Home » Мақалалар » Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекшеліктері

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекшеліктері

         Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан елінде ең классикалық университет мәртебесіне ие. ҚазҰУ еліміздің барлық жоғарғы білім беру жүйесінің тірегі болып саналады. Бұл университет ғылыми инновациялық дамудың алдыңғы қатарында. Университетте әр алыс, жақын елдің аймағынан келген студенттер білім алуда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті гуманитарлық және техникалық мамандықтары бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындау үстінде. Мысалы, магистранттар мен докторанттарға екі адамның ғылыми жетекшілік ету тәжірибесі берілген. Шетелде тәжірибелік практикадан өту мүмкіндігі көп уақыттан бері жолға қойылған. Университетімізде 14 факультет бар және олар әртүрлі саланы қамтиды. Университетте студенттер жан-жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. Университетке тән ерекшелік – оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестіріле жүргізілуінде. Университетімізде ең ірі корпоративтік интранет жүйесі бар және оқу залдарымен, өзіндік кітапхана мен жатақханалармен берік қамтылған. ҚазҰУ көптеген шетелдік университеттермен байланыста. Бұл тұрғыдан университетімізді жастардың жоғары білім, білік дағдыларын қалыптастыруы мен сананы жаңғырту жолындағы, студенттердің кәсіби маман болу жолындағы орасан мүмкіншіліктер ордасы десе де болады. Корей Республикасының «Hankuk University of Foreign Studies», Тайвань «Ching Yun Universitety» университеттерімен тығыз серіктестікте. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Рейтинг.кz» зерттеу орталығының қорытындысы бойынша 5-орында тұр. Осы Қара шаңырағымыздан талай танымал қоғам қайраткерлері, депутаттар, ақындар, көк туымызды желбіреткен спортшылар және өз ісінің мамандары түлеп ұшты.

Қарашева Ж.Т.,

Азаматтық құқық және

азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы

кафедрасының

аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.