Өзіңді танығаның — өзгені танығаның
«Руханияттың кәусар бастауына апаратын жолды іздеу — бүгінгі таңда өмір сүріп келе жатқан адамдардың әрқайсысының және баршамыздың басты міндетіміз екеніне сенемін, тіпті егер қаласаңыз, оны адам туралы білімдер көмбесіне апаратын жол деп те атауға болады» «Бөбек» балалар қорының президенті С.Назарбаева қоғамымызға рухани байлығымен мол пайда келтіретін, халқының қамын ойлайтын, мемлекетіміздің болашағына өзіндік үлесін қоса алатын жас жеткіншектерді қалыптастыру Қазақстан Республикасының жастарды тәрбиелеуде алға қойған негізгі мақсаттарының ең бастысы. Оны жүзеге асыру үшін республикамыздың білім беру мекемелерінде «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім жобасы эксперименттік пән ретінде жүргізілуде.
Адам баласының дүние есігін ашысымен жан -жағындағы заттар мен тіршілік иелерін танып білуге құмартатыны-табиғи құбылыс.Ендеше, сәбилік кезінен балалардың ата- аналарына, туған- туыстарына, үлкендерге қоятын сан түрлі сұрақтарына анықтап, нақтылап, дәлелдеп, тиянақты жауап беруге, олардың танымдық сұраныстарын қанағаттандыруға, тәрбие беруге — осы «Өзін-өзі тану» пәні көмектеседі. Жас ұрпақты болашақ адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін оларды ең алдымен өзін және басқа адамдарды қадірлей, сыйлай білуге үйреткен жөн. Мәдениеттіліктің басты белгісі жанашырлық, тілектестік, мейірімділік, сыпайылық, кішіпейілділік, адамдарды құрметтеу, олардың айтқанына көңіл бөлу, тыңдай білу екендігін жан дүниесіне сіңіру абзал. Өзін- өзі тану пәні мемлекетіміздің ертеңгі азаматтары болатын, бүгінгі жас жеткіншектерге рухани адамгершілік тұрғыдан бағыт бағдар беру міндетін атқарады.Осындай жауапты да күрделі міндет жүктелген «Өзін- өз тануі» пәнінің мұғалімдері мен балалар арасында өзара түсіністік, сыйластық, бір біріне деген құрметті бірінші кезекте тұруы, яғни өзара дос- құрбыларша, дәрежесі, құқығы тең адамдарша тілдесулері де жақсы нәтижеге жеткізеді. Сабақ барысында студенттер еркін отырады, бір бірімен еркін пікір алмасып, өз ойларын білдіріп, бірін бірін тыңдауға үйренеді. Өзім қызмет ететін Жаңақорған аграрлы — техникалық колледжінде өзін өзі тану пәні аясында түрлі тақырыптағы ашық сабақтар, дөңгелек столдар, түрлі іс-шаралар өткізіліп отырады. Әр өткен іс- шараның студенттерге берері мол десем артық айтпағаным болар. Себебі, тақырыбымыз адами құндылықтарға байланысты болғандықтан студенттер өзін өзі тану сабағынан адамгершілік, адами қасиеттерді бойына сіңіреді. Міне, сондықтан болар осы пәнге келгенде студенттеріміз барынша еркін, пікірлерін ашық, ойларын нақты жеткізіп отырады
Еліміздің түкпір-түкпірінде өзін-өзі тану пәні іске асырылып, жеке тұлғаның «Менін» тануға көмектесуде. Студенттер бұл пәнді сүйіп оқиды десем қате айтпағаным болар еді. Әрбір білім алушы осы пәнге қатысқанда өздерінің рухани демалатындықтарын, жан-дүниелерінің кеңейіп, жүрекеріне мейірім ұялағанын айтып жеткізеді. Себебі, әрбір жаңа тақырып білім алушыны өмірге деген қызығушылыққа, белсенділікке әкеледі.Өмірде, тұрмыста, тіршілікте болып жатқан келеңсіз, жағымсыз жағдайлардың барлығына төтеп беретіндей, өз өмірлерін жарқын болашақтың бастауындай көреді. Біздің мақсатымыз осы бастаманы аяқсыз қалдырмай, рухани байлықты жітілдіріп отыру. Жалпы бұл пән ойды бүкпесіз, іштегі сырды, пікірді, сезімді ешкімнің кедергісінсіз айтып жеткізу пәні болып есептеледі. Сондықтан жасөспірім, өскелең ұрпаққа бұл пәннің берері мол демекпін. Өзін- өзі тану пәнін оқи отырып, өз-өзімізге баға берейік құрметті ұстаздар қауымы! Бұдан шығатын қорытынды болашақ ұрпағымыздың өзіндік пікірі бар, ойы бар адам етіп қалыптастыру болмақ.
Байгабылова Гулайна,
«Өзін өзі тану» пәнінің мұғалімі