Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Әл Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді»

Әл Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді»


 Сабақ негізделген оқу мақсаттары 6.2.2.1 — әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру; 6.3.3.1 -әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;
Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Екінші ұстаз ретіндегі мүмкіншілігін таныту, идеялық-эстетикалық мәнін ашу, логикалық ойларын дамытады.Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Әбу Насыр Әл Фараби өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту- «Қашықтасың туған жер» , «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашады.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі. Оқушының төменгі жетістігі, қазақ әдебиетінде аңыз әңгімелері туралы ақпарат береді, жаңа сөздерді сөйлем ішінде қолдана алады. Оқушының орташа жетістігі сабақ барысында жазбаша, ауызша жұмыстарды орындайды, кесте ішінде берілген ақпаратты түсінеді, қолдана алады. Оқушының жоғарғы жетістігі тақырып аясында әңгіме құрайды, мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата біледі, мәтін құрап жазады.

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт Сабақ барысы: Бағалау түрлері
Басталуы

5 минут. Бағалау парақшасымен таныстыру.

 

Абдрасилова Динар Зулпухарқызы

 

 

 

 

Топтарға бөлу. Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Аялы алақан» Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту. Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды) Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай маркерлер алады.

Үй тапсырмасы. Бөшкеден шыққан бас қатырғылар 1. Ежелгі дәуір әдебиеті қай кезеңдерді қамтиды? А) ҮІ — ҮІІІ Ә) ҮІІ – ХІҮ Б) ІІ – ІІІ В) ІІІ — V 2. Сақтардың жазуы қанша әріптен тұрған? Р) 30 Л) 26 М) 42 Н) 37 3…. Бектер аты болдырып, Қайғы оларды солдырып, Меңді жүзі сарғайып,Запыран рең сүртілер Берілгін үзінді қай шығармадан алынған? Ф) Алып ер Тоңа Х) Күлтегін Һ) Оғыз қаған Ц) Қорқыт 4. Түркі қағанатының негізін қалаушы А) Бумын Ә) Күлтегін Б) Тоныкөк В) Білге 5. Түркілердің оғыз ұлысынан шыққан данагөй көріпкел, бақсы, ұлы күйші, жыршы ел басқарған көрнекті қайраткер П) Оғыз Р) Қорқыт С) Күлтегін Т) Білге Тесттің кілті: ӘЛ ФАРАБИ / ҚБ мадақтамалар арқылы «Аялы алақан» Тренинг.

Жаңа білім

10 минут

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Сабақты ашуға түрткі болар сұрақтар мен тапсырмаларды орындату: І топ: «Туған жер» сөзіне; ІІ топ: «Өмір» сөзіне бес жолды өлең құрастыру. Дескриптор: Өлең құрастырады «Бес жолды» өлең талаптарына сай құрастырады. Өнерлі жігіт Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбунасыр одан: — Күніне қанша табасың? – деп сұрайды. — Екі дирхемге жетер-жетпес қана. — Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, – деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагер: «Өнерлі жігіт»тақырыбындағы мәтіннен үзінді беру, өздеріне қорытынды ой айтқызу. Оқиға әрі қарай қалай өрбуі мүмкін? Оқиға әрі қарай қалай өрбуі мүмкін? Әке орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер? — Мына дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? – деп күліпті. Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар. • Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келді? Не үшін? • Шәкірттерінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қаншалықты еңбек сіңіреді деп ойлайсыңдар? • Білім адамға не үшін керек деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар. Әрине ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді байқап, оның болашықта өз орнын табуына көмектеседі. Сол үшін аянбай еңбек етеді. Ортақ тапсырма: В)Видео баянды көріп болып, одан не ұққандарын ауызша айтып, ойларын ортаға салады) (Әл -Фарабидің өмірі мен қызметімен Оқулық, мәтіндер. «Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі таныстыру)

