Home » Ашық сабақтар » Әуе желілерін монтаждау  

Әуе желілерін монтаждау  

1303000-«Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару» мамандығының АТС-14о оқу тобына өткізілген «Электромонтаждау» оқу тәжірибесі алғашқы кәсіптік дағдыларды игеру үшін өндірістік тәжірибенің бірінші кезеңі және мамандыққа сәйкес жұмыс кәсібі бойынша студенттердің негізгі ілімі мен дағдыларды игерудің мақсаты болып табылады.

Бастапқы кәсіптік дағдыларды игеру үшін оқу тәжірибенің міндеттері:

  • студенттерді жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді саналы және терең меңгеруге дайындау;
  • электрлі және электрлі механикалық жабдықтарды монтаждау бойынша негізгі кәсіптік жұмыстарды орындауда студенттерде дағдылар мен білімді қалыптастыру;
  • жабдықтарда бөлшектерді дайындау бойынша студенттерде дағдылар мен білімді қалыптастыру;
  • тәжірибені теориялық оқытумен байланыстыруды қамтамасыз ету.

«Электромонтаждау» пәнінің оқу тәжірибесін өту барысында студенттер жеке бастың қауіпсіздігі шарттарын, сымдарды қосу мен бөлу, сымдарды қалайылау мен дәнекерлеу, электрлі тізбектерді монтаждау, электрлі қуаты тізбектерін монтаждау жасауды меңгереді.

Оқу тәжірибесін өту барысында студенттер оқытушының жетекшілігімен «Әуе желілерін монтаждау» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізілді. Ашық тәжірибелік сабақта әуе желілері туралы мағұлмат беріліп, тәжірибелік жұмыс жасалынады.

Ашық тәжірибелік сабақ жоспары

Күні: 01.11.2016ж

Тобы: АТС-14о оқу тобы

Уақыты: 1000-1120 80минут

Сабақтың түрі: оқу тәжірибелік сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Әуе желілеріне жалпы мағлұмат беру, әуе желілеріне түрлеріне, типтеріне, арматураларын түсіндір алған білімін жүйелеп, қорытындылауға үйрету, алған білімін іске асыруға баулу.

ә)дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту, әуе желілері туралы ұғымды жоспарлай білу, тірек  құрылысы мен профиль түрлерін ажырата  білу, оқу қабілетін дамыту.

б)тәрбиелігі: еңбекке тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру

Сабақты оқыту әдістері: Сын тұрғысынын ойлау технологиясының «Ой шақыру» және «Миға шабуыл» стратегиялары,түсіндіру, баяндау, ойын элементтерін пайдалану сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тәжірибе жасау, суммативті және формативті бағалау әдіс тәсілдері.

 Сабақты өткізу әдістері: Жаңа сабақты Шаталовтын тірек сызбасы арқылы түсіндіру. Жаңа сабақты 3 топқа   «Сұрақтар» ойыны арқылы сұрау, есеп шығару. Логикалық сұрақ.  Жаңа сабақты  кабелді жалғау, изоляторға сымды байлау тәсілдерін жасап үйрену.сабақты «Басбармақ» әдісімен бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, есеп парақшалары, сымдар мен кабельдер, дәнекерлеуіш құралдары.

Пән аралық байланыс: Автоматика негіздері және дискретті құрылғысы, Электротехника, Физика, Электроника.

Пайдаланылған әдебиет:

  1. М.В Марков «Линейные сооружения ж.д АТС», 1991ж
  2. И.И Гроднев «Линии связи» Радио и связь, 1988ж

 Сабақтың өткізілу барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттердің сабаққа қатысуы, дайындығы тексерілді, кабинеттің тазалығы және дайындығы тексерілді, оқушылардың жұмыс белсенділігін көтеру, жұмыс дәптерінің барын тексеріліп, білім алушылар түгелденді. Топ студенттерін алдын-ала 3 топқа бөліп отырғызылды. А тобының мүшелері Қақарман Қанат, Қаналы Бекнұр, Оспан Жібек, Сағындықова Жансая,

Ә тобы мүшелері: Шахиз Батыржан, Райымбек Айдана, Ермекбаев Ғалым, Сағат Мұстахим,  Б тобының мүшелері Шайхислам Ақниет, Тайманов Серікбол, Көшербаева Жазира, Ұзақбай Айман. Тәжірибелік сабақ топ өзара сайысу арқылы өткізіледі.

