Жуырда Алматы қаласы Жетісу ауданы КМҚК № 171 бөбекжай-балабақшасында Рухани жаңғыруға қатысты «Өз елім менің-өзгеше атты» аудандық семинар өтті. Мектепалды даярлық балдәурен және ортаңғы «Балдырған» тобы өнерлерін көрсетіп жиналған қауымды таңғалдырды. Иә, бала тілі бал осы тұста тамаша тақпақтар оқылып, керемет көріністер көрермен көңілінен орын алды.
Бірінші санатты,жауапты тәрбиешілер Шаймерденова Бейсехан Рыспайқызы, Танабекова Балжан Акилбековнаның ұйымдастыру қабілетіне мін тағу мүмкін емес. Семинарды бөбекжай әдіскері Айтқазы Баяна Нұрболатқызы ашты. Музыка ырғағымен бірге қимылдаған бүлдіршіндер потриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғыртты. Семинарға қонақ ретінде қатысушы Жетісу ауданының Білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангельдиевна балабақша меңгерушісі Абдукаримова Забира Аблеханқызына алғысын айта отырып: «Балалардың тілі өте жатық. Сіздер, кәсіби даму үстіндесіздер.
Еңбектеріңіз бағалана берсін. Ұйымдастыру қабілеттеріңіз,киім кию үлгілеріңіз балаларға жылы сөйлегендеріңіз бәрі сүйіспеншілікпен ұлтжандылықты көрсетіп отыр», — деді. Домбырамен қобыз үнін естіп, әсем дауысты тамашаладық. «Домбыраның құдіреті» атты көрініс қойылды. Балақайлар жетіген, дауылпаз, домбыра, сазсырнай, қобыз сынды ұлттық аспаптар туралы білетіндерін ортаға салды. Кезек «киіз басу» биімен жалғасып, «Өз елім» атты өлеңмен қорытындыланды.
Жадыра Бағашар,
«Білім айнасы»,
Алматы қаласы