Home » Білім және өнер » Әке асқар тау, Ана бауырындағы бұлақ, Бала жағасындағы құрақ.

Әке асқар тау, Ана бауырындағы бұлақ, Бала жағасындағы құрақ.

Бала тәрбиесінде отбасының орны өте маңызды. Қазіргі техника дамыған заманда, ата-ананың орны техникалық құралдар басып бара жатқан секілді. Өйткені, ата-ананың жұмыстан қолы босады дегенше, балаға көңіл бөлудің орнына әлеуметтік желілердегі жаңалықтар, жалғас достар қызықты болып бара жатқан секілді. Бал өз мәселесімен әкесіне жақындаса, жұмысы көптігін сылтаулатып, анасына баруды ұсынады. Анасына жақын келе қалса болды, ата-аналар өз баласының мәселесіне немқұрайлы қарап, басқа елдің телехикаяларына жылап-сықтап, сериал кейіпкерлерімен оқиғаларды бірге бастарынан кешкен сияқты. Бала өз мәселесіне үйден шешім таба алмаған соң, көшедегі, әлеуметтік желілердегі достарына жүгінеді. Бірде, мұғалім үйіне келіп, жұбайының қолына бір оқушының «Менің арманым» тақырыбына жазылған шығармасын ұстатады. Оқушы менің арманың – теледидар болып тусам ғой. Әке-шешем теледидардың пултіне таласқандай менің қыр-сырларымды ашуға тырысса, теледидар бұзылып қалғанда оның асты-үстіне тұскен секілді, менімен бірге ойнаса, мен сөйлегенде тоқтатпай, сұрақ жаудырмай тыңдаса, деген сөздерін оқып болып. Жұбайы бұл- қандай адамның баласы екен дегені сол, мұғалім – бұл, біздің-баламыз деп, үнсіз тұрып қалыпты. Қашанда бала ата-анасымен өз қызығулары, достары, оқыған кітаптары, болашақ туралы ойларымен еркін бөлісе алса ғана, өзінің жалғыз еместігін, қандай жағдайға тап болса да, ата-анасы тарапынан қолдау болатынан нық сеніп өмір сүреді. Өзіне сенімді болған адам ғана ештеңеден қорқып-қысылмай, болашақта бағы жанып, өз пікір, идеаларын алға бастап, көшбасшы болуға талпынады. Менің бір айтарым, жанып тұрған жалынды, көкрегінен итермей, керісінше жарқыратып жұлдызға айналдыру әр бір ата-ананың қолынан келеді.

Саденова Ақмарал Умбетовна

Рудный қаласы «№ 19 орта мектебі» КММ

Педагог-психолог

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.