілдіретін негізгі өзегі болмақ.
Рухани байлыққа апаратын жолдың бірі – білім, екіншісі – сол білімді пайдаға асыру. Адам алғаш білімнің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын жақсы жағынан өзгертуге әрекет жасайды. Өйткені рухани жетілудің шыңына көтерілген адам өмірдің мәні мен мағынасын жай ғана түсініп қоймай, жер бетінде ізгілік орнатуға күш салады. Қандай да болсын адамдықты, адамгершілікті бетке ұстаған қоғамның мақсаты – әр адамды рухани байлық деңгейіне жеткізу.
Ұстаз бен шәкірт бір-бірін ұғыну, түсіну арқылы қарым- қатынас тығыз байланысады. Тақырып аясында берілетін сан түрлі сапа, адами ізгі қасиет, үлгі-өнеге, айналаға деген ыстық ықылас пен өмірге деген іңкәр сезім өмірлік құндылықтарды баланың зердесіне жеткізетін әрине, ұстаз. Олай болса, өмір ғажап дәрістерге толы бұл пәнен сабақ беретін ұстазға қойылатын талап та ерекше. «Мұғалім өзінің білімділігі мен жүріс-тұрысымен жайдары мінезімен, тіпті сырт пішінімен, киген киімімен де оқушысына жақсы мағанада қатты әсер етеді»,-деп Мәлік Ғабдуллин айтқандай пән мұғалімінен баланың жүрегіне жол тауып, олардың көңіліне адамгершілік рухын себе білу шеберлігі талап етіледі. «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімнің мінезі ашық-жарқын, айналасына тартымды, этика-эстетикалық сапасы жоғары, шығармашылық, әрекетке жұмылдыра алатын адам болуы тиіс. Өзін-өзі тану мұғалімі әрбір оқушының ерекшелігін, даралығын ескере отырып, балалардың қоршаған ортаға деген махаббатын ұғындыруы тиіс. Ұстаз шәкіртке мейіріммен қарап, басын сипап, балаға деген махаббатын жиі білдіріп тұрса, онда ұстаз берген білім, адамгершілік қасиет, тәрбие бәрі санасында сайрап тұрары хақ. Шәкірт деген – ұстаздың айнасы. Айнаға қалай қарасаң, солай көрінеді.
«Өзін-өзі тану» сабағы адамның қиялына қанат бітіретін, салауатты өмір салтын, адами қасиеттерді бастайтын игіліктердің жиынтығы. Тақырып аясында берілетін сан түрлі сапа, адами ізгі қасиет, үлгі-өнеге, айналаға деген ыстық ықылас пен өмірге деген іңкәр сезім өмірлік құндылықтарды баланың зердесіне жеткізетіне әрине, ұстаз. Олай болса, өмір оқулығындай ғажап дәрістерге толы бұл пәнен сабақ беретін ұстазға қойылар талап та ерекше. Адамгершілік тәрбиенің адам бойында болуы жанұяға жағымды, бала шағамызға оң бағыт беруге, теріс қылықты тез жөндеп жіберуге мүмкіндік мол. Қазіргі таңда әр бір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін дамытып қалыптастыруға аса мән беріліп отырылғаны белгілі. Әсіресе баланың жеке басының қасиетін дамытуға барынша көңіл бөлінуде. Елдің туын көтеріп тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда азаматтық құндылықтарды, ғасырлар бойы армандаған мәдени – рухани мұрағаттары мен тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндедіміз. Мен қазіргі сәтте өзін-өзі тану пәнінен сабақ жүргіземін. Бұл пәнге деген қызығушылығым ерекше. Себебі кейбір қиын әрекеттерден күйзелістерге ұшырамай батыл шығудың жолын табуға жетелейді. Балаларға шабыт беруге бірнеше баланың жүрегіне мейірім мен адамгершілік ұялатуыма септігін тигізіп бала жүрегіне сәуле тиуге ықпалы тиген ұстаз болып ұялауыма мүмкіндік берді. Мені мазалайтын кейбір жайттарға жол табуыма көмектесетіндігін айтып өткім келеді. Менің түсінгенім өмірде адам бірінші өзін тану. Егер адам өзін жақсы қасиеттерге бой түзесе, өмірге деген сүйіспеншілігің артып, көзқарасы да өзгереді. Адамдармен жақсы тіл табысып, сүйіспеншілікпен алдыңа жақсы жоспарлар құра аласың. Жақсыны көруге жақсылық жасауға құштар болары анық. Сүйіспеншілік пен мейірімділік келер ұрпаққа ана мен әкенің берген тәлім тәрбиесінен, ұстаздың бүкпесіз берген білімінен.
