Жайықтың ерке самал ақ төрінде,
Туылған Сырым, Қадір мекеніңде.
Тарихта аңыз болған тарихи жер,
Туылғам Қособа атты мекенінде.
Қособам туған жерім құтты мекен,
Шөбі шүйгін алтын қапты елді-мекен.
Қыз Жібек пен Төлеген белгі салған,
Махаббаттың белгісіндей аңыз өлкем.
Мақтанышым, асқағымсын туған жер,
Мен балаңмын көгалыңда тербелген
Арман қала Астана да жүрсемде
Өзінді ойлап ет-жүрегім езілген.
Туған өлкем кенде мекен таланттарға,
Туылған талай палуан-ақындарда.
Аламан бәйгілерде дес бермей жүр,
Шабыттанып, шабандоз тұлпарында.
Елім деп соғар жүрегім,
Жерім деп соғар жүрегім.
Елімде болса жақсылық,
Марқайып менде жүремін.
А.Н.Наурызали
№84 мектеп-лицейі
кітапхана меңгерушісі
Астана қаласы