Ертегі – халық қазынасы. Дана халқымыз ертегі арқылы ұрпағына тәлім-тәрбие, өнеге беріп отырған. Ертегі – адамның рухани азығы. Онда халықтың арман-тілегі, даналығы, сондай-ақ, ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесі бар.
Жаманнан жиреніп, жақсыдан үйрену, рухани азығын толықтыру, ұлттық құндылықтарымызды сақтау мақсатында Астана қаласы №84 мектеп – лицейінде 2017 жылдың 17 наурызында 4-сыныптар арасында «Ертегілер әлемі» атты ертегілерден көрініс қою сайысы ұйымдастырылды.
Бұл шараның мақсаты: жеткіншек ұрпақты халық қазынасымен сусындату, қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, еліне, тіліне құрметпен қарауға, оны әрі қарай дамытуға ынталандыру. Сайыстың шарты: тәрбиелік мәні бар, рухани азық болатын, берер өнегесі бар әлем ертегілерін қазақ тілінде көрсету болды. Бұл сайысқа 4 «А», 4 «Ә», 4 «В», 4 «Г» сыныптары қатысты. Атап айтар болсақ, сынып жетекшілері: Ержанова Баян Калымжановна, Жағыпарова Толқын Төкенқызы сыныбын өте жақсы деңгейде ұйымдастыра білді.
Оқушылар «Бақ, дәулет, байлық» ертегісінің кейіпкерлерін сомдауда оқушылар көрерменге үлкен ой салды. Берер өнегесі мол бұл ертегіде оқушылар актерлік шеберліктерінің жоғары екендігін, бұл сайысқа жоғары деңгейде дайындалып келгендерін көрсетті. Кейіпкерлердің дайындаған костюмдері де көрермен көңілінен шықты. «Не істесең де ойланып істе» ертегісінде оқушылар өз рөлдерін шынайы, нақышына келтіріп орындады. «Қасқыр мен адам» ертегісін орыс тілінде білім алатын 4 «В» сыныбы көрсетті. Автор рөлін өзге ұлт өкілі – Насырова Алина мүлтіксіз, қазақ тілінде таза, еркін сөйлеп, атқарып шықты. Қасқыр рөлін өзбек ұлтының өкілі – Шермахамбетов Феруз өте жақсы ойнап, көрермен көзайымы болды. «Шалқан» ертегісін оқушылар шебер орындап, ертегінің мазмұнын аша білді. Көрермен көңілінен шықты. 3 «Б» сынып оқушысы: Исмаилова Амилидің шарықтата шырқаған «Ертегілер» әні отырған көрермендерді әсем сезімге бөледі.
Әділ қазылардың шешімімен 4 «Ә» сыныбы жеңімпаз сынып атанды. «Өнерлі өрендер», «Талантты өрендер», «Талапты өрендер» атаулары бойынша жеңімпаз және қатысушы сыныптар дипломдармен марапатталды.
Мына алпауыт заманда жеткіншектерімізді, тағылымы мол іс-шараларға тартып, ертегі тыңдауға, оқуға, рухани азығын жетілдіруге, ұлттық құндылықтарымызды ұстануға баулысақ, болашағымыздың жарқын болуына еш кедергі болмас еді! Әр ертегінің өз шындығы бар!
Астана қаласы №84 мектеп-лицейі
Туленова Шынар Онжановна