«Өзін-өзі тану» пәні метапән болғандықтан, басқа пәндермен кіріктіру үнемі жүреді. Сондықтан да сабақтағы негізгі тақырыпты өмірмен байланыстырса, теория практикаға айналары сөзсіз. Яғни, қоғамға бейімделгіш, рухани бай, белсенді тұлға қалыптасады деп сенемін.
Интеграция (лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – субъектілер арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақтастық іс-қимылын тереңдету. Осы терминді негізге ала отырып, пәндерді кіріктіріп өту арқылы оқушыларға жан-жақты білім беруді ұстанудамыз.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, өзін-өзі тану пәнінен «Салауатты өмір салты» тақырыптары сабақтасып 7-10 сыныптар аралығында кездескендіктен осы тақырыпты дене шынықтыру пәнімен кіріктіріп өту жоспарланды. Мұндағы басты мақсат оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануда дене шынықтыру жаттығуларының, түрлі спорттық ойындардың маңызын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет ету құндылығының мәнін ашу болды. Жоспар бойынша өзін-өзі тану сабағына екі дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қонаққа шақырылды. Бірлесе отырып, сабақ жоспары құрастырылды.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға салауатты өмір туралы түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері: — салауатты отбасы, денсаулықты сақтау шаралары туралы білімдерін кеңейту;
— оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге баулу;
— сүйіспеншілікке, парасаттылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: командалық, кіріктірілген
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат жүргізіледі.
Әңгімелесу. Мұғалім төмендегі сұрақтар бойынша пікір алмасу жүргізеді және өзі қорытындылайды:
- Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?
- Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?
- Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?
- Зиянды әрекеттерге нелер жатады?
Әңгімелесу сұрақтары арқылы оқушылар бір-бірімен пікір алмасады және жаңа сабаққа бағыттауға мүмкіндік береді.
Жеткіншектердің көзқарасына, талғамына, құштарлығына олардың айналасындағылар, құрбы-құрдас, серіктестері ықпал етеді.
Ерік-күші әлсіз, рухани дүниесі таяз адамдар әркез өзінің жағымсыз істеріне сылтау іздеп «тек бір рет» деген ережені басшылыққа алады. Өмірлік ұстанымы мен мақсаттарын аяққа басады, содан кейін бәрі солай кете береді. Осыдан кейін жақсы болар деп үміттенеді. Осылайша бір рет дәрменсіздік көрсету, келесісін туғызады. Осылай ұнамсыз қылықтар қайталана беріп, ол жағымсыз дағдыға айналады. Сондықтан жастайынан оөушыларға дұрыс жолды көрсетіп, дұрыс әрекет ету жолдарын ұсынсақ оларды көптеген қауіп-қатер мен келеңсіз жағдайлардан қорғай аламыз.
Жер бетінде өмір сүретін әрбір адамның бақытты болуға ұмтылуы заңдылық. Ендеше, бақыт дегеніміз зор денсаулық, ізгі ниет, дұрыс әрекет ету, терең білім. Сондықтан, адамдар бақытты болуға талпынып, бақытсыздықпен күресуі үшін салауатты өмір сүруге ұмтылуы керек.
Сабақтың дәйексөзі ретінде қазақ мақалы қолданылады.
«Кімде-кім өзін жеңсе, өз қорқынышын, өз жалқаулығын, өз сенімсіздігін жеңсе, бұл өмірде сол жеңіске жетеді» В.Суворов.
Мұғалім оқушыларға дәйексөздің мағынасын түсіндіреді, туындаған сұрақтарға жауап береді
Оқушылардың танымдық белсенділігі мен іскерлік әрекеттерін дамытып, олардың өзіндік пікірін дамыту мақсатында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қысқы универсиада және салауатты өмір салтын ұстанған адамдардың қандай жетістікке жететіндері туралы айтып өтті. (№3-4 суреттер)
Топтық жұмыс. Сурет қиындыларының көмегімен оқушылар мұғалімдермен бірлесе 3 топқа бөлінеді. Оқушылардың айнала қоршаған ортаға, адамдарға түсіністікпен қарауға, өздерін өзгелердің орнына қоя білуге үйрету, жақындарына құрмет, жанашырлық сезімдерін, сыни ойлау дағдыларын дамыту мақсатында топпен, мұғалімдердің қатысуымен жағдаят құрастырып, оны шешу келесі топқа ұсынылады (жағдаят құрастыруға 2 минуттан, жағдаятты шешуге әр топқа 1,5 минуттан беруге болады).
Үй тапсырмасы ретінде «Денсаулығыңды жастайыңнан сақта» тақырыбында іс-шара жоспарын құрастыру тапсырылады.
Куандыкова Акмарал Калдарбековна
Шымкент қаласы, физика-математика
бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі,
Кияшев Максат Куралбаевич
Шымкент қаласы, физика-математика
бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі,
Оразбаев Меиржан Абдикаликович
Шымкент қаласы, физика-математика
бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі