№26 С.Датов атындағы орта мектепте онкүндік ұйымдастырылып әр сыныптың жетекшілері мен оқушылары белсенділікпен қатынасты. Мектеп кітапханасында «Мейірім төгетін ана» атты С.А. Назарбаеваға арналған бұрыш жасақталып, «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Оқушылар бұл сайысқа белсене қатысып, мейірімділік, қамқорлық жайлы мағлұматтар алды. Сара Алпысқызының өмір жолынан деректер көрсетілді.
С.Алпысқызының туған күніне арналған іс-шаралар аясында оқушыларға адами қасиеттер, құндылықтар, өзара көмек әрекеттері туралы түсініктер беріліп, қамқорлық жасау, өмірдің мәні туралы, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Әдептен озбайық» өзін-өзі тану пәні мұғалімі М.Хайдарова 9-сыныпта, «Ағайын — ел ырысы» атты ашық сабағын өзін-өзі тану пән мұғалімі Б.Қартабаева 11-сыныпта өткізді.
«Болашаққа — білімді, дені сау ұрпақ» сайысы Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешілері мен пән мұғалімдері №59 балабақша тәрбиешілерімен біріге отырып өткізді.
«Спорт кешеніне серуендеу» өзін- өзі тану мұғалімдері мен дене пәні мұғалімі М.Қартабаев Ақжар-2 ауылындағы спорт кешеніне оқушылармен бірге барды. Спорт мектебінің тренерлері мен қызметкерлері және жаттығып жүрген балалар мектеп оқушыларын жақсы қарсы алды. Кешендегі спорт үйірмелерімен таныстыра жүріп әр секцияда өтіп жатқан дайындықты тамашалауға рұқсат берді. Балалардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Болашақта спорт кешеніне келіп, өз денсаулықтары үшін күресетінін айтып өтті.
Осы апталық аясында «Өзін- өзі тану әлемі» атты суреттер көрмесі мен қатар, әр-түрлі материалдардан және қолдан жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастырылып, оқушылар өз қолдарымен дайындаған бұйымдарын әкеліп көрменің жақсы өтуіне үлестерін қосты.
Болашақ ұрпағымызға үлкендерді, қоршаған ортаны, ата-ана, туыс-бауырға деген қамқорлықтары мен мейірімділіктерін ояту мақсатында «Жүрек жылуы» атты қамқорлық шарасы барысында «Балаларға қамқорлығымызды аямайық, оларды аялай білейік» деген ізгі ниетпен мектептің аз қамтылған отбасы балаларына ауыл кәсіпкерлері қайырымды, жүрегі кең жандар оқу-құралдарын және киім-кешектер сыйға тарту етті. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс-шаралар өз дәрежесінде болып өтті. Ұстаздар мен оқушылар бұл шараларға белсене қатыса білді. Белсенділік танытқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды. Онкүндік дәстүрлі іс-шарада оқушыларға адамгершілік қасиеттер мен адами құндылықтардың маңыздылығын ұғындыра білді.
Бекежанова Гүлмира,
№26 С.Датов атындағы орта мектептің
бірлестік жетекшісі,
Атырау қаласы