Ендаманова Гүлзат Қабылдақызы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,
Талдыбұлақ ЖОББ мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Рухы күшті ел, алынбайтын қамал
Жүргізуші: Кеш жарық, ардақты азаматтар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр – Қазақстан Қарулы күштер мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.
Жүргізуші: Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
Жүргізуші: Құрметті азаматтар, біздің мектептің ұстаздары, жігіттер!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз!
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Жүргізуші: Туым — теңдігім,
Елтаңба – елдігім,
Әнұраным – айбыным!-демекші, тәуелсіз еліміздің көк байрағы, елтаңбасы мен әнұраны бар.
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады.
Жүргізуші: Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел — жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде,- деп
мектеп директоры—
оқу — ісінің меңгерушісі—
тәрбие ісінің меңгерушісі—
алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі—-
құқық пәнінің мұғалімі-
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі —
ағайлар сіздерді бүгінгі айтулы мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Жүргізуші: Армысыздар, кешіміздің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен жыр, өлең мен күй,
Сіздер үшін алуан өнер шашулары –
дей отырып ендігі кезекті әдеби монтаж.
Жүргізуші: Әр адамның өмірдегі ең қымбаты – елі, жері, Отаны. Отан – ана.
«Отан үшін отқа түссең күймейсің, суға түссең де батпайсың» Отан сенің қорғанышың. Ал біздің Отан – Қазақстан. Қазақстанның жері қаншалықты ұлан – байтақ. Қазақстан – көп ұлтты ел.
Жігіт сыны: бір жігіт бар – құр жан, бір жігіт бар – тірі жан, бір жігіт бар – жігіт жан. Құр жан дейтін жігіт – кеудесінде жаны бар, еш нәрсені бітірмейді. Тірі жан дейтін – бар тапқанын киім мен асқа салар, қызыл белбеу, шоңқима етік, үкі тағып, әркімді бір сықақ қылар. Жігіт жан дейтін жігіт – сегіз қырлы, бір сырлы болар. Шал Құлекеұлы