Home » Жаңалықтар » Әлемді мойындатқан Әлішер

Әлемді мойындатқан Әлішер

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 15 мен 24 аралығында  Италия мемлекетінің Лидо де Джесоло қаласында кикбоксингтен жасөспірімдер  арасындағы таласты жарыс өтті. Аталмыш байқауда Қазақстанның намысын қорғаған Тараз қаласындағы №57 орта мектебінің  9 «Ә» сынып оқушысы  Әсілбеков Әлішер Нұрғалиұлы өз біліктілігімен көзге түсті.

 

Өзінің бойындағы ерекше алғырлығымен талайды мойындатқан Әлішер жарыстың жартылай финалында Өзбек спортшысы  Хусанхан Одильхоновпен бақ сынаса, ширек финалда Молдава елінен келген білікті Кирилл  Илев атты жасөспірімнен оза шауып, ақтық  мәреде төбе көрсетті. Бар жігері көрсетіліп, бағы мен бабы қатар бәсекеге түсетін финалда Ресей спортшысы Гинатулин Уралдан басым түсті. Тараз қалалық №3 спорт мектебінде өнерін шыңдаған  Әлішердің осы жетістікке ең бірінші себепші болған бас бапкері  Дінмұхаммед Мұсабеков. Бүгінгі таңда Әлішердің жеткен  биіктері мен алған асулары өз алдына бір төбе. Мәселен 4 дүркін Қазақстан Чемпионы, кикбоксингтен Азия ойындарының  қола жүлдегері, сондай-ақ, биылғы жылдың Әлем чемпионатының күміс жүлдесін өз қанжығасына байлады.

Елдің намысын қорғап, көк туымызды көкке көтеріп жүрген, халқының мақтанышына айналған Әлішерге  Күләш  Мұхтарқызы бастаған мектеп ұжымының атынан алғыс білдіре отырып, шығар биігі көп болып, қойған мақсаттары  орындалсын деген тілек білдіреміз!

Гүлнұр Сқақбаева
 «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№57 орта мектебі» КММ-нің директорының
құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.