Home » Мақалалар » Әлеуметтік желі психологиясы

Әлеуметтік желі психологиясы

ХХІ ғасыр ақпарат майданының қайнаған шағында әлеуметтік желі деген атау жанымызға жақын серігіміз болғаны мәлім. Желіні серік етеміз деп қайсыбіріміз мол табысқа кенелсек, кейбіріміз  өмірі ағымынан адасып, шалыс басып жатамыз. Жаңа ғасыр технологиясын пайдалану керек,  кәдемізге жаратамыз деп жүріп, оны қалай пайдалану жолдарына аса мән бермейміз.

Ал, бүгінгі  өткен интернет форумда осы мәселелер кеңінен талқыланды. 12 қазан күні Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы негізінде «Жігер.Абырой.Сана.» қоғамдық қорымен бірге Қызылорда Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік желі психологиясы» деген тақырыпта интернет форум өтті. Форумға  мектеп оқушылары мен бірге студент жастар  қатысты.  Қатысушыларға еліміздегі  танымал блогер Нұрлан Жанай  әлеуметтік желілердің әдебі, әлеуметтік желі психологиясымен қатар әлеуметтік желі  тұтынушылары өз парақшаларын ақпараттық саясат заманында  әлеуеті бар әлеуметтік парақшаға қалай айналдыру керек екендігін айтып түсіндірді. Сондай –ақ  әлеуметтік желіде қандай посттар жариялау керек, тұтынушылар арқылы қалай имидж қалыптастыруға болады деген сауалдарға тоқталып өтті. Одан соң спикер PR- кеңесші Гүлім Оразбаева жастарға әлеуметтік желіде жариялайтын суреттердің мән-мағынасына аса зор көңіл бөлу керек екендігімен бірге  интернетті дұрыс қолдана білсе пайдасының мол екендігін айтса, SALEM  SOCIAL  MEDIA компаниясының креатив продюсері танымал  YOUTUBE  блогері  Нұрмахан Мұқанұлы  желі арқылы пайда табу мен желі арқылы өзіндік даму жолдарын  арнайы пезентация арқылы көрсетті. Форумның арнайы қонағы «Оңтүстік Рабат» газетінің бас редакторы, белгілі блогер  Жәнібек Нұрыш «Ақпаратқа алданып қалмаудың 7 амалы», «Әлеуметтік желінің психологияға әсері» деген тақырыпта жастарға  тағылымды дәріс оқыды.

Форум барысында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Байманов Шахмардан Асқарұлы ақпаратты тек интернет желісінен іздемей бермей  нағыз рухани қазына  кітап екендігін айтып, жастарды кітап оқуға шақырды. Күн сайынғы ақпаратты сараптап тек керектісін ғана алып, желінің жетегінде кетпей, сүзгіден өткізе білу үшін де  адамға білім керек- дей келе жастардың медиа сауаттылығын артыру мақсатында өткен апталық оқу қорытындысы бойынша  қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады.

Жалпы бүгінгі өткен форумда жастар нені білді, нені игерде? дейтін болсақ  әлеуметтік желі туралы сауаттылықтары артты, желіге тәуелділіктің алдын алу, рухани азықты тек желіден ғана ізей бермеу керек екендігімен қоса, желіге алтын  уақытымызды ұрлатып, өзгенің өмірін желіде тамашалап, лүпіл баса бермей оны табыс көзіне қалай айналдыруға болатындығын білді.

Заманауи әдіс-тәсілдерді, технологияларды пайдаланбас бұрын оны  дұрыс пайдалана білу үшін ең бірінші адамға білім керек. Желінің жетегінде кетпес үшін әсіресе жастар арасында  желі психологиясын қалыптастыру үшін осындай  тренинг-кеңестердің берері мол.

 

 

                                                                                               Анар Елеусізқызы
Білім айнасы
Қызылорда қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.