Жұманова Н.М
Алматы қаласы, Алатау ауданы
«Мөлдір» балабақша тәрбиешісі
“Балалардың денсаулығы –ұлт саулығы”
Мақсаты: Бір ортақ мақсатты жұмыла бірігуге,ұйымшылдыққа баулып,
қимыл әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру.Сымбаттылыққа шымыр болуға ептілікке тәрбиелеу.
Балаларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты денсаулығы
жақсы болу үшін денені шынықтыру.Оларға спортпен айналысуын қажеттігін түсіндіру. Спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Әдіс тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнектіліктер: Доптар, кедергілер, секіргіш, кәрзеңке, жемістер, шығыршық,
кішкене доп, қасық, кішкене шарлар
Ұйымдастыру:1.Командалар ортаға шақырылады
2.Әділқазылар алқасымен таныстыру
3.Жарыс кезеңдерімен таныстыру
4.Жарыс кезеңдері
5.Қорытынды
6.Марапаттау
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата аналар, әріптестер, қонақтар.
Бүгін бізде үлкен мереке. Балалар мен ата аналар арасында
өткізілгелі отырған “Әкем, шешем және мен” атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам,епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш.Біз мұндай отбасына сәт сапар тілейміз.
Ал қанекей қонақтар
Ортаға назар салайық
Ойыншылар келеді
Қол соғып қарсы алайық
Қатысушы командаларды үлкен қошеметпен ортаға шақырамыз
Әнұран айтылады.
Әрбір топ командалары ортаға шығып топ атын,топ
ұрандарын айтады.
Ұшақтан да ұшқырмыз
Желден озған жүйрікпіз
Келіп тұрған жарысқа
“Бүркіт” тобы боламыз!
Біз балдырған бақытты
Әкеміз бен анамыз
Жеңілмейміз озамыз
“Тұлпар”тобы боламыз!
Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
“Барыс” тобы боламыз
Жарысамыз ойқатты!
Енді мен спорттық ойын сауықтың кезеңдерімен таныстырып өтейін
6 кезеңнен тұрады.
1.“Эстафеталық жарыс”
2.“Кім жылдам”
3.“Секіртпе”
4.“Қырықаяқ”
5.“Шар жинау”
6.“Шынықсаң шымыр боласың”
Спорттық ойын-сауығымызды бастамас бұрын біздің
жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен танысып алайық.
1.Балабақша меңгерушісі Насихат Сабырханқызы
2.Балабақша әдіскері Бейсен Ләззат
Әр сайыс біткен сайын әділқазылар бағасын беріп отырады.
Біздің спортшыларымызға жақсы көңіл күй сыйлау үшін қонақ болып Дархан ән шашу алып келіпті.
Ән “Мен қазақпын”
Бірінші сайысымызды бастаймыз “Эстафеталық сайыс”
Баласы шешесі әкесі кезектесіп қолтықтарына екі допты ұстап кедергіден
айналып кері қайтып келеді.Келесі ойыншыға допты тапсырады.Бірінші әкесі бастайды.Әділқазылар бағаларын береді.
-Бәрекелді балалар не деген шапшаңсыңдар!
Екінші кезең “Кім жылдам”ойыны. Жемістерді егеміз жинаймыз.
Төрт құрсау қатар қойылады.Топ басшының қолында көкөністер
мен жеміс салынған себет.Топбасшы көкөністер мен жемістерді
құрсаудың ішіне себеді.Анасы себетті ұстайды баласы
жинайды.Қай топ ұқыпты отырғызып тез жинап шықса сол отбасы
жеңігені болып саналады. Ойынның соңында әділқазылар
бағаларын беред.
-Өте тамаша балалар!
Үшінші кезең “Секіртпе” әр команда бірінші тұрған ойыншы қолындағы
секіртпемен секіріп,жылдам қайтып келу керек.Екінші ойыншыда
қайталайды.Балалар доппен секіреді.
-Жарайсыңдар балалар!
-Әділқазы алқасы бағаларыңызды беріңіздер
Спортшыларымыз біраз тыныққаншаортаға бишілерімізді шақырамыз.
Би “Испан биі”
Төртінші кезең “Қырықаяқ” шығыршықтың ішіне кіріп бірінші әкесі жүгіріп келіп, анасы мен баласын алып бірге жүгіреді.Бұл жерде
шапшаңдық,жылдамдық қажет.Әділқазы алқасы бағаларыңызды
беріңіздер
Бесінші кезең “Шар жинау”ойыны. Үлкен кәрзеңкеден кішкене қорапқашарларды жинайды.Кім қанша шар жинағанын санайды.
-Жарайсыңдар сайыскерлер! Әділқазы алқасы бағасын беріңіздер
Би “Үнді биі”
Алтыншы кезең “Шынығайық шымыр болайық”ойыны
Ойынның шарты қолымдағы қасыққа салынған допты жерге түсірмей шапшаң шелектің ішіне жинаймыз.
-Жарайсыңдар балалар!
Әділқазылар бағасын бергенше