Ортасы: 10 минут

«Ыстық орындық» әдісі І топқа: Өлең мазмұны бойынша жұмыстар. 1.Ғұламада лирикалық сарында жазылған сырлы, мұңлы өлеңдер көп. Фараби де адам, пенде, оның да алыста ел-жұрты, ауыл-аймағы бар. Сол сағынышын қай өлең жолдарынан көруге болады? Қашықтасың туған жер- қалың елім… 2.Алыста жүріп туған жерін сағынып, аңсап жазған қандай ақынның өлеңдерін білесіңдер? (М. Жұмабаев «Сағындым», Қ.Аманжолов «Туған жер»,т.б.) Әл- Фараби «Қашықтасың туған жер»өлеңін мәнерлеп оқып, өлең мазмұнын, идеясын ашу,:өлеңге СКТ жасау . Өлеңді мәнерлеп оқып, түсінгендерін айтып береді. 3. Әл-Фараби: «…Зиялы аз бір тұтам тіршілікте, Әкімдікке күллісі жүгіреді. Көкірекпен сезініп, күрсініп көп, Жаным менің түршігіп, түңіледі…»,-деп білімсіз бола тұра әкім, бастық болуға таласатынын айтып күрсінсе, Абай: «…Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын шен алсын деп бермедім…», немесе «…Ойында жоқ Салтыков пен Толстой, ІІ топқа: 5.Келесі шумақтардан эпитеттерді, метафора, кейіптеуді табу. Эпитет деген не? Эпитет — ұқсастығы бойынша бір затты екінші затқа қолдану. Тамылжыған бал тыныштық айналамнан, Тылсым түнге құшағын жайған далам. Мен жатырмын ұйқысыз жапа-жалғыз, Жанымды ой жарығы аймалаған. Аққан жұлдыз құласа кейде егер, Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер. Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып, Өміріме бір ғажап сәуле берер. Бал тыныштық, тылсым түн, аққан жұлдыз, нұрлы бейне, ғажап сәуле- эпитеттер Ой жарығы – метафора Оқулық, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер «Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.
Жарық аймалады — кейіптеу 1. Өлеңнен төзімділікті, шындықты дәріптейтін өлең жолдарын тауып оқы. 2. Кестені толтыр. «Үш жақты күнделік» стр-сы
Өлеңнен үзінді Үзінді жайлы пікір Мазмұны сәйкес мақал-мәтел Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. Жүргендер көп достық атын малданып, Алайда тек қалма оған алданып. 3.Салыстыр, өз ойыңды білдір. Әл-Фараби қағидасы Абайдың 34 қара сөзі Шығармашылық тапсырма: «Менің туған жерім» тақырыбына шағын эссе жазу «Фараби- біздің бабамыз…» (арнау шығару) «Атымды Адам қойған соң…»(Әл-Фарабидің тегінің шығу тарихы турасында) Қорытынды сұрақ жауптар: Әбу Насыр әл – Фараби қай жерде дүниеге келген? -Қай жылы туылған? -Еңбектері? -Шәкірттері кім? — Әбу Насыр бастауыш білімді қайда алған? — Ол қай елдерде болған? — Әбу Насырдың туған еліне арналған өлеңінен қандай сезімін байқадың? -Мансабы ? -Оның еңбектерін зерттеген ғалымдар кімдер?
Сергіту сәті: 2 минут Сергіту сәті «Күміс құмған-ай» Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы; Сабақты бекіту

10 минут Кітаппен жұмыс: Әл-Фараби өлеңдерін құрылысына қарай талдайды. Өрге жүзген// өнегелі ісімен, 1 шумақ Танда адал //дос теңіңнің ішінен. 4 тармақ Жүргендер көп// достық атын малданып, 8 бунақ Алайда тек// қәлма оған алданып. 11 буынды «Таңда да таста» әдісі

Бағалау: 5 минут Кері байланыс: 3 минут «Жетістік» баспалдағы. Кері байланыс парағы. «Жетістік» баспалдағы.

Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс, Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс, Құндылықтардағы Байланыс

Рефлексия: Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.