Рухани-адамгершілік білім беру еліміздің ертеңгі болашағы, яғни қазіргі жас ұрпаққа жол сілтеуші міндетін атқару тиіс. Осындай күрделіде жауапты міндет жүктелген ұстаздар мен баланның ара қатынасында ешқандай кедергі болмауы керек. Олардың өзара түсіністігі, сыйластығы,көздеген мақсатқа жетудің бірі болмақ. Ұстаз кейде, шәкірттеріме дұрыс бағдар беріп жатырмын ба? Олардың жан дүниесін ұғына аламын ба?,-деп өзіне осылай есеп беріп тұрса шәкірттің ұстазға деген сенімі берік болар еді. Эмиль Золяның «Қабілет болмаса, өнерші болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең, қабілетің түкке де жарамайды» деген сөзі мені қанаттандырды.
Өзін-өзі тану пәнінің қыр-сырын байқап, әдіс-тәсілдерін әлі де меңгеріп, үйреніп жүрімін. Әлемді өзгерте алмаймын, бірақ титтей болса да балалардың бойына жақсылық нәрін тамызғым келеді. Ұрпақтың қабілеттерін жан-жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын, айқындағым келеді. Ұстаздан берілетін білім, тәрбиені дұрыс әрі сапалы берілмесе, оқушының ұстазға деген көзқарасы төмендей түседі. Ал өзін-өзі тану пәні ата салтымыздан қалған қанатты сөздер, ойындар арқылы балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретуді көздейді. Бала деген – қаймағы бұзылмаған сүт, мөлдір лайланбаған су, тап-таза ақ парақ, жып-жылтыр айна демекші, өзін-өзі тану пәні осы тазалықты баланың бойында сақтап қалуға көмектеседі. Осы жақсы қасиеттерді баланың бойына дарытатын адам ол – ұстаз.
Ұстаз адамгершілік пен руханилықтың нұрын төгетін, адамдардың өмірге көзқарсын, бір- біріне деген сый-құрмет сезімін қалыптастыратын адам.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманының орындалуы, келесі біреулер үшін жаңалыққа талпыныс. Біздің мектепте өзін-өзі тану сабағы жабдықталған жайлы кабинетте өтеді, қоңырау үнімен, күлкімен, күлімдеп келген оқушыларды көрген сәтте мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі болғаныма мақтанамын. Сабақ барысында оқушылар маған бар армандарымен, сырларымен мақсаттарымен бөліседі.
Өзін- өзі тану сабағы басқа, сабақтарға қарағанда балаларға бір қадам жақын екенімді сеземін. Сабақта оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылмай айта алады, тіл байлығы артып келеді. Сабақта «Таным тағылымы» атты аңыз-әңгімедегі данышпаның шәкірттеріне айтқаны: «Көп затты танып білу үшін қиындықтарды жеңе білу керек, шыңға өрлеп, биік асудан өтіп үйрену қажет» демекші балаларға алдарында болатын қиындықтарды жеңе білуге, еш мұңаймауға, өмір тек қана ақтан ғана емес, қара жолақтардан тұратынын оқушыға шынайы мысалдар арқылы жеткізу – өзін-өзі тану пәнінің мақсаты деп есептеймін. Баламен рухани әлемге сұңғисың. Рухани әлемі неғұрлым кең болса, онда менің мақсаттарымның орындалғаны.
Ұстаздан бір мейірім аңсап тұрады ғой, жалпы оқушы. Мейіріммен елжіреп қарасан олда саған бір шексіз махаббат пен қарайды. Өзін- өзі тану пәніңде оқушылар әр түрлі жағдайлар мен мән мағынасы бар дәйек сөздері мен танысады. Ғұламалардың құнды сөздерін оқу отырып ой түйеді, адами қасиеттерге назар аударады. Шәкірт мұғалімнің бергенің дұрыс өмір жолында бағыттай алса, ұстаздың мақсаттарының орындалғаны. Мен шәкірттеріме махабаттым мен қоса тәрбиемді, адамгершілік қасиеттерді, мейірімділікті беруге тырысам. Армандарының асқақ екеніне, мақсаттарының айқын екеніне кейде көзім сөзсіз жетеді.
Ұстаз бен шәкіт арасындағы қарым-қатынас түзу болса, онда берілген білімнің зая кетпесі анық. Мейірімге толы сабақтта, мейірімге толы құшақ арқылы жылулықты бере аламыз. Әрқашан шәкірттеріме дұрыс бағытты беруге тырысамын. Сонда ғана қатыгесіз, мейірімсіз қоғам пайда болмайды. Өйткені ұстаздан мейірімге толы құшақ пен шексіз махаббат бәріне қорған болары анық.
Исакова Нурипа
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы,
№ 74 негізгі орта мектептің директоры