Қарағанды аймағы өндірісті өлке.Өндіріс өркендеген сайын аймақтың әлеуметтік әл-аухаты артып келе жатқаны аңғарылады.Соның бір дәлелі – соңғы бірер жылда жарыса бой көтерген білім нысандары, мектеп, балабақшалар.Сол жаңа білім ошағының бірі қаланың оңтүстік — шығысындағы «Кең дала » мөлтек ауданында бой көтерген №102 мектеп –гимназиясы.Бұл білім ошағы гимназия мәртебесінде ашылғандықтан ондағы әр ұстаздың біліктілігі бірінші орында сыналатыны сөзсіз. Сондай білікті, өз ісінің майталманы, тәжірибелі ұстаздың бірі — Илимбаева Гүлайман Батталқызы.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті биология факультетінде жоғары білім алған ұстаз өзін педагогика саласында үнемі ұштап, жетілдіріп отыруды мақсат еткен.Сол мақсаттың межесінен шығып та жүр.Оған дәлел 31 жылдық еңбек өтілі бар ұлағатты ұстаздың еңбегі еленген түрлі марапаттары. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері)деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтады. Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы Құрмет грамотасы, Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Алғыс хат,Қарағанды облысының білім басқармасының Алғыс хаты, Қазыбек би атындағы аудандық «Нұр Отан» партиясы Құрмет грамотасы,Қарағанды қаласының білім бөлімі Грамотасы,Қарағанды қаласының білім бөлімі Алғыс хат, Қарағанды қаласының білім бөлімі Құрмет грамотасы, БА ҰО «Өрлеу» АҚ Қарағанды облысының филиалы Алғыс хат,Қарағанды облысының білім басқармасы, «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы Алғыс хаты,Қарағанды қаласының білім бөлімі Грамотасы,«Үздік презентация» байқауының «Менің педагогикалық ұстанымым» номинациясы бойынша ІІ орын иеленгені үшін-Диплом,Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Алғыс хат,БА ҰО «Өрлеу» АҚ Қарағанды облысының филиалы Алғыс хаты, Аймақтық ашық «әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалі І орын иеленгені үшін Дипломы, «Мұрагер» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған Республикалық қашықтықтан өткізілген «Үздік сабақ жоспары» байқауына қатысып, ІІ орын ие болғаны үшін Дипломы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ОҚА «Лингва» ғылыми білім орталығы «Тұлға KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қазіргі білім беру үрдісі: тәжірибе, дәстүр, инновация» атты ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конкурсына «Ең үздік ашық сабақ» номинациясы бойынша қатысып ІІ -орын Дипломы,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым басқармасы «Өнеге» интеллектуалды білім порталының Республикалық қашықтықтан өткізілген «Елбасы мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» байқауына қатысып, жүлделі І орынға ие болғаны үшін Дипломымен марапатталған.
Гүлайман Батталқызы Әл-Фарабидың мына бір ойын өзіне өмірлік ұстаным еткен «Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.»
Бүгінде №102 мектеп –гимназиясында биология және өзін-өзі тану пәндерінен сабақ беріп жүрген Гүлайман Батталқызы үшін әр оқушы -жеке тұлға. Сондықтанда тәжірибелі ұстаз әр шәкіртті жекелей тану арқылы оларды жан-жақты жетілдіруге болатынына сенімді. Мектеп, қала, облыс бойынша өтіп жатқан түрлі іс-шараға баланы барынша тартып, оның өзін таба білуіне қашанда ұстаз бағыт көрсетіп отыруы керек –деп біледі.Бұл орайда №102 мектеп –гимназиясы қашанда қызу жұмыс жүргізіп отырады.
Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды облысы,
«Білім айнасы»