«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының деңгейлік бағдарламалар орталығы 2017 жылдың 17 мамырында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы аясында интеграциялау әдістемесі» тақырыбында облыстық он-лайн семинар өткізді.
Педагогтардың кәсіби қызметінде «Өзін-өзі тану» пәні мен ғылыми-жаратылыстану пәндерінің интеграциясының нәтижесін дәріптеу және тарату мақсатында ұйымдастырылған бұл семинарға республикалық деңгейде сертификатталған 22 өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің жұмыстары қабылданды. Үздік деп танылған Мұнайлы ауданының №11 орта мектебінің мұғалімі Дәметкен Ибадуллақызы Базарбай, №12 орта мектептің мұғалімі Жазира Тайманқызы Якубова, Ақтау қаласының №21 орта мектебінің мұғалімі Әсем Рахымжанқызы Бимурзаева, Жаңаөзен қаласындағы №4 орта мектептің мұғалімі Шынаргүл Айтенқызы Жолдыбаева, №8 орта мектептің мұғалімі Қамажай Таджибайқызы Тұрғанбаева, Қарақия ауданының №1 орта мектебінің мұғалімі Гүлайым Нұржаубайқызы Атшибаева өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған география, геометрия, химия, биология сабақтарының презентациялары арқылы, облыстың өзін-өзі тану мұғалімдерімен он-лайн режимінде өзекті тақырыпта өз тәжірибелерімен бөлісті. Он-лайн семинарға ДБО жетекшісі Дамеш Тлекбайқызы Матенова, ДБО тренері Қибат Шайхатқызы Бахтиярова, «Өзін-өзі» тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы тренерлері — Рысгүл Жұмажанқызы Нұрова, Ботагоз Мұхамбетқызы Қараева және Мұнайлы аудандық білім үйлестіру орталығы, Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығы мамандары, Ақтау қаласынан-5, Жаңаөзен қаласынан-5, Бейнеу ауданынан-1, Қарақия ауданынан-2, Мұнайлы ауданынан-7, Түпқараған ауданынан-2 өзін-өзі тану мұғалімдері қатысты. Семинар қорытындысында пікір алмасу ұйымдастырылып, семинарға қатысқан мұғалімдер сертификаттармен, озат ұстаздар алғыс хаттармен марапатталды.
Семинар арқылы рухани-адамгершілік білім беру мәнін және өзектілігін түсіндіруге, заманауи оқытуда Бағдарламаның концептуалды түйінді идеяларын тәжірибеде табысты жүзеге асыруды қамтамасыз етуге, «Өзін-өзі тану» пәнін ғылыми-жаратылыстану пәндерімен интеграциялауда педагогтардың озат тәжірибелерін анықтауға және таратуға, «Өзін-өзі тану» пәнін ғылыми-жаратылыстану пәндерімен интеграциялаудың нәтижесінің педагогикалық тәжірибесінің базасын құруға қадам жасалды. Семинар материалдары электронды жинақ түрінде шығарылды.
Рысгүл Жұмажанқызы Нұрова
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ
Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ
Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері