Қазақстан Републикасы білім және ғылым министирлігінің №392 бұйырғы негізінде мектепалды даярлық тобы білім беру бағдарламаларын, бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларын, оқулықтары мен оқу әдістемелік кешендерін апробация шеңберінде “Әліппе”-“Букварь” апробациялау бойынша 30 пилоттық мектептің құрамындағы 18 мектепалды даярлық сыныптарының қатарына біздің Ақтау қаласының білім бөлімінің №43 «Батыр» бөбекжайы кірді. Бөбекжай директоры У.Д. Юлдашева. Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру-ұлы мұрат. Қазіргі заманда білім беру әлемдік құрылымның маңызды элементінің біріне айналады. Елімізде білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімі мен дағдасы немес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі педагогика ғылымның бір ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмытылуы.
Балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуіне бөбекжайда берілер тәрбиенің ықпалы зор. Қазіргі заман талабына сай бөбекжайымызда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерің ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбилеу — біздің алға қойған міндетіміз. Балаларға айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп, әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отырамыз. Балалардың сөйлеу қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әнгімелеріне бағыт-бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстаймыз. Баланы өз баламыздай жақсы көріп, білгенімізді олардың санасына құю, жеткізу біздің алға қойған ең басты мақсатымыз. Сол мақсатқа жету үшін талмай, қажымай еңбек етуге міндеттіміз.
Баланы оқу мен жазуға үйрету-мектептің міндеті, бірақ көптеген дағдылар мен біліктерді бөбекжайда үйренуі керек. Сонда ғана оның мектепке келгеннен кейін оқу мен жазуды толыққанды игеруі жеңіл болады. Ал мектепке дейінгі даярлау барысында игерген дағдыларын ол өзіне жаңа іс-әрекет барысында жүзеге асырады. Дұрыс берілген білім баланың бойына сіңіп, тамыры тереңге бойлайды. Әрбір баланың сауатты азамат пен азаматша болуының негізі бөбекжайда қаланады.
Мухтарова Севета Орынбасаровна,
Ақтау қаласындағы №43 «Батыр»
бөбекжайының мектепалдық
даярлық тобының тәрбиешісі