  1. Ребус шешу кезеңі. Бұл кезеңде сын тұрғысынан ойлау технологиясы қолданылды, яғни «Ребус» шешу арқылы  студенттер сабақтың тақырыбын шешіп алды. Сабақтың тақырыбы «Әуе желілерін монтаждау»  Алғашқы болып «Б тобы» ребусты шешіп,  10баллдық стикерді иеленді. Топтың алағашқы балы бағалау парағына қойылды.

Ребус шешу

  1. 3. Жаңа сабақ кезеңі. Жаңа сабақтың тақырыбы тақтаға жазылып, интерактивті тақтада Шаталовтың тірек –сызба әдісін қолдану арқылы жаңа сабақ түсіндірілді. Қосымша көрнекілік құралдары да көрсетіледі.

Әуе желілерін монтаждау

1.Әуе желілерінің  тағайындалуы

2.Әуе желілерінің кластары мен типтері

3.Әуе желілерінің тіректері және типтік профилдері

Әуе желілері  электр сигналдарын жүретін ағаш және темір бетонды тіректерге арматуралардың көмегімен мыстан, алюминийден немесе бейметалды оқшауланбаған сымдардан түрады. Өткізгіштер  тіректерге арматуралардың көмегімен бекітіледі. Арматураларға: өткізгіштер, крюктер және траверс, штырлар. Сөйтіп әуе байланыс жолы сымдардан, оларды көтеріп тұратын бағаналардан және оларды  бекітуге арналған изолятор мен арматуралардан тұрады. Қолданылатын орнына қарай әуе байланыс жолы үш класка бөлінеді.

І-ші класқа  магистральдық байланыс

ІІ-ші класқа аймақтық байланыс жолдарында

ІІІ-ші класқа жергілікті байланыс жолдарында  қолданылатын әуе байланыс жолдары жатады. Қолданылатын орындалатын маңызына қарай оларға қойылатын талаптар да әртүрлі болады.

Ауа райының құбылысына байлаысты әуе жолдарының сымдар қырауланып, одан мұз қатады. Сымдарға мұз катқандағы мұздың қалындығына қарай әуе жолы 4 типке болінеді. Олар: «О», «Н», «У», «ОУ» типті болып.

Егер қатқан мұздың қалыңдығы 5мм-ге шейін болсын, ондай әуе жолы  жеңілдетілген деп аталып «О»-типке жатады. Мұздақтың қалыңдығы 5мм-ден 10мм-ге шейін болса, оны қалыпты «Н» типке жатады. Мұздың қалыңдығы 10мм-ден 15мм-ге шейін болса, онда күшейтілшен деп аталып «У»типке жатқызамыз. Мұздың қалындығы 20мм-ден  және одан асса өте күшейтілген деп аталып, «ОУ»-типке жатады.

Әуе жолының сымдары ауа құбылысына  байланысты әр түрлі химиялық әсерлердің мұздақтың, соғатын желдің әрекеттеріне төтеп беру үшін мықты болулары керек. Сымның сыртындағы мұздың қалыңдығы өскен сайын бағаналардың саны көбейіп, олардың ара қашықтығы азая түседі. Мұздақтың қалыңдығына байланысты бағана саны және олардың ара қашықтықтығы 1-кестеде берілген.

  • кесте.Әуе жолының сипаттамалары
Әуе жолының типіМұздақтың қалыңдығы,км1километрдегі бағаналар саныБағаналардың ара  қашықтығы, метр
О52050
Н102050
У152540
ОУ202835,7

 

Әуе жолындағы тізбек сымдарының орналасу тәртібін профиль деп атайды. Егер әуе байланыс жолының тіректер ағаштан жасалған болса, онда профиль ілмекті, траверсті және аралас болады. Ал егер тіректер темір бетоннан жасалған болса , онда тек қана траверсті профиль болады. Ілмекті профильге ілінетін сымдардың саны  10-12ден апайды. Бір траверске 8(4жұп) сымнан ілінеді. Бір тірекке ілінетін траверс саны 5-ке дейін болады.

Әуе жолында негізгі сымдар болат, мыс және бейметалды элементтен жасалады. Әуе жолының сымдары тіректерге ілмек пен траверс арқылы изоляторға бекітіледі. Изоляторлар  фарфордан, шыныдан жасалады.Әуе жолы сымы изолятордың төбе ойығына байлағыш сыммен бекітіледі. Байлағыш сымда сол әуе жолының сымының материалынан жасалады.  Бірақ одан жұмсартылған және одан жіңішке болады. Изоляторлар тірекке ілмек немесе казықша (шрырь) арқылы бекітіледі.Қойылатын орнына және ауа райының құбылысына байланысты тіректерді ң бірнеше түрлері болады. Тіректің ең қарапайым түрі бір тіректен тұрады. Оны аралық тірек деп атайды. Байланыс жолының бұрылатын жерлеріне бұрыштың іш жағынан тірек қойылған тіректі бұрыштық тірек деп атайды. Жел қатты соғатын жерлерде желдің бағытына байланысты тіректің бір және екі жағынан да қосымша тірек  қойылып оны күшейтілген тірек деп аталады.

Мұздағы қалың немесе оданда басқа жағдайлармен өте күшті тірек керек жерде әрбір тірекке қос бағана қойылып және әрқайсысының бір немесе екі жағынан да тірек қойылады. Мұндай тіректерді жартылай анкер немесе анкерлі тіректер деп атайды.  Әуе байланыс жолының жақсы жағы  оның мықтылығында, өміршеңдігі және кез-келген қашықтыққа электр сигналын тарата алатындығында. Әуе желілерінің кемшілігі оның икемсіз үлкенділігі.

Әуе желілерінде сигналдық тоқты сымдармен қатар кабелдерде тартылады.

Кабель деп  тізбек сымдарын изоляциялық қабықпен қапталған элементті айтамыз. Әуе желілерінде кабелді жүргізу сымдарды жүргізгеннен өзгеше болады. Сәл қарапайымдылау.

    

  1. Сұрақтар бекеті кезеңі. Бұл кезеңде деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану арқылы осы тақырыпқа байланысты сұрақта қойылды. Сұрақтар бекетінде өткен сабақты  интерактивті тақтада 10-40 балл аралығында сұрақтар берілді  балл жоғарылаған сайын сұрақ күрделеніп, студенттер өткен тақырыпты түсінгендерін байқатты. Ойынды ребусты бірінші шешкен  Б тобы бастады. Сұрақты шешкен командаға алған балына қатысты стикерлер беріліп бағаланды.

 

Қызыл стикер -10балл

Жасыл стикер -20балл

Сары стикер -30балл

Розовый стикер-40балл

 

 

Қойылған сұрақтар тізімі:

1.Әуе желілері дегеніміз не?

2.Әуе желілері  ауа райының тәуелділігіне байланысты неше типке бөлінеді?

3.Әуе желілерінің кластарын атаңыз және анықтама берініз.

4.Әуе желілерінедегі мұз қабырғасының эквивалентті қалыңдығы дегеніміз не?

5.Әуе желілерінің сымдары қандай материалдардан жасалынады?

6.Әуе желілерінің араматураларына не жатады?

7.Оқшаулағыш не үшін қажет және ол қандай  материалдардан жасалады?

8.Бағаналарды жасау барысында олардың  ұзақ пайдалану үшін не істейміз?

9.Әуе желілерінің типтік профильдері  дегеніміз не?

10.Әуе желілерінің крюкті профиліне анықтама беріңіз.

11.Әуе желілерінің траверсті профиліне анықтама беріңіз.

12.Әуе желілерінде қолданылатын крюк, траверс, штырлардың типтерін атаңыз.

Есеп шығару кезеңі.  Әр топқа интерактивті тақтада 3 нұсқадағы есеп беріледі   әр топ өздері нұсқа таңдады. Есеп нұсқалары бірдей мәндері әртүрлі. Есепті дұрыс шығарған топқа 10 балл беріледі. А тобы 1нұсқа, Б тобы 3 нұсқа, Ә тобы 2 нұсқаны таңдады.

Қауіпсіздікті сақтау үшін біздер кабельдің немесе сымның жүктемеге сәйкес келуі үшін сымның қимасын анықтауымыз керек. Ол үшін сымның немесе кабельдің сыртқы қабығын
ашып, егер сым бір салалы болса, онда диаметрін мына формуламен өлшейміз:
S = П *d2 / 4 немесе S= 0. 8* d2 мұнда
S = сымның қимасының ауданы, мм2
П = 3. 14
d = сымның диаметрі, мм2
Осы формула бойынша есеп шығару: сымның диаметрі d=1. 5, онда сымның қимасы нешеге тең:
S=0, 8 * d2 = 0, 8 * 1, 5 * 1, 5 = 1, 8 мм2
Егер сым көп салалары болса, онда сымның бөлек — бөлек ағытып, ішіндегі салаларын санаймыз да, ішіндегі саланың қимасының ауданы s, содан кейін барлық сымның қимасының ауданын S — ты анықтаймыз. Барлық сымның саласының аудандарының қосындысын қосып, сымның қимасын табуға болады.

Есеп: бір сымның ішінде 37 саласы болса, онда бір саласының қимасының диаметрі
d = 0, 3 мм болады. Сымның бір саласының ауданы мынаған тең:
Шешуі: s = 0. 8 * d2 =0. 8 * 0. 3 * 0. 3 = 0. 072 мм2
Сымның барлық салаларының қимасының ауданы мынаған тең:
S = 37 * s = 37 * 0. 072 = 2. 66 мм2

 

  1. Сергіту сәті кезеңі. Бұл кезеңде сын тұрғысынан ойлау технологиясы қолданылды, яғни логикалық тапсырма берілді. Сергіту сәтінде 3 топқа да бірдей логикалық сурет таратылды, Логикалық сұраққа  бірінші болып А тобы  жауап берді  топқа 40 балл  берілді.

ТАПСЫРМА

а суреті:  Жолда1және 2вагондары және де Л локомативі көрсетілген. Ттупикке тек бір вагон немесе бір локоматив кіре алады.

Б суреті: Машинисттің міндеті ең аз қозғалыс жасап 1-ші және 2-шівагондардың орнын ауыстырып және пойызды бекеттен шығару, және де

1және2бұрма қозғалыс барысында  неше рет ауыстырылады?

 

  1. Монтаждық жұмыстар жасау кезеңі. Қауіпсіздік техника ережесімен таныстыру. Бұл кезеңде үш топқа да бірдей жұмыс кабелді қосу жұмысы беріледі. Тажірибелік жұмысқа керекті құралдар: кабель, кабельді жалғаушы коробка,  дәнекерлегіш (пояльник), қалайы, олова, оқшаулаулентасы  беріледі.  Әр топқа осы жұмысқа нұсқау картасы таратылады, сол бойынша оқытушының жетекшілігімен жұмыс жүргізіледі. Жақсы , сапалы жасалған жұмысқа жоғарғы 40балл беріледі.
  2. Сабақты бағалау кезеңі. Сабақты «Формативті» және «Суммативті» бағалау түрі және «бесбармақ» әдісі арқылы бағаланды, бағалау парағына бағалау критерилері жазылған,  әр кезеңнің бағалары қойылып отырылды.    Сабақты бағалау алдағы кезеңдер бойынша жинақтаған баллдары есептелді нәтежиесінде: А тобы-140балл, Б тобы-140балл, Ә тобы-130балл жинады. Ұпай сандары бірдей топқа қосымша студенттер өткен тақырып бойынша сұрақ қойды.   Қосымша «Басбармақ» әдісі арқылы жүргізіледі.  «Басбармақ» әдісінде студенттердің басбармағы жоғары бағытталса «Түсіндім», төмен бағытталса «Түсінбедім», оңға немесе солға бағытталса «орташа» деген мағананы білдіреді. Жоғарғы балл алған оқушылар марапатталады. Студенттердің алған бағалары журналға қойылды.

8.Үйге тапсырма кезеңі.

1)Үйге тапсырма оқушыларға жаңа  сабақты оқып, жұмыс дәптерлеріне түсіру

2) «Әуе желілері», «Электр тізбектері»  тақырыбына реферат жазу

3) Өткен тақырыптар бойынша өз тандауларымен бір сөйлем алып, ребус дайындап келу

4)  Ғаламтордан  www. http: scbist/com  сайттарынан қосымша мәлімет қарау.

 

ЖҰМАНАЗАР ГҮЛЗИРА ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы

 

  1. Пайдаланылған әдебиет:
  2. М.В Марков «Линейные сооружения ж.д АТС», 1991ж
  3. И.И Гроднев «Линии связи» Радио и связь, 1988ж
  4. Ж.Н. Ниеталин «Әуе желілері»

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.