Мақсаты: музыкалық дыбыстармен танысу. Музыкалық дыбыстардың төмендеуі мен жоғарылауын есту және ажырата білу. Қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру және оларды тембрлік бояуынан ажырата білу, ұлттық би қимылдарын үйрену арқылы қол пластикасын дамыту.
Дамытушылығы: Жаттығу әндерді ырғағына қарай шапалақтау, әндерді әндете, табиғи дауыспен интонациялық таза орындауға үйрету арқылы балалардың музыкалық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Ұлттық аспаптармен таныса отырып, күйлерді тыңдауға, тануға, сипаттама беруге үйрету. Балаларды ұлттық музыкаға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: Қоржын, музыкалық аспаптар, үнтаспа, аспаптар суреттері, ырғақты қимылға арналған карточкалар.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, ән айту, күй тыңдау, би қимылдары, ойындар.
Көңілді әуен орындалады. Балалар саппен келіп орындықтарына отырады.
Ән саз жетекшісі: — Сәлеметсіздер ме, балалар?
Балалар: — Сәлеметсіз бе!
Ән саз жетекшісі: — Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ерекшелігі: бізге көптеген қонақтар келіп отыр, сондықтан біздер келген қонақтарымызға ән сабағымызда не үйренгенімізді көрсетейік. Ой, балалар! Бізге әнші әтеш қонаққа келіп қалыпты ғой. Қолында сазды сиқырлы қонжығы бар екен. Сәлеметсің бе, әнші әтеш, сенің қоржыныңда не бар?
Әтеш: — Балалар, сәлеметсіздер ме, менің қоржынымда сиқырлы ноталар бар. Сендер нотаның не екенін білесіңдер ме? Әрбір нотаның тапсырмасы бар, сол тапсырмаларды орындай аласыңдар ма?
Ән саз жетекшісі: — Ой, рахмет, әтеш. Ал сен бізбен бірге қал қонақ бол.
Балалар, біз әріптерді, жазуларды, салған суреттерді көреміз. Ал дыбыстарды, ән немесе күйді көре аламызба?
Балалар: — Жоқ, әнді естиміз.
Ән саз жетекшісі: — Дұрыс айтасыңдар. Біз еститін дыбыстардың өзі шулы және музыкалық болып екіге бөлінеді. (мысал келтіру)
Музыка дыбыстарының қағаз бетіне жазылуын қалай атаймыз?
Балалар: — Нота деп атаймыз.
Ән саз жетекшісі: — Музыкада неше нота дыбыстары болады?
Балалар: — Жеті нота дыбысы бар: до, ре, ми, фа, со, ля, си
(Жетекші ноталарды күйсандықта ойнайды, балалар бірге қайталайды)
Ән саз жетекшісі: — Әтеш көрдің бе, біздің балалар ноталарды жатқа біледі, ал сенің қоржыныңда қандай тапсырмалар бар?
Әтеш: — Менің қоржынымда әрбір нотаның өз тапсырмасы бар. Ал, балалар, олай болса біз әтештің тапсырмаларын орындайық.
Бірінші нота — «до» тапсырмасында «Сұрақтар» деп жазылған (Жетекші сұрақтарды оқиды).
— Ноталар неше сызыққа жазылады?
— Ноталар бес сызыққа жазылады.
— Скрипка кілтін тап? (Бір бала шығып бірнеше белгілердің арасынан скрипка кілтін табады, екінші бала кілт белгісін оз орнына қояды.!
Екінші нота — «ре» тапсырмасында «Дауыс жаттығуы» деп жазылған.
Балалармен дауыс жаттығуын орындайды.
Үшінші нота — «ми» тапсырмасында «хор» деп жазылған.
- Балалар, хор дегеніміз не? (балалардың жауабы) Ендеше балалар, хормен ән орындайық.
Ән: «До-ре-ми». Әні мен сөзін жазған: Ө. Байділдаев.
- Ал, балалар, әтештің төртінші нотасы — «Фа». Оның тапсырмасында «Би» деп жазылған екен. Ендеше біз билерімізді ортаға салайық.
Билер: «Шабандоз»
- Балалар, әтештің бесінші нотасы – «соль» тапсырмасында «Аспаптарды тап» деген жазуы бар екен.
— Балалар, мен қазір әр түрлі аспапта ойнаймын, ал сендер дыбысынан танып, қандай аспап екендігін табасыңдар.
— Жетекші аспапты көрсетпей ойнайды, балалар аспапты үнінен табады.
— Соғылу, үрілу, ішекті аспапты ажыратады.
Ал, балалар қоржыннан шыққан алтыншы нота –«ля»- тапсырмасында «Оркест» деп жазылған.
-Оркест дегеніміз не? (балалардың жауабы)
-Балалар қазір шағын оркест ұйымдастырып жіберейік
Б.Ғизатов: «Біз өмірдің гүліміз»
Қоржындағы жетінші нота «си» тапсырмасында «Дыбыстарды және әуендерді тап» ойыны. Осы ойын арқылыбүгінгі сабақ барысына қорытынды жасаймыз. Қазір мен дыбыстарды күйсандықта ойнаймын, ал сендер жоғарғы және төменгі дыбыстарды табасыңдар
Ән жаттығуы: жоғарғы, төменгі дыбыстарды табу.
Қазір мен өткен сабақтардан әуендер жасырамын, ал сендер қандай ән немесе күй екенін табасыңдар.
Әндер: «Күз жомарт»
Ырғақты қимылдар: «Шөжелерім» (балаларға карточкалар таратылады)
Әтеш балаларға тапсырманы дұрыс, жақсы орындағанын үшін алғысын айтып, топтан шығып кетеді.
Қорытынды: — Ал балалар, бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма? Сабақ несімен ұнады? Қонаққа кім келді? Әтештің тапсырмалары ұнады ма?
Балаларды мадақтап, мақтап оқу қызметін аяқтады.
Кузембаева Гүлмира Керимбердиевна,
№5 «Балбөбек» балабақша ән-саз жетекшісі
Маңғыстау обдысы, Мұнайлы ауданы