Home » Балабақша » Әмбебап тәрбиеші

Әмбебап тәрбиеші

Біз, Тәуелсіз Қазақстан егемендігімізді алған уақыттан бастап біраз жылдарды артқа тастадық. Еліміздің экономикасын көтеретін саясатты қолға алдық. Көп жылдарды артқа салып еліміз де көркейіп келеді. Мұның барлығы дербес елдің өзіндік насихаты мен алдағы болашағына көз қарасының нық және сенімді екенінің дәлелі. Талпыныс пен еңбектің арқасында біз көптеген нәтижеге қол жеткіздік. Қазіргі таңда халқымыздың жағдайы жақсарып, еліміздің абыройы асқақтап, басқа елдер арасында өзіндік беделі бар ел болдық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың алдағы мақсаты мен жоспары – елдің экономикасын көтеру, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту, мәдени мұраларды әлемдік деңгейде насихаттай отырып асқақтату. Ал осы мақсаттың ішінде білімнің де алар орны ерекше бөлек. Себебі білімсіздің түбі қараңғы — деуші еді қазақ. Қазақстанымыздың болашағы өсіп келе жатқан жас өркендердің мойнында. Жас бүлдіршіндерді болашақтағы өзгерістерге дайындау біздің тәрбиешілік парызымыз. Балаларға жоғары деңгейде білім беру үшін біз бар білгенімізді алға қоюымыз керек сондықтан да айтарым, тәрбиешілер болсын мұғалімде болсын жаңа бағыттағы өзгерістерді қажет етеміз. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуге балаға» — дегендей осы жолды таңдағаннан кейін талмай, тынбай еңбек ету – біздің мақсатымыз және борышымыз. Тәрбиеші ең алдымен балаға балалар үшін білім нәрін құюшы, ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші, психолог, тәуекел тәрбиеші, білікті педагог, көшбасшы, тұлға, әмбебап мұғалімі, интеллегентті адам, заманауи технологияны игеретін, рухани бай болу керек. Осының әрқайсысына тоқтала айтар болсам тәрбиеші әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімнің ертеңгі күнгі қажеттілігінен сездіре алатындай қасиеті бар, балабақша табалдырығын аттаған әрбір жас өркендердің болашағына көздеген мақсаттарына қол жеткізетін бағыт, бағдар бере алатын үлкен тұлға.

  1. Психолог болу дегеніміз тәрбиеші тек білім беріп қана қоймай, алдында отырған әр шәкіртінің психологиясын зерттеу керек. Топтан бөлек әр бүлдіршіндермен жеке-жеке жұмыс жасау басты талап. Өйткені әр баланың қабілеті әртүрлі. Ал топтық жұмыс кезінде бірін артық, бірін кем көрмегені абзал.
  2. Тәуекелшіл – жаңа ғасырдың тәрбиешісі кез — келген ауыртпалықты қабылдай отырып тәуекелге баруға дайын болу керек. Оның бойында бар жақсы қасиеті өзгелерге үлгі. Тәрбиеші ұғымының өзі өзгеге үлгі болуға үйретеді.
  3. Көшбасшы – бұл бүгінгі таңда тәрбиешілердің балаға тәлім берумен шәкіртті қанағаттандыра ала алмайды. Тәрбиеші өзінің ұйымдастырушылық қабілеті мен қоса алғанда, сол ортада көшбасшы бола білу керек. Қоғамды соңына ертуге қауқарлы, ісіне берік әрі тиянақты болған жөн. Көштің басын бастау әрине қиын, дегенмен бұл жаңа дамыған дәуірдің талабы.
  4. Әмбебап тәрбиеші – жан-жақты білімді, білікті, тартысқа түссе тарпаңдап шығып, додаға түссе бәйгені бермес болу тиіс. ХХІ ғасырдың кез келген адам баласына қояр талабы осы. Дегенмен де тәрбиешілер – балаларға сурет салумен, білім үйретумен, қалам ұстатумен, әріп үйретуші тәрбиешінің әмбебап болу әлдеқайда маңыздырақ.
  5. Интеллигент – тәрбиешінің тағы бір қыры өзін ұстауы, киім киісі, жүзінің жарқын бейнесіне дейін көрініп тұруы тиіс. Әр бір сөзге сауатты, әр бір ісіне жауапты мәдениетті интеллигентті тұлға болу міндеті. Ал көзін ашқын күннен бастап үлкен өмірге қадам басқанға дейінгі үлгі тұтары – тәрбиеші. Ендеше оның интеллектуалды қабілеті аса маңызды.
  6. Рухани бай болу керек, себебі қай елдің болмасын тәрбиешісі, не мұғалім дәрежесін көтеріп жүрген жан – рухани құндылыққа бай болу керек. Ал сол елдің ұлттың болмысы мен табиғатын бала бойына терең сіңіруге, Отансүйгіштікке тәрбиелеуге таптырмас құрал. Тәрбиешінің жан дүниесі рухани тәлімге толы болса, шәкірттің де одан алар ілімі далаға кетпек емес. Себебі бала — бақша болашақтың бастауы мен баспалдағы.
  7. Білікті педагог сөзінің өзі – тәрбиеші мен ұстаз ұғымына етене жақын. Бірақ тәрбиешінің өзі білікті, әрі сауатты педагог болғаны дұрыс. Бүлдіршіндеріне әртүрлі әдістер арқылы тәрбие беру, білім бұлағымен сусындату ең маңызды дүние. Біздің міндетіміз баланың бойындағы жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Баланың қабілеті мен талантын дамытуға неқұрлым ертерек бастасақ соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Бала-бақшадағы балаларды Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматтарды тәрбиелеуде тәрбиешілердің еңбегі екі еселене түскенінің дәлелі осы. Балабақша балалардың екінші үйі болса, ал ұстаз екінші анасы десекте артықтық етпес. Бала жүрегі кішкентай күй-сандық. Сол сандықтың кілтін тапсақ қана ашылады. «Ұстаздың қолында әр кез сол кілті тұру керек» — деп М.Шаханов атйқандай әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу – ұстаздың ең басты міндеті.

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы,

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – мінездің күншуағы,

Азбайтұғын адамның асылдығы.

Осы төрт қасиет әр тәрбиешінің бойынан табылу қажет. Тәрбиеші алдында тәрбиелейтін жан жоқ. Себебі тәрбиеші берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол табар шамшырақ болары анық. Тәрбиеші жас ұрпақты сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз таудан арқырай тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді сумен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып дамылдайды. Сол себепті менің тыныштық тауып, дамылдайтындай азды кем жетістіктерім бар. Тәңірдің маған тарту еткен сыйы – деп Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы негізінде жүзеге асырылған «OZATTAR» — энциклопедиясына қатысып, үздік қызметкерлердің қатарынан көрініп, құрмет грамотасына ие болдым. Онымен қоса балғын балапандарым да республикалық додаларда бақ сынап жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсам, «Достар дауысы» телевизиялық шығармашылық жастар байқауының І дәрежелі диплом иегері Оразбай Жанайым, «Туған жер» атты интернет байқауының «Менің Отаным суреттер байқауы» І дәрежелі диплом иегері Оразбай Жанайым мен ІІ дәрежелі диплом иегері Бұхарбай Сағыныш.

Бала-бақша болашақтың баспалдағы,

Рухты ұрпақ ұлтымның қасқалдағы.

Білімнің тұңғиығын бойлай алсақ,

Айға да апарады аспандағы.

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ол оқуды, ізденуді, үйренуді, тоқтатқанында оның мұғалімділігі де жойылады деген К.Д.Ушинскийдің жақсы сөзін жадымыздан шығармаймыз.

Қорыта келгенде тәрбиелеу дегеніміз адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту (Әбу Насыр әл Фараби).

Құлмаханова Гүлнұр Сырлыбайқызы,
Түркістан облысы, Кентау қаласы, Шорнақ ауылы,
«Бәйтерек» балабақшасы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.