Ақпан айының 1 жұлдызында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Абай орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің мерекелік ашылу салтанаты өтті. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары — Ж.Шамеева іс-шараның маңыздылығына тоқтала келіп, барлық қатысушыларды құттықтады. Мерекелік ашылу салтанатына мектебіміздің ата-аналар комитетінің мүшесі Р.Досымбетова да шақырылды. Атқарылған іс-шара куәсі болып және алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралармен таныс болған ата-аналар комитетінің төрайымы Р.Досымбетова оқушыларға өзінің ризашылығын білдіріп, өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығын бұрын соңды дұрыс аңғармай жүргенін, бала тәрбиесінде рухани-адамгершілік білімнің зор екенін айтып өтті.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы идеясының авторы С.А. Назарбаева туралы «Мейірім төгетін ана» тақырыбында дайыналған кітап көрмесінің ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығы туралы да сөз етіп, осындай іс-шараның өтілуі көңіліне кундей шуақ сыйлап жатқанын айтып, оқушыларға сәттілік тіледі. Келесі кезекте мектепте мерекелік концерт ұйымдастырылып, мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Әрине біздің бұндай дәстүрлі іс-шараның өтілуі тек ата-аналар мен оқушылардың ғана емес, сонымен қатар мектеп өмірінде де айтарлықтай орын алатыны баршамызға мәлім.
Әрине бұл тек ашылу салтанаты, жанам деген жүрекке алау берген осындай ата-аналардың қолдауымен, оқушылардың ынтасымен алдағы онкүндігімізді шығармашылық шабытпен атқаратынымызға сенеміз. Рухани – адамгершілік білімнің адам өмірінде маңызды рөл атқаратыны баршамызға мәлім дүние. Бүгінгі қоғам рухани байлықты, адамгершілікті, адами асыл қасиеттерді бойына сіңірген, ізгі адамдарды тәрбиелеуге тиіспіз. Рухани-адамгершілік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгі құндылықтарды уақытша құндылықтардан, шынайылылықты жалғандықтан ажыратып, бақытты болып, өзгелерді бақытты ете алады.
Абдикеримова Назира Жорабекқызы,
педагогика ғылымдарының магистрі
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты
Деңгейлік бағдарламалар орталығының
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша тренері;
Сисенгалиева Гүлжан Қайыржанқызы,
Абай атындағы орта мектебінің
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі