Home » Жаңалықтар » «Өзін – өзі тану» пәнін оқыту арқылы  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

«Өзін – өзі тану» пәнін оқыту арқылы  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

  Өзін — өзі тану-   рухани өркендеудің түп тамыры, жеке адамгершілік                                                             құндылықтардың негізі                                                                                                             Сара Алпысқызы

 

Қарағанды облысы Жезқазған қаласындағы  №13 жалпы білім беретін  орта мектебінде  өзін-өзі тану пәнінен оқушылардың шығармашылығын арттыру мақсатында жүйелі түрде бір қатар іс-шаралар мен ашық сабақтар өткізіліп келеді.

Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмы­сы жайлы ой толғап, рухани адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.«Өзін-өзі тану» оқушыны өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі  жетілдіруге,қоғамда және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарын  анықтауына,өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.

Қазіргі заман  жаңа технологиялар дәуірі, жаңа үрдіс, жаңа түсінік пен мінез – құлықтың  заманы. Заманына сай мұғалім  де, жаңашыл, жан – жақты ұшқыр ойлы  оқушымен жұмыс жасауға ерік – жігері, қабілеті бар болуы қажет. Әрбір мұғалім оқушының ішкі жан дүниесін жазбай танитын сарапшы, олардың мүмкіндіктерін байқайтын психолог, жақсы іс- әрекетке бағыттайтын әдіскер болып табылады. «Өзін – өзі тану» пәнінің ерекшелігі оқушы бойына ізгілік пен адамгершілік шуағын шашу, балалар өмірді  танып үйренумен қатар, олардың ойларын тыңдай келе, олардың адами ақиқатты ұғына алатындығына сенімдіміз. Ең бастысы олардың тіпті ең кішкентайларының өзі де сөзіне және істеріне жауаптылық сезімдеріне ие. Бұған куә өзім өткізген «Туған жер ғажаптары», «Табиғат сиы», «Мейірімділік асыл қасиет» атты сабақтарым барысында оқушылардың ойлау қабілеттерімен дүниетанымдылық  қызығушылықтары басым екенін байқадым.  «Табиғат сиы» тақырыбында шағын эссе жазып ерекше қырымен танылған шәкіртім Дәулетбек Аягөздің ойлау деңгейі ерекше екенін аңғардым.Сабақ барысында «Иә, жоқ, өз түсінігінді дәлелде» секілді  тіркестерді қолдану барысында, балалар өз ойларын өмірмен байланыстырып, дәлелдеуге талпынып жатады. Бұл оқушыларымыздың тереңнен ойлау мүмкіндіктері зор деген сөз.

Өзін-өзі тану бастауыш буында оқитын жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуда, оның бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда ең маңызды орын алады, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, баланың зердесі мен шығармашылығын дамытудың арнасы.

«Өзін-өзі тану» пәні сабағында көзделген мақсат әрбір баланың өз бойындағы шығармашылық әлеуетін тани түсу және аша білуге, өзінің эмоциялық көңіл күйі мен мінез-құлық мотивтерін ұғына білуге, бағалай білуге мүмкіндік туғызу. Мұғалім балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынасқа түсе отырып баланы өзі туралы айтуға, баға бере білуге, өзінің сезімін, мінез-құлқын, әдет дағдысын бақылай және басқара білуге, сонымен бірге жанындағы адамдарды табиғи болмысымен қабылдау, ізгі ниет, ықылас таныта білуге үйретуді көздейді.Осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себуге болады. Өзін — өзі  тану  сабағында  мен  көбіне   балаларға тақырыпқа байланысты  шығармашылық жұмыстар жүргіземін.Балалар 5 – 10 минут ішінде  әке, достық,ұстаз,туған жер, әр түрлі  тақырыптарында  өлеңдер немесе шағын әңгімелер  жазып  береді.Тапсырма берген кезде кейбір  оқушылар «Мен өмірімде  өлең шығарып  көрген емеспін!», «Мен  өлең жаза  алмайтын  шығармын», «Менің өлең жазуым  мүмкін  емес!» деген  сияқты  пікірлер  айтып  жатады.Осындай  пікірлерін  айтып   отырған  оқушыларға  мен мынадай тапсырмалар  берем

— Бүгінгі  өтілген   тақырып  бойынша  алған   әсеріңді  өлеңмен  немесе  қара сөзбен жазып, оған    тақырып  тауып  қой. Сабақ  барысында  оқылған  өлеңнің  немесе  шығарманың  мәтінінің  мазмұнын   сақтап, сөздерін  өзгертіп  жазып  көр.Кейде   белгілі  бір тақырыпқа  байланысты  тірек  сөздерді  беріп, соларды  қатыстыра  отырып  өз  туындыларын жазуын   сұраймын.Шығармашылық  жұмысқа  берілген  уақыт аяқталған  соң, «жаза  алмаймын» деп отырған  оқушы  өзі  жазған шығарманы  оқып  таң  қалып жатады. Мәселен, осындай  тапсырмалар кезінде  4 «ғ» сыныпта өзін — өзі тану сабағында   «Шығармашылық –жетістік бастауы» осы бастау арқылы  біз өз өмірімізге жол ашып бүгінгі сабақта  өз бойымыздағы  дарындылықты ашып өлең  шығарып көрейік  деген  кезде    балаларға    сабақтың  тақырыбына орайластырып  шығарма,өлең  жазуды  тапсырып, арнайы  мынадай   тірек  сөздер  беремін.

Мысалы; дос, адалдық, мейірімділік

«Достық» тақырыбында жазылған шағын әңгімеде Төлеутай Диас, Жағалбай Еламан, Асхат Төлжанның айырылмас дос екенін аңғардық.Бір қызығы осы аталған үш оқушы да бірдей тақырып тандаған үшеуі де әңгімелерінің  мазмұнында бір –бірімен дос екенін баяндаған. «Туған жер»тақырыбына  арналған тірек сөздер: Кеңді Жезқазған, мұнайлы өлке, әлем, киелі,  туған  өлке, т.б . Осындай  тапсырманы орындаған  оқушының   бірі  Жаңбырбай Жанеркенің «Кеңді Жезқазған»  атты  өлеңі:

Мұнайлы  өлке Кеңді Жезқазған,
Атқылап  жатқан мұнайды.
Әр елдер  келіп  қызықтап,
Мақтайды  біздің  Жезқазғанды,
Қарышта, дамы, асқақтап,
Әлемге атың  жайылсын,
Жүремін  сені  сан   мақтап,
Ыстықсың  маған әрдайым Жезқазғаным.

Оқушылардың  шығармашылығын шыңдаудағы  тағы бір  әдіс – сабақ  тақырыбына сай   шығармаларды  оқып  беріп, соның мазмұнын  сақтай отырып, өз  сөздерімен  жазғызу. Мысалы: «Туған  тілім» тақырыбында  өткен сабақта Қадыр Мырза Әлінің «Ана  тілім» өлеңін  оқыдым. Оны  Бауыржанқызы Толғанай  былайша өз  сөзін  қолдану  арқылы  мазмұнын  сақтай  білді.

Ана  тілің – арың  бұл,

Ұятың боп  тұр  бетте

Өзге  тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді   құрметте

Оқушы жұмысы:

Ана тілің – асылың

Ар – ұжданың – бұл сенің

Барлық  тілді меңгеріп,

Қазақ  тілін қастерле.

Осы  сияқты  тапсырмалар  негізінді  көптеген  оқушылар  өз сезімінің әсерінен  туған  шығармаларын  көркем  тілмен   жеткізуге  тырысып  жатады.

  • Кейбіреулері  ойындағысын  өлеңмен  жеткізуге  бейімделеді.
  • Ойын  еркін  жеткізуге тырысады.
  • Оқушылардың  түрлі  қиял  ұшқырлығы  дамиды.

Үнемі  осылайша  жұмыстанатын  шәкірттердің  ойы   терең, қиялы ұшқыр,  яғни  шығармашыл  тұлға  болып қалыптасары  сөзсіз.

Олай болса, мұғалімдердің  кәсіби  еңбегінде  шығармашылық  әрекеттің   орны  ерекше  маңызға  ие.

Әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, оның шетсіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін, тілін, отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелеп шығарымыз сөзсіз.

 

Сәуле УТЕГЕНОВА,
«№13 ЖОББМ»КММ
бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.