Home » Эссе » Әркім “Бақыт” дегенді әр қалай түсінеді

Әркім “Бақыт” дегенді әр қалай түсінеді

Өмір сүрудің ең басты қағидасы — деніңнің саулығы болып табылады. Өйткен, адам баласының бір мүшесі шыдатпай ауырып тұрса, бақыт дегенді сезіну қиын болады. Шіркін, денің сау болып, ата-анаң аман болса, алдыңа қойған мақсатыңа жетіп, өміріңе серік болар  лайықты жанды адаспай тауып, отбасын құрсаң нағыз бақыт деген осы шығар. Алайда заман талабына сәйкес, көп адамның бақыт туралы ойы мүлдем өзгеріп кеткен. Біреу үшін бақыт деген байлық, мансап, атақ болса, ал біреу үшін өмірдің берген ұсақ-түйек заттары болса керек. Ойланып отырсам, апамның бір сөзі есіме түсіп кетті. Маған әрдайым мына нақыл сөзді айтып отыратын: ”Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін” қызым дейтін. Бақыттың мен үшін енді қандай болатынын білген боларсыздар. Бірақ, бұл –  менің ойым. Менің бір нәрсеге көңілім толмайтын жайым бар. Қазіргі жас қыз-жігіттердің көбісі шынайы бақыт пен мансапты шатастырып алған сияқты. Осыған орай бір мысал айта кетсем, атақты актер Джеки Чан қанша беделді болып, ”Оскар” жүлдесін иеленсе де, байлыққа кенелген адам болса да, жеке өмірінде бақытқа қол жеткізе алмаған. Неге деген ой келеді. Егер өмірге шынайы көзбен қарасақ, бақытты отбасын атақ пен абырой құртатын сияқты. Қаншалықты жолың болып атақты болсаң, соншалықты өзімшілдігің мен  менсінбеушілігің өсе береді. Шынайы бақытыңды басқа нәрсемен шатастырып алуың әбден мүмкін. “Бақ адасса, батпаққа қонады” демекші, бақыттың қандай болатынын біреуі түсінсе біреуі түсіне бермейді. Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай:

“Бақыт деген не өзі”деп бастады топ таласты.

Біреуі оны, үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.

Бірі айтады: бақыт деген барлық байлық емес пе,

Керегінше киіп ішсең де емес пе?

Бірі айтады: жоқ, бақыт деген қолың жетпес маңсап қой,

Жұрттан көрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы атты ғой.

Бірі айтады: бақыт деген адал жар мен перзент қой,

Ынтымаққа ырыс келген ол да саған келмек қой.

Пікірлердің таласына солай мен жолықтым.

Бақыт адам баласына келмес оңай, соны ұқтым.

Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,

Мансап жетпес бар адамға үлістіріп алғанда,

Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір жақұтты,

Оны алыстан іздемегін, жүректен тап – бақытты…»

 

№173 мектеп-лицейдің 11 «Г» сынып оқушысы: Арқабаева Алуа

Жетекші мұғалімі: Шатемірқызы Ақмарал

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.