«Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз,
ойын ойнамағандықтан қартаямыз»
Бернард шоу
Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған «Әріптестік қарым-қатынасты дамыту» тренингіне қош келдіңіздер. Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Халқымызда «мектеп – кеме, білім – теңіз» деген қанатты сөз бар. Осы нақыл сөзді мұғалімдер қауымы басшылыққа алуымыз қажет.
«Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз» деп Бернард шоу айтқан екен. Мен сіздерді «Әріптестік қарым-қатынасты дамыту» тренингіне ортаға шақырамын. (музыка жүру керек)
1-жаттығу «Көршіме жылулық сыйлаe»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылулық сыйлауы.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен білім ордасының ұстазымыз деп, қолдарыңызды жоғары көтеріп, қошемет көрсету.
(Мұғалімдер қимыл-қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)
2-жаттығу. «Періште» ойыны
Мақсаты: Ұжым мүшелерінің достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлік пен татулыққа баулу. Бүгінгі семинарға әр білім ордасының ұстаздары жиналып отыр, семинарға қатысу арқылы бір-бірлеріңізбен алдағы уақытта тәжірибе алмасып, байланысып тұру үшін «Сен менің періштемсің» жаттығуына қатысамыз.
Барысы: Қағаздарға ойыншылар өз есімін және телефон номерін жазып, бүктеп, бүктеген күйінде араластырылып қобдишаға салынады, бір-бірлеп таратылады. Әркім өзіне түскен қағазды алып, оқып сақтап қоюы керек. Сол күннен бастап сіз өзіңізге бұйырған, кездескен қағаздағы есім иесінің періштесі болып, қорғап жүресіз. Керек мәліметті жинап сосын хабарласып, көмектесіп жүресіздер.
3-жаттығу. «Ынталандыру сыйлығы»
Менің атымнан сіздерге сыйлығым (конфет) бар, бірақ мұны алған кезде өздеріңіз жақсы сөз айтып, өзіңізді ынталандырып, мысалы «Өрлеуден» алған білімімді жетілдіріп, үлкен жетістікке жетемін, Ғылыми жұмыстан жетістікке жетуге жұмыстанамын. Мен педагогикалық оқудан орын алсам жақсы болар еді деп уәде беруі керек. Жақсы сөздермен жанымызды нұрландырып жүрейік дегім келеді (конфетте психолог тілегі жазылған).
4-жаттығу. «Бағдаршам» ойыны: Қызыл түсті көрсеткенде – арқаларыңызды беріп тұрасыздар, жасыл түсті көрсеткенде – қол алысып амандасасыздар, ал сары түсті көрсеткенде – құшақтасасыздар, басынан сипайсыз жақсы сөз айтып, қош айтысасыздар. Жылдамдатып көрсету.
5-жаттығу. «Зейін аудару» Рефлексия:
Қатысушыларға сұрақтар беріледі. Егер жауабына «иә» деп келіссеңіз, қол соғасыз, келіспесеңіз «жоқ» деп дұрыс емес дегендей аяғыңызды жерге соғасыздар.
- Сіздерге бүгінгі семинарға қатысқан ұнай ма?
- Көңіл-күйлеріңіз қалай?
- Семинар тақырыбын білесіз бе?
- Ұйымдастырушы кім екенін білесіз бе?
- Тренинг сіздерге ұнады ма?
- Біз жаттығулар жасадық па?
- Семинардан алған әсерлеріңіз қандай?
Қорытындылау: Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға — деп Абай атамыздың сөзімен тренингті қорытындылай келе, бала тәрбиесіндегі еңбектеріңіз жана берсін, отбасыларыңызға амандық тілей отырып, шуақты да қуанышты күндеріңіз көп болсын деймін. Әрқашан да көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын! Тренингке қатысқандарыңызға алғысымды білдіремін.
Ишангалиева Сауле Маратқызы
№ 22 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің психологы
Атырау қаласы