Home » Жаңалықтар » «Өзін-өзін тану» пәні курсынан алған әсерім

«Өзін-өзін тану» пәні курсынан алған әсерім

Қазан айының 01 мен 13-ші күндері аралығында  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Акционерлік қоғамы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институында Нұрова Рысгүл Жұмажанқызының  жетекшілігімен «Өзін-өзі тану»   пәнінен оқытудың  ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы (72сағат)  курстан   өттім.

       Курстан алған әсерім ерекше. Сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастаймыз. Тыныштық сәтімен нұрға бөленеміз. Нұрға бөленгенде ерекше көңіл — күйде боламыз. «Өзін-өзі тану» пәнінің курсы арқылы  рухани адамгершілік  қасиеттер туралы терең түсіндік. Курс барысында «өзін-өзі тану» пәнінің әдістемелік тәсілдерімен таныстық. Топқа бөлініп, постер, презентация қорғадық,  шаттық шеңберге тұрып, мұғалімдер бір-біріне жақсы тілектерін айтты. Ақиқатты тануға қызық тренингтер өткізілді. Сахналық көріністер көрсетіліп ерекше сезімде болдық. Мұғалімдер бір-бірімен пікір алмаса отырып, сабақтарға  талдаулар жүргізді.

 

«Өзін- өзі тану» пәнінен ашық сабақ өткіздім.  Курстың соңғы күндерінде республика бойынша пилоттық ұйым болып табылатын Ақтау қаласының №12 жалпы білім беру орта мектебінде 3 «А» сыныбында «Адам досымен мықты» деген тақырыпта ашық сабақ өткіздім. Сабағымның мақсаты: балалардың арасындағы жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету. Сабаққа А.  Линкольнның  « Адам  өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деген сөзін дәйексөз етіп алдым.  Ашық сабақта бейнеролик көрсетілді. Екі достың бір-біріне адалдығы туралы оқушылар түсініктерін мазмұндады  және екі достың бір-біріне риясыз жанашырлық қасиеттерін бала бойына қалыптастырдым деп ойлаймын.                 

        Нұрова Рысгүл Жұмажанқызының  жетекшілігімен өткізген бұл курс жаңартылған бағдарлама жүйесінде өткізілді. Пәннің  қыры-мен сырын толық меңгеріп, жан-дүнием  рухани құндылықтарға байыды. Курсты мазмұнды, мағыналы өткізген Нұрова Рысгүл  Жұмажанқызына алғысым шексіз.

                                                                     

 

     Омурзакова Салтанат Джалгасовна
Мұнайлы ауданы «№ 14 жалпы білім беру

                                         орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі

                                                                         

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.