Home » Жаңалықтар » «Әліппенің» апробациясы өтті

«Әліппенің» апробациясы өтті

Жуырда, Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №78 бөбекжай-балабақшасында ««Ц» дыбысы және әрпі атты» «Әліппе» апробациясы бойынша ата-аналарға арналған қорытынды ашық оқу қызметі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу және сөзсіз жеке айту. Сонымен қатар, сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратып, дұрыс дыбыстау.
Мектепалды даярлық «Қарлығаш» тобының тәрбиешісі Еркінова Үрліхан Сәрсенбайқызының ұйымдастыруымен өткізілген қорытынды ашық оқу қызметіне балалардың қызығушылығы өте жоғары болды. «Әліппені» оқуда балалар әріптерді толық меңгерген, артикуляциялық жаттығуға негізделген тіл сындыру кезеңінде дауысты дыбыс түрлерін (жуан – жіңішке) ажыратып, дыбыстарды артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай дыбыстап, трансформациялап, буын мен сөзді мағынасына қарай ажыратып үйренген. Балалардың әріптерді ажырата дыбыстауы, шындығында, бізді де таңқалдырды.
Шараға қонақ ретінде қатысқан бүлдіршіндердің ата-анасы да балаларының әріптерді толық меңгергенін айтып, тәрбиешісіне алғыстарын аямады. Мәселен, тәрбиеленуші Ықылас Айзеренің анасы Биболова Әсем ханым өз сөзінде: «Тәрбиешілер біздің балаларымыздың әліппені танып-түстеуіне зор үлестерін қосқандығы бүгінгі шарадан айқын көрінді.Қорытынды ашық оқу қызметі ата-аналар үшін өте жақсы деңгейде өткендігін әрі бізге тамаша көңіл-күй сыйлағандығын еш қысылмай айта аламын. Сіздерге ата-аналар атынан көп рахмет айтамын»,- деп ағынан жарыла алғысын білдірді. Тәрбиешілер балаларға әріпті игерту мақсатында тың әдістерді қолданғандығы көрініп тұрды. Оған айқын дәлел ретінде шара барысында балаларға әріпті меңгеруге сайқымазақтардың көмекке келгендігін атап айтсақ болады. Шара соңында сөз алған ата-аналар өкілі Көпшілбай Дидар тәрбиешілер қолданған көрнекіліктердің, балаларға арналған үнтаспаның әрі оның ішіндегі балалардың қызығушылығын арттыратын қызықты тапсырмалар мен ойындардың маңызы зор екендігін айтып өтті.

Дінмұхамед МҰХАМЕТЖАН,
«Білім айнасы»,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.