Home » Балабақша » «Әскер бала көзімен» әскери шеру

«Әскер бала көзімен» әскери шеру

Әскери-патриоттық шерудің мақсаты: тәрбиеленушілерді Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, Отанға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балабақша тәрбиеленушілері 9 мамыр-Ұлы Жеңіске 73 жыл және 7 мамыр-Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрылғанына 26 жыл толуына орай   балабақшамыздың ересек топтары  арасында өткізілетін «Жас ұлан» әскери-патриоттық шеруіне қош келдіңіздер.

Шеруге балабақшамыздың ересек топтарынан құралған  4 бөлімше қатысады. 1-ші-9 Ақжелкен бөлімшесі, 2-ші -10 Жауқазын бөлімшесі, 3-ші -11 Айгөлек бөлімшесі, 4-ші -12 МАД Байтерек бөлімшесі

Бүгінгі шерудің әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар

  1. Балабақшамыздың директоры: Н.Т. Самендирова

2.Балабақшамыздың әдіскері: А.Б. Кащиева

  1. Мунайлы ауданы Қорғаныс Істер жөніндегі қызметкері: Бердіғали Ерлан Турғанғалиұлы

Қазақстан Республикасының әнұраны

Шеру келесі бөлімдерден тұрады

— сап түзеу және ән байқауы
— жас ұландардың киім үлгісі
— марапаттау
Шеру қорытындысы бойынша 4 командалық жүлделі орын анықталады. Жарыс жеңімпаздары мадақтама қағаздарымен марапатталады.

Жарыс кезеңдерін өткізу шарттары
1. Сап түзеу және ән байқауы.
Қатысушылар ұжымдық іс-әрекеттер бөлімше құрамындағы үйлесімділік: бөлімшенің сапқа тұруы, сыртқы көрінісі, саптық жаттығулар, екі қатарға сапқа тұру, ән мен саптық байқауға дайындығы туралы бөлімше командирінің рапорты, сәлемдесуге қайтарған жауаптары, бір орында және қозғалыстағы бұрылулар, жауынгерлік сәлемдесу рәсімі және ән айтып өту (музыкалық сүйемелдеусіз).

  1. Жас ұландардың киім үлгісі

3. Марапаттау

 Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Даулет селосы

  №10 «Ақбота» балабақшасы МКҚК

тәрбиешісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.