Home » Жаңалықтар » «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің ерекшелігі

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің ерекшелігі

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының негізінде жататын тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік-рухани жетілдіру идеясы оқушыларды жалпы адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым-қатынас нормасымен таныстырады, азаматтық мәдениетке қалыптастырады және дамытады.
«Рухани жаңғыру аясында» «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің жабылу салтанаты болды. Мұнда мектеп оқушыларынан құралған «Өнерлі туыстар» сайысы болды. Сайысты мектеп директоры О.Жүнісова ашып беріп, С.Алпысқызын туылған күнімен құттықтап, қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі. Сайыс бес сатыдан құралды. (сәлемдесу, ән, «Отбасы – өмір аясы» тақырыбында көрініс, флешмоб биі, жұмбақ). Әділқазы алқалары мектебіміздің бейіндік ісі жөніндегі орынбасары З.Ақбалаева, педагог-психолог М.Смайыл, әлеуметтік педагог Б.Бердібековалар қазылық жасап, әділ шешімдерін жариялады. Сайыс соңында жүлделі бірінші орынға Әбдімәлік Қымбат бастаған «Бірлік» тобы, екінші орынды Рахматулла Ұлан бастаған «Туыстар» тобы, үшінші орынды Сейсен Абзал бастаған «Ағайындар» тобы иеленді. Мектеп тарапынан мақтау қағазымен марапатталып, оқушыларымыз өте көңілді тарқасты.

Мейрамкүл Қыздарбекова,
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі,
«Қақпақ» жом, Қазығұрт ауданы, ОҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.