Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық және демократиялық өзгерістерге байланысты жеке тұлғаның дербестік дамуы маңыздылық сипатқа ие болуда. Қазіргі таңда біздің елімізде тұлғаны тәрбиелеу мәселесіне ерекше жағдайда көңіл бөлінуде . Яғни, мектеп оқушыларының бойында шығармашылық қабілетін, бағыт бағдарын, өмірлік ұстанымын, өзіндік сенімін, қызығушылығын , танымдық процестері мен психологиялық қасиеттерін дамытатын мүмкіндіктерді жасауды қажет етіп отыр. Қоғамдағы әр түрлі жаңғырулар мен өзгерістердің ықпалы қатты әсер ететін ең бір нәзік тұсы –бала. Сондықтан әлеуметтік педагогика баланы басты обьект ретінде қарап, баланың білім алуына , тәрбиеленіп , әлеуметтіктұлға болып қалыптасуына отбасы , білім , қоғамдық институтардың тигізетін әсерін зерделейді.
Мектептегі әлеуметтік педагогикалық жұмыстың негізгі бағыты –оқушылардың арасынан әр түрлі категорияларға жататын, әлеуметтік мәртебеге ие жекелеген отбасы балаларын анықтау және олармен әрекеттестікті ұйымдастыру.
Әлеуметтік педагог-социумның «әлеуметтік диагнозын» қою барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың қабілетін, қызығушылығын зерттейді. Ол психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік этикалық және басқа да сипаттағы проблемаларды шешуге көмектеседі. Қоғам мен отбасы бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола отырып, тәрбиеленушінің шынайы өмірге қалыптасыуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани-адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал етеді.
Мектепте әлеуметтік педагогтар отбасы жағдайына байланысты әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды тәрбиелеу мен әлеуметтендіру үдерісін іске асыруда көптеп еңбек етуі қажет.
Ең алдымен оқушыны тәрбиелеу-оның кішкентай күнінен басталып, адамның болашақ өміріне үлкен әсер тигізеді. Тұлғаны тәрбиелеуде әлеуметтік институттардың маңыздылығы зор. Ал, әлеуметтендіруге бағытталған тәрбиенің басты мақсаты-тұлғаның бойына сол қоғамның құндылықтарын қалыптастыру қажет болады. Барлық оқушыны әлеуметтендіру мен тәрбиелеуде негізгі бағыты жүргізілгенімен де әлеуметтік педагог әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды рухани түрде демеу жасауы қажет.
Тұлғаны әлеуметтендіру-мәдени элементтерді түсіндіру, мұрағаттар мен құндылықтарды игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Құндылық – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға шындық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, махаббат, шығармашылық жатады.
Әлеуметтендіру үдерісінің тиімді жүзеге асырылуы адам қоғамға өзін бейімдей алғанда ғана болады. Ал егер адам қоғам өзгерістеріне сай пайда болған жаңа талаптарға сәйкес бейімделе алмаса, онда ол әлеуметтендірудің құрбаны болады.
Сонымен қатар бала қолайсыз жағдайлардың да құрбаны болуы мүмкін. Мысалы, ата-ана қамқорлығынан айрылып жетім қалу, ата-анасы ішімдікке салынып кеткен отбасындағы балалар, экологиялық орта және тағы басқа да әр түрлі факторлар баланың қалыптасуына кері әсерін тигізіп, әлеуметтендірудің құрбаны екендігін көрсетеді.
Сондай-ақ ата-аналардың ажырасуы бала дамуында , яғни әлеуметтенуде үлкен рөл ойнайды.
Көп жағдайлар оқушылардың оқу үлгерімдерінің әлеуметтік өзгерістеріне
алып келіп жатады.
Мысалы өз мектебімдегі 7-сынып және 11-сынып оқушыларының оқу үлгерімдерінің әлеуметтік өзгерісіне зерттеу және талдау жұмыстарын жүргізген жұмыстар барысында сауалнама нәтижесі көрсеткендей, 7-сынып оқушыларының 28% бірінші айлардың өзінде –ақ мектепке білім алуға бірден бейімделгені анықталды және 21 % өз құрдастарымен жақсы, достық қарым-қатынас орнатқан.
Оқуда тұрмыста өмір сүру шарттарының өзгерістеріне байланысты белгілі бір қиыншылықтар бар , алайда оны жеңіп шығуға болады деп есептейтіндердің пайыздық мөлшері-58%.
Оқушылардың 42 %-ы толығымен білім беру үдерісіне, білім беру шарттарына және оқытушылармен қарым қатынасқа толық қанағаттанушылық білдірді.
Оқушылардың 68%-ы берілген тапсырмаларды орындайтындықтарын және сабақтан себепсіз қалмайтындықтарын атап өтті.
Сабақтан тыс іс-шараларға белсене атсалысатын оқушылар 32%- ды құрады.
Зерттеу барысында мектебімізде білім беруде оқу үлгерімінің әлеуметтік өзгеріске түсетін факторлар анықталды.
Олар төмендегідей сипатта:
- толық демалу уақытының болмауы
- оқу мен бос уақытын тиімді жоспарлай алмаушылық
- оқу материалдарының күрделілігі;
- жаңа ақпараттар өте ауқымды болуы
- сыныптан сыныпқа көшу барысындағы талаптың күрделене түсуі.
7 сынып оқушыларының 26,3% мектеп өміріне бейімделуде, құрдастарымен, оқытушылармен тұлғааралық жақсы қарым қатынас орнатуда, оқу тапсырмаларын орындауда бірқатар қиыншылықтарға ұшырайтындығы белгілі болды. Бұл оқу материалдарының күрделілігімен, кейбір пәндер бойынша мектептегі білім көрсеткішімен өз білімінің деңгейінің жетіспеушілігімен уақыты мен күш жігерін дұрыс бөле алмауымен, күтімдердің сәйкес келмеуі әлеуметтік өзгерісі түсіндіріледі.
Қалыптасқан тұлғааралық қатынастарды талдауда барлық зерттелетін оқушы топтағы әлеуметтік-психологиялық ахуал тұрақсыз болып сипатталады, бірақ толығымен алғанда қолайлы.
Бұл тұлғааралық қатынастардың біртіндеп қалыптаса бастағанын және топта жаңадан достық қарым-қатынастар орнатыла бастауымен түсіндіріледі.
Сонымен, бұл сатыда жүргізілген зерттеу нәтижелерінің қорытындысы көрсеткендей, оқушылардың оқу үлгерімдерінің әлеуметтік өзгерісі олардың жаңа әлеуметтік шарттарға, өмір сүрудің жаңа кейпіне, жаңа талаптарға, тұлғааралық жаңа жүйеге бейімделуімен байланысқан белгілі бір қиыншылықтарға қатысты болуы мүмкін.Жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес аталған қиыншылықтарды ескеру арқылы 7- сынып оқушыларына қолдау көрсету қажеттігі туралы қорытынды жасауға болады.
11-сынып оқушыларына жүргізілген зерттеу келесі өзекті сұрақтармен байланысты болды:
-алдағы уақыттағы жаңа форматтағы ҰБТ, кәсіби жоспарларын анықтау-32,5%
-оқытушылармен өзара байланыстың күрделілігі-50%
-өзіндік дамуға ұмтылу-38%.
Сауалнама нәтижесі бойынша бітіруші сынып оқушыларына жүргізілген сауалнамада оларды толғандыратын мәселелер қатары да анықталды.
Жаңа форматтағы ҰБТ мәселесін шешудегі негізгі факторлар:
- Сапалы білім
- Қаражат таныс болу
- Мамандық және басқа сала бойынша мәжбүрлік
Көптеген оқушы өздігінен жұмыс істеуге талпыну барысында кезіккен қиыншылықтардың алдын -алудағы негізгі фоктор ретінде сапалы білім мен жақсы мамандық, білікті азамат пен азаматша болу маңызды екендігін атап өтті.Жоғарыда аталған мәселелерден көріп отырғандай, 7- сынып пен 11- сынып үлгерімдерінің әлеуметтік өзгерісі сыныптан сыныпқа көшу барысында өзгеріске ұшырап отыратындығы анықталды.
Білім алушы оқуға түскеннен соң ортаға бейімделу оңай еместігін сезініп, бойындағы барлық кемшіліктерден арылуға тырысады. Әрбір тұлға ортасына қарай көсіледі.
Ортасы мүмкін жақсы, мүмкін жаман болуы мүмкін, ол қандай да бір ортаға тез бейімделу отбасындағы тәрбиеге байланысты. Ойлаймын, адам баласы жақсы жайтқа бейімделу қиындықты тудырса жамандыққа тез бейімделуі тез оңайырақ.
Сол себепті баланың ойын тұрақтандыратындай, өз бетімен нәтиже шығара алатындай түрлі еңсені көтеретіндей тренинг сабақтар ұйымдастырып, іс шараларға қатыстырып, қоғамға қол ұшын тигізетіндей мықты , болашағы жарқын жастарды тәрбиелеуіміз керек.
Шамұратова Гүлмира Шерниязқызы
Е.Әуелбеков атындағы облыстық дарынды
балаларға арналған №4 мектеп-интернаты