МКҚК «Болашақ» балабақшасында 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай әр түрлі мерекелік шаралар өтуде. Соның бірі «Әкешім – асқар тауым» атты әкелер құрметіне арнап, ұжым басшысы мен тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен топтар арасында ертеңгіліктер болып өтті.
Бұл іс-шаралардың мақсаты: аты айтып тұрғандай әкеге деген құрмет көрсетіліп, ізгі ниет пен ілтипат жасау болып табылады. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа аяғысыз, Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз. Бұл өткен шарада әке туралы ән айтылып, би билеп, ойын-жаттығулары ойналып, келген қонақтардың барлығы бір серпіліп, көңілдері көтеріліп қалды.
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. ӘКЕ – отбасының асыраушысы, мықты тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы болып есептеледі.
Осы орайда атап айтар болсақ, балабақшадағы мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Н.Амированың жетекшілігімен №5 «Ақылдылар» тобы өз өнерлерін әзілмен жеткізсе, №3 «Ақсұңқар» тобының тәрбиешісі А.Нұрмағанбетова балалардың жас ерекшеліктеріне қарай өлең-жырмен көркемдеп, жан-жақты қабілетін аша түсті. №4 «Ақжелкен» ересектер тобының тәрбиеші М.Унаялиева өз шеберлігін, балалардың бойына дарытып, салауатты өмір салтын сақтау мақсатында, ата-аналарды іс-шараға тарта білді. Ал №2 «Еркетай» кіші тобының тәрбиешісі П.Сарина өткізген ертеңгілікте жастары ең кіші болса да әнді тамылжыта орындағанда, келген қонақтар мәз-мейрам болып отырды. Тәрбиеші М.Бұсұрманова №1 «Балапан» ересектер тобы бүлдіршіндерінің көркемсөз оқу шеберлерімен таныстырды. Осындай ерекше, дарынды, қабілеті зор балаларды көріп, келген қонақтар риза болып, бір марқайып қалды. Бұл шараның өткізілуін қадағалап, ақыл-кеңесін беріп отырған балабақша директоры Г.Тоқсанбайқызының еңбегі өте зор.
Асқар тауым аман жүр, аяулы әкем
Жақсы өнеге бердіңіз, мақтан етем.
Кіп-кішкентай жүрегім сендіреді
Мен өзіңді әкетай бақытты етем!-дегендей, балаларымыздың үлгі тұтар панасы, шырақтай шамшырағы – әкелеріміз аман болсын! Әкенің мінезі – сабырлы, салмақты, айтқан сөзінде жылулық шашып тұратын қасиеттер бар. Осы қасиеттердің барлығы болашақ ұрпақ- жас жеткіншектің бойынан табылса екен деген тіегіміз бар.
Сарина Перизат Бейнеубайқызы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы
МКҚК «Болашақ» балабақшасының тәрбиешісі