Home » Ашық сабақтар » Әлібекова Гүлназ Батырбекқызы

Әлібекова Гүлназ Батырбекқызы

Әлібекова Гүлназ Батырбекқызы,
Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті,
№125 С.Сапарбеков атындағы орта
мектебінің кітапхана меңгерушісі

Библиокеш-2018

 

Сабақтың мақсаты: мемлекетіміз бен қоғамның болашағы жастардың ой-өрісін өсіретін,өмір жолында бағдар болатын кітап екенін ұғындыру;
Кітап оқудың адам өмірінің бос уақытында өзіне серік етіп,тиімді де қажетті ақпарат пен білімді кітаптан алатынын түсіндіріп тәрбиелеу:
Оқушылардың кітап оқуға құмарлығын,кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын,ой-өрісі дамуын,рухани байлығын,шығармашылық қабілетін арттыру.
Сапалы білім,саналы тәрбие алу үшін көп оқып,көп іздену керек екенін түсіндіре отырып, оларды адамгершілікке ,мейірімділікке ,шындыққа ,ізгілікке әдептілікке тәрбиелеу;
1-жүргізуші: Қайырлы күн,құрметті қонақтар,қадірлі ұстаздар мен оқушылар!
Сіздер 23-ші сәуір Дүниежүзілік кітап күні мерекесіне арналған «Библиокеш-2018» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!
Егемен еліміді әлемге таныту,болашақта еркін өмір сүріп,ойлаған армандарыңыздың іске асуы тек ерінбей терең білім алғанда ғана орындалары сөзсіз.Білім алудың басты құралы-кітап.
Енді осы кештің бағдарламасымен таныс болыңыздар:
1. «Кітапхана-ғажайып қазына» аты презентация
2. «Бір ел –бір кітап» республикалық акция аясында Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» жинағын шашу.
3. «Кітап-Бәйтерек» композициясы арқылы оқырмандар кітапхана туралы тілектер мен пікірлерін білдіру.
4. «Ашық микрафон» оқырмандармен сұхбат
5. «Кітаптар мұңы» көрініс
6. «Денсаулық-брейк»
7. Марапаттаулар: «Үздік оқырман», «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына белсен қатысқан оқырмандарды марапаттау.
2-жүргізуші: Бастайыншы сөзімді «бисмилла» деп,
Ассалаумағалейкум,жиылған лек!
Еліміз кітап күнін тойлап жатыр,
Ұрандап «Оқитын-елозқ ел!»деп
Мен бұрын мұндай тойды көрмеп едім.
Бұл деген-көке биік өрлегенің.
Оқуға ел ниетін бұрып жатса,
Алынар небір асу,бел дегенің.
Кітап күні тойланып жатыр жылдан-жылға,
Бүгінгі жыл келер жылға болсын жұғыс.
Кең,қазынаң кітап қой нәр беретін.
Жайнатып өміріңе сән беретін.
Жер бетінде ешқандай ғажайып жоқ,
Халайық,дәл кітапқа тең келетін.
Кітап-сәуле,нұр берер шырағыңыз,
Сарқылмайтын білім мен бұлағыңыз.
Ән: «Егеменді ел»
1-жүргізуші:
Кітап -әлем мөлдірлік тұнығындай,
Нәзіктік пен кітапта ұлы ұғым бар.
Кітап-тарих,шежіре сан ғасырдан
Келер күннің кітапта жарығы бар.
2-жүргізуші:
Ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтынсарин атамыз: «Оқысаңыз,балалар,шамнан шырақ жағылар» деп алдағыны болжаған.Мұндағы «шамы» тұңғиық терең білім,ғылым болса керек. Осынау білім деген шамның жарқырай түсуі үшін кітаптың,сол кітаптың деген шамның жарқырай түсуі үшін кітаптың,сол кітаптын жинақталар жері-кітапхананың қашанда тұғыры биік болуы тиіс.
«Кітапхана-білімнің күншуағы» десек,ізденсем, білсем деген балаға кітапхананың есігі әрқашан да ашық.
1. «Кітапхана-ғажайып қазына»
1-жүргізуші:
Білесің бе,кітап білім ұясын,
Келесің мұнда өмірге азық жиясың.
Оқып-біліп,зерттеп көріп санаңа,
Терең білім,ой маржанын құясың.
2-жүргізуші:
Дейді ойшылдар «Кітап –білім бұлағы»
«Кітапхана-сол кітаптар тұрағы»
Көп үйреніп,көп оқыған баланың
Анық тағы білімпаз боп шырағы.
1-жүргізуші: 2007 жылдан бастап ҚР Мдениет министірлігінің қалауымен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы мен ҚР кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен Қазақстан Республикалық «Бір ел –бір кітап» акциясы өткізіліп келеді. Биылғы жылы «Бір ел-бір кітап» акциясына Дулат Бабатайұлының шығармалары «Өсиетнама» жинағы алынды.
2-жүргізуші: Көрнекті ақын Дулат Бабатайұлы 1802 жылы семей облысы,Аягөз ауданында туған,руы Найман.
Д.Бабатайұлының өмірі жайлы мәлімет аз.Дулат жасынан өнер қуған адам деседі. Шығармаларына қарағанда,мұсылманша хат білген. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен ддактикалық негізінде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.
«Дулат Бабатайұлына арнау».
1-жүргізуші: Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» жинағымен және Дулат Бабатайұлына арналған көрмемен таныстырып өтуге мектебіміздің кітапхана меңгерушісін шақырамыз.
2-жүргізуші:
Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келер айналасы,-деп ортаға Дулат Бабатайұлының «Өсиет өлең» туындысымен 7-сынып оқушысын шақырамыз.
1-жүргізуші:
Елімізді атақты
Ғалым ата не тапты
Бәрін,бәрін білесің,
Оқи берсін кітапты.
Білім алар көп адам,
Жақсы нәрсе жоқ одан.
Қызыға көп оқимын,
Кітап көрсем жаңадан.-деп енді, оқушылармен сұхбаттасу уақыты келді.
-Фариза Оңғарсынованың ең көп тараған өлеңдер жинағы қалай аталады?
-«Көксерек» әңгімесін жазған кім?
-Қырғыз,қазақ жазушы кім?
-Желмаямен желіп жүріп Жерұйық іздеген кім еді?
2-жүргізуші:
-«Дүниежүзілік кітап күні» қай күн?
-«Дүниежүзілік балалар кітабы» күні қай күн?
— Оқырмандардың қолданған кітаптарын жазатын дәптерлері қалай аталады?
-Кітапханада тұратын қандай каталогтарды білесің?
(Алфавиттік каталог,жүйелі каталог)
-Оқулықтар шығатын қандай баспаларды білесің?

        

Кітапбыңды құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке,-дей отырып, « Кітаптар мұңы» көрінісін назарларыңызға ұсынамыз.
Ән: «Туған жер»
1-жүргізуші: Фариза Оңғарсынова «Өзімді таныстыру».
2-жүргізуші:
Денсаулық ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі,- деп кезекті « Денсаулық-брейккке» берейік.
Би: «Флешмоб»
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышым».
1-жүргізуші:
Білім сүйсең,кел күн сайын осында,
Кітап сенің айналады досыңа.
Талаптансаң үйренуге құмартып,
Келгін,жас дос ізденейік қосыла.
2-жүргізуші: Бәрін,бәрін білесің,
Оқи берсең кітапты,-деп ақындар жырлағандай,кітап оқудан жалықпайық. «Білім-көзі кітапта» екенін әрдайым естеп шығармайық,деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.