Home » Жаңалықтар » Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ғылыми-практикалық конференция өтеді

Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ғылыми-практикалық конференция өтеді

Астана қаласы №76 мектеп-лицейі Астана қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып 2016 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алаштың көсемі, көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 150 жылдығына орай «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Өткізілетін орны:

Астана қаласы, №76 мектеп-лицейі (Түркістан көшесі, 10/1)

Конференция мақсаты:

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның және Алаш зиялыларының Тәуелсіздік жолында жасаған еңбегін, Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік аренадағы орынын таныту.

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның өмірі мен қайраткерлік еңбегін дәріптеу, Алаш зиялыларының қазақ елінің құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуына қосқан үлесін анықтап зерделеу, Тәуелсіз құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолындағы саяси-құқықтық ізденістерін саралап зерттеу, кешегі және бүгінгі таңдағы Алаш зиялыларының идеяларын келешек ұрпаққа насихаттау міндеттерін шешуде конференция келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

І секция. Алаш идеясы: Кешегі Алашорда және Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан.

ІІсекция. Алаш арысы — Әлихан Бөкейхан.

ІІІ секция. Білім мазмұнындағы ұлттық құндылықтар.

Конференцияға Қазақстан, ТМД елдері мен шетел азаматтары, ғалымдар, педагогтер, студенттер және мектеп оқушылары қатысады. Қазіргі күні конференцияға Түркия, Монғолия, Германия елдерінен және Қазақстанның бірнеше облыстарынан, Астана қаласынан 140-қа жуық баяндама тіркелді.

Конференцияның пленарлық отырысында «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, алаштанушы-ғалым Қамзабекұлы Дихан, Стамбулдан PhD, профессор, «Түркі халықтарының мәдениеті, тарихы» жобасының жетекшісі Жұмаділова Нұршат Төлеуғалиқызы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданынан өлкетанушы Мұқан Тұңғышбай, №76 мектеп-лицейінің оқушысы Баянғалиев Ғабдолла баяндама жасайды деп жоспарлануда.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.