«Аспанның төсін арда емген» шыңдары көкті тіреп тұрған асқар таулар алыстаған сайын биіктей түспек. Осындай биік тұлғаларымыздың өскелең ұрпақ жадында мәңгі сақталуы, оны дәріптеу, асқақтатуында жатыр.
«Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының» мұрындық болуымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Әлем таныған Әзеуов» атты Әуезов оқуларын ұйымдастырып жатыр. Әуезов оқулары 20-25 тамыз аралығында Астана қаласына қарасты мекемелер мен мектептерде және ауданаралық мектептерде өткізу жоспарланыпты.
Қазақтың маңдайына біткен, бағына жаратылған классик жазушы, ұлы суреткер, әдебиетші, аудармашы, драматург, ғалым, қоғам қайраткері Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері Мұхтар Омарханұы Әуезовке арналуының өзі егін емес. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, бүгінгі санасы уланған жастарымыз бен үлкендерімізге ұлылардың ұлы ісі жайында таныстырып, олардың шығармаларының өміршеңдігін насихаттау болып отыр,- дейді.
Әуезов оқуларының шымылдығын «0112 әскери бөлімінде» Отан алдындағы міндеттерін абыроймен атқарып жүрген сарбаздарға ашты.
Келесісі Қоянды орта мектебінің ұстаздары мен оқушыларына насихатталды. Онда Әуезовтің шығармашылығымен қатар Алашқа сіңірген ерен еңбегі туралы сөз қозғалды. Татымды естеліктерді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, белгілі журналист, ақын Ы.Ожай және С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеттің доценті, т.ғ.к. Бауыржан Енсепов айтты. З.Қабдолов сөзімен айтсақ: Әуезов оқулары жас ұрпаққа «тиіп кеткен жері тәрбие, үлгі, өнеге» бола алады.
Көкбасқызы Жазира
Астана қаласы
«Білім айнасы»