Home » Білім және тұлға » ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ІЗДЕНІСТЕР

ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ІЗДЕНІСТЕР

20-%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-%d0%b8%d1%81%d0%b8%d0%bc%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2%d0%b0-%d0%b5-%d1%82Исимбаев Е.Т.,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ
Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ директоры,
қалалық мәслихат депутаты

 «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарында білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Ұлт жоспарының 76-шы, 79-шы қадамдарында қойылған міндеттерді орындау мақсатында білім беру үдерісіне оқу мен тәрбиенің жаңа әдістемесі енгізілуде, педагогикалық жұмыс тәсілдері мен құралдары жасалып, нормативтік-заңнамалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, білім беру бағдарламалары мен оқулықтар жаңартылуда.

2016-2017 оқу жылында «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» тәжірибесі бойынша білім берудің жаңа мазмұнын  кезеңдеп енгізу басталады, 1-сыныптарға білім берудің құрылымы мен мазмұнында елеулі өзгерістер болады. Осыған байланысты республика бойынша педагогикалық кадрларды дайындау жүргізіліп жатыр.

Аталған жұмысқа біздің институт та жұмыла кірісті. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы  АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» облысымыздың барлық аудандарында және Көкшетау қаласында білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып, музыка, бейнелеу өнері, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған курстарды өткізді.

Білім берудің жаңа моделі педагогикалық кадрларды дайындауға жаңа талаптар қояды: педагогикалық жұмыстың мақсаттары мен тәсілдері, оқытудың инновациялық тәсілі аясындағы жұмыс, білім беру үдерісін бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз ету, оқушылардың оқу  жетістіктерін  бағалау тәсілдері мен формалары  өзгереді.

Өткізілген курстардың басты мақсаты: пән бойынша білім беру бағдарламаларын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу аясында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.  Курстардың мазмұны оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін зерделеуге бағытталған.  Курс тыңдаушылары оқытудың жаңа тәсілдерін шығармашылық құлшыныспен оқып, пән бойынша жаңартылған бағдарламаларды, критериалды бағалау моделін талдайды, қысқамерзімді жоспарларды жасап үйреніп, заманауи сабақты модельдеудің түйінді дағдыларын меңгереді.

Олар  жеке, жұптық, топтық жұмыс арқылы жаңарту тәжірибесін өз бойынан өткізе отырып меңгереді, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытады.

Білім беруді сапалы өзгерту мұғалімнің оқу үдерісіндегі өз орны мен роліне көзқарасын, оқушыға  жаңа қарым-қатынасты қалыптастырмайынша мүмкін емес. Мұғалім жаңа өзгерістердің мәнін, білім берудің жаңа сапасы мен жаңа білім беру нәтижелерінің маңызын түсінуі тиіс. Жаңа енгізілімдер қарама-қайшылықтарға, бірқатар қиындықтар мен түсінбеушіліктерге  жиі ұшырайтынын біз білеміз.   Әдеттегі өмірін өзгерткісі келмейтін немесе жаңа енгізілімдерге сенімсіздік танытатын кертартпа пікірлі адамдар бар екені ешкімге құпия емес.

Білім беру мазмұнын жаңғырту мәселелері бойынша көзқарастарды өзгертуде біліктілікті арттыру институты тренерлерінің ролі зор. Олар білім беру үдерісін жаңартудың өзектілігі мен қажеттілігін түсіндіріп қана қоймай, жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын пайдалана білуге үйретеді, оны жүзеге асыруға қажетті дағдыларды қалыптастырады. Сабақ барысында жаңартылған бағдарлама бойынша пікірталастар мен ой бөлісулер жүргізіледі, оқыту үдерісінің  жаңашылдығы мен демократияшылдығының дәрежесі талқыланады.  «Кім ескіні қастерлеп, жаңаны ұғына білсе, сол адам мұғалім бола алады» деп Конфуций айтқандай, жұмыс барысында көптеген мұғалімдер өз пікірлерін өзгертеді, басқаша ойлап үйренеді. Мұғалімдер оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, білімді шығармашылықпен қабылдау қажеттіліктерін жүзеге асырудағы дербестігі, пәндерді оқуға уәжін арттыруға бағытталған  курстар мен жаңа бағдарламаның жақсы жақтарын  атап көрсетеді.

Институттың білім берудің жаңартылған бағдарламасы бойынша оқып келген 15 тренері аймақтың мақсатты топтарымен табысты жұмыс жасауда. Сонымен қатар,  республиканың басқа облыстарында осындай курстарды өткізу мақсатында  Рауза Самуратова, Баян Суюндыкова, Ольга Бурдинская, Аят Аубакиров, Сауле Жумажанова, Асем Абдраимова сияқты    тренерлеріміз республиканың басқа облыстарында осындай курстарды өткізу мақсатында  Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарына іс-сапармен шығып келді.

Қазір мұғалімдерге білім берудің жаңартылған бағдарламасын сапалы енгізу жауапкершілігі жүктеліп отыр.  Оларды курстық дайындық барысында   оқытудың жаңа тәсілдерін пайдалана отырып меңгерген білімдерін жүзеге асыру күтіп тұр. Бұл құзыреттілікті, икемділікті, инновацияларды жете ұғыну және қабылдауға қабілеттілікті, өзерістерге дайын болуды талап етеді. Және ең негізгісі, Константин Ушинскийдің «мұғалім үнемі оқып отырса ғана өмір сүреді, ал оқуды тоқтатан кезде ол мұғалім ретінде өледі» деген сөзін есте ұстай отырып, мұғалім өзін-өзі үнемі жетілдіріп оқып отыруға бейім болуы тиіс.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.