Home » Мақалалар » «Өзін-өзі тану» пәнінің өзге салалармен ықпалдасуы

«Өзін-өзі тану» пәнінің өзге салалармен ықпалдасуы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымында «Өзін-өзі тану» пәнінің өзге салалармен ықпалдасуы

«Білім – ержүрек адамның тәжісі мен даналықтың алтын алқасы» дегенді халқымыз тегін айтпаса керек. Тәрбиеліктің нәрі мектеп табалдырығын әлі аттамаған сәбиге ананың сүтінен және тәлім-тәрбие беретін орны балабақшадан басталады.Жалпы балабақшадағы тәрбие барлық тәрбиенің бастауы аталуы ерекше.Бүгінгі таңда Тәуелсіз елімізде әлемдік талаптар кеңістігіне енуге бағытталған білім берудің жаңа жүйесі жалғасуда.

Қазіргі мектепке дейінгі мекеме міндеттерінің бірі – кез-келген жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани-адамгершілік касиеттерін танып, ішкі жан дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жол көрсету.

Осыған байланысты тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып, біліп, жан-жақты қалыптастыру. Сол себептен «Өзін-өзі тану» пәні «Бөбек» қорының төрайымы Назарбаева Сара Алпысқызының бастамасымен өмірге келіп, тәжірибе нысаны ретінде республикамыздың көптеген білім беретін мекемелерінде өткізіліп келеді.

Балабақшадағы тәлім-тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Мектепке дейінгі шақ – бала бойына рухани адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да балабақшамызда «Өзін-өзі тану»пәнін көптеген білім салаларымен ықпалдастыру барысында жүзеге асырамыз, айта кетсек, өзімнің оқу қызметім барысында бес саланы қосып, «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша ән-күй, сурет салу, мүсіндеу және де дәстүрден тыс бейнелеу өнерін пайдаланамын.

Ондағы мақсат балалардың эстетикалық мінез-құлықтарын, сезімдерін, қарым-қатынастары мен танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру. А.Джумсай: «Шынайы білім беру жан қабілеттерін дамытуға байланысты». Шығармашылыққа деген қабілеттілік шынайы білім берудің ең маңызды құндылығы. Біздің миымыз екі бөліктен құралған. Оң және сол жақ. Сол жақ ми басқарады және талдау қабілетіне жақын. Ал оң жақ ми – шығармашылық, өнер, әдебиет жәнет.б. Көбіне сол жақ миымыз көп дамыған.

Сондықтан оң жақ миымызды дамыту үшін шығармашылық жұмыстың пайдасы мол. Шығармашылық жұмыс балалардың шығармашылық шабытын аша түсуге, өзіндік «Менін» көрсете алуына септігін тигізеді.Балаларға барынша тапқырлық танытқаны жөн. Мұндай кезде балаларға оқу қызметіне қатысуға құлшынып тұратындай және оның жалғасын асыға күтетіндей дәрежеде тартымды етіп өткізу керек, сондықтан мен өз іс-тәжірибемде мнемокесте мен тірексызба техника арқылы балалардың ойлау қабілеті арта түсіп, сөздік қорын молайтуға жол ашатын тәсілдерін еңгізіп отырмын.

Балабақшадағы берілетін білім мазмұнында ұлттық руханиятымыздың өзегін құрайтын қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, ертегі, әдеби ертегілер, аңыздар, әңгімелер – барлығы осы «өзін-өзітану» пәні мен ықпалдасқаны жөн. Сабақтан тыс кездердегі пікірталас, әсерлі әңгімелер айтып, мұражайға, театрға, қорықтарға немесе үйірмелердегі театрланған іс-шараларына бару – осының бәрі рухани-адамгершілік тәрбие үшін таптырмас құралдар деп ойлаймын. Олар балалардың шығармашылық танымын оятып, жан дүниесі мен сезінетін тамаша ойларға жетелейді. Ал одан тек жағымды қасиеттер туындайтыны белгілі.

«Өзін-өзітану» пәнінен «Махаббат пен шығармашылық» тақырыбында апталық өтілді. Оның жұмыс жоспары бойынша «Мейірімділік – асыл қасиет», «Достаса білеміз» тақырыптарын да ұйымдастырылған ашық оқу қызметтерін өткіздім. Өткізілген іс-шаралар барысында балалардың қызығушылықтарын бақылап, алған әсерлерін көрдім: жанарлары жарқырады, жүздері жадырады.

Балалалар таңертең балабақшаға келгенде бір-бірімен жылы жүзбен амандасып, кешке қайтар кезде қоштасуды ұмытпай айтып жүретін болды. Ойын барысында, бірлесіп жұмыс жасаған кезінде балалар тату-тәтті ойнап, бір-біріне көмек беріп, ренжітпеуге, бөлісуге, сабырлық сақтап, қамқор болуға құштар болды. Бастысы, балалар адамдықтың басты құндылығы – мейірімділік екенін жақсы ұғынды. Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, қарым-қатынас, адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру кез-келген мемлекеттің міндеті болса, баланың өзін тануына, басқаны тануына, баланың болашақ дамуына «Өзін – өзі тану» пәні зор ықпал етеді.

 

Абулкасимова Рабия Абубакировна
Түркістан облысы, Кентау қаласы
«Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы
І санатты тәрбиеші

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.