Home » Жаңалықтар » Әлем – балалар көзімен

Әлем – балалар көзімен

Әлем… қыр-сыры мол, ұшы-қиыры жоқ шексіз, шетсіз әлем.

Тарих-тұнған сыр сандықтарға, ертегілер әлеміндегідей небір таңғажайыптарға ие. Ғажайыптарын айтып тауыса алмаспыз, сірә! Қай бөлшегін алсаң да, қай сандығын ашсаң да бәрі-бәрі тарих деп сыр шертеді. Әлемнің жеті кереметінен басқа толқынымен тербеп жатқан теңіздер де, ағынымен өмір ағынын суреттер өзендер де, балықтары асыр сап ойнар көлдер де, бәрі де әлем бөлшектері. Әлем жүрегі – Еуразия болса, Еуразияның жүрегі – Қазақстан. Ал Қазақстанның бөлшектері – балалар.

Біз – әлем балаларымыз,

Үмітін ата-ананың ақтайтұғын.

Ұстаздар шәкіртім деп мақтайтұғын,

Балалар – болашағы еліміздің,

Бүгінді ертеңменен жалғайтұғын,-деп Ғалым Әріп ағамыз айтып өткендей «балалар» деген – керемет ұғым, балғын бақыт емес пе?! «Болашақ» атты қамалдың іргетасын қалаушылар да осы балалар.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп дана халқымыз айтқандай, елдің ел болып қалыптасып дамуы өскелең ұрпақтарға, балаларға байланысты. «Ана – алтын тамырымыз, бала – балғын бақытымыз» деп ұлы тұлғаларымыздың баланы бақытқа теңеп айшықтауы бекерден-бекер емес-ті.

Жас бүлдіршін орындаушылардың шығармашылықтарын танымал ету, қолдау және балаларға арналған мекемелердің ұжымдары арасында жұмыс тәжірибелерімен алмасу мақсатында 22 сәуір күні Қарағанды қаласында «Маленькая страна» балалар шығармашылықтарының облыстық сайысы өтті. Бұл сайысқа біздің «Ақерке» бөбекжайынан 5 тәрбиеленуші вокал номинациясы бойынша «Дружба это не работа» бағдарламасымен қатысты. Нәтижесінде аталған номинация бойынша ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Сайысқа қатысқан бүлдіршіндер Бикенова Ильгиза, Сон Данил, Мусина Томирис, Аханқызы Балауса, Баизова Лейла әнді жоғары дәрежеде орындап шықты. Әнді орындау барысында олардың бал-бұл жанған жүздері бүкіл әлемге нұр шашып тұрғандай сезілді. Бұл бала жүзіндегі қуаныш, мақтаныш сезімі еді.

Байқауға қатысуға демеушілік көрсеткен ата-аналар Иманбай Гүлбахыт, Баизов Ғалымжан, Мусина Сауле, Дусупова Зарина, Акушев Қайратқа және балаларды дайындаған музыка жетекшісі Мукушева Айша Данияровнаға, тәрбиешілер Куршибаева Айман Бексейтовна, Касымбекова Гүлназ Сапаргалиевна, Сейфульгазина Гүлнұр Оралханқызы, Бодыкова Асель Кенжегуловнаға бөбекжай ұжымы атынан алғыс білдіреміз.

Білім ап, еңбек етіп алмай тыным,

Биіктен биіктерге самғайтұғын,

Балалар – жас қырандар көгімдегі,

Ешқашан қанаттары талмайтұғын,- дей келе тәуелсіздігіміздің жарқын келешегі- бүлдіршіндеріміз әрқашан биікте самғасын.

Жылқыбаева Қазына

Қарағанды облысы, Топар кенті

«Ақерке бөбекжай» КМҚК әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.