Home » Білім және тұлға » Әскери – патриоттық тәрбие мен білімді ұштастырған ұстаз

Әскери – патриоттық тәрбие мен білімді ұштастырған ұстаз

«Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша
Алматы қаласы, Медеу ауданына қарасты №33 мектеп-лицейінің
оқу ісі жөніндегі орынбасары Алиев Нұрлан Меркенұлымен әңгімелесіп қайттық.

 

Өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеп, оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, адал еңбек пен отансүйгіштікке баулып жүрген ұстаз Меркенұлы Нұрлан 1985 жылы 15 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ащысай ауылында дүниеге келген. 2002 жылы мектеп табалдырығын жақсы аяқтап, сол жылы Қазақ педагогика институтының (бұрынғы КазПИ – қазіргі Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті) алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәні мұғалімі бойынша оқуға түседі.

Жоғарғы оқу орнында төрт жылдық білімді алып шыққан жас маманға бірден жұмыс табыла қоймайды. Ер жігітке тән бойындағы сабырлық пен төзімділіктің арқасында арманына жетеді. 2007 жылдың сәуір айынан бастап №163 білім ордасында еңбек жолын бастайды. Кейіннен №53 мектепте алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметіне орналасады.

 

 

«Ұстаз деген ұлылықты осы мектепте жүргеннен бастап сезіндім. Оқушылардың алдыңнан жүгіріп шығып сәлемдескенінен ақ барлық шаршауды ұмытып кетесің. Жұмысқа құлшынысым мен ниетім артып тұратын. Үйренгенім өте көп» — дейді ұстаз. Ұлттық тә­лім-тәр­биені, үлкенге құр­мет пен кі­шіге қамқор бо­луды шәкірттерінің бойына сіңіріп, қи­ын­­дыққа төзімді, болаттай қайсар бол­ып өсулеріне ықпал етіп жүрген ұлы ұстаз 2011 жылдың 1 қарашасында №33 мектеп-лицейіне оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып қызметке келеді. Нұрлан Меркенұлы бүгінгі күні жұмыс жасап отырған мектебін киелі мекен деп санайды. Себебі, білім ордасына келгеннен кейін қызметі өсіп, дәрежесі артқан, отбасын құрған.

Отбасында ұл мен қыз тәрбиелеп отырған ардақты әкенің арманы ұлының өзі секілді әскери адам, тұңғышының ақ халатты абзал жан болғанын қалайды. №33 мектеп-лицей ұжымының мұғалімдері, қарапайым, білімді, ауызбіршілігі жарасқан, бұнда оқитын оқушылар тәрбие мен білімді ұштастырғанын зор мақтанышпен айтады. Аға тәлімгер, әлеуметтік педагог, шаруашылық меңгерушісі болып та қызмет еткен ұстаздың бойынан сабырлық пен салмақтылықты, қарапайымдылық пен қаталдықты және нағыз еңбексүйгіш жан екенін аңғардық.

Жігерін, білімін, бойындағы барлық асыл қасиеттерін оқушыларының зердесіне ғылым негізін құйып отырған ұстаздың марапаттары да жетерлік.

  • «Армия генаралы С.Қ.Нұрмағамбетов» медалімен;
  • Авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов медалімен;
  • «Патриоттық тәрбие үшін» медалімен;
  • «Құрмет» орденімен;
  • ҚР Қарулы Күштерінің мерекесі құрметіне және оқушы жастарға әскери-патриоттық тәрбие мен білім берудегі жемісті еңбегі үшін Құрмет грамотасымен;
  • «Айбын» әскери-патриоттық жиынында жүлделі орынмен;
  • «Ұлан» Әскери-қолданбалы спорт түрлерінен қалалық турнирінің финалын ұйымдастырып өтуіне қосқан үлесі үшін Алғыс хатымен;
  • Қалалық білім беру жүйесіндегі іс-шараларға қосқан үлесі мен шығармашылық табыстары үшін мақтау қағазымен;
  • Медеу ауданы әкімінің алғыс хаттарымен;
  • Біліктілікті арттыру семинарларының сертификаттарымен;
  • Мектеп директорының мақтау қағаздарымен марапатталған.

 

 

 

 

 

 

 

Алиев Нұрлан Меркенұлы сөзі мен ісіне жауапты нағыз ер азамат. Әскери дайындық сабағы арқылы оқушылардың бойларында патриоттық сезімді оятып қана қоймай, оның өсіп келе жатқан жас буындарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде жұмыс атқарып жүргендігін көрдік. Мені қуантқан нәрсе дәлізде біріншіден, әскери адам көргендегі әскери тәртіптің ұшқыны, екіншіден оқушының ұстазды сыйлауы деп білемін.

Ұстаз бен шәкірт арасындағы осындай өзара сыйластық, қамқорлық олардың бірлесіп атқаратын білім мен біліктілікті шыңдау әрекетіне жағымды ықпал етері анық. Осы орайда, қызмет етіп жүрген Алиев Нұрлан Меркенұлының жұмысына шығармашылық табыс тілейміз.

 

 

Перизат ӘБДІЛ-ӘШІМ,
Алматы қаласы,
«Білім айнасы».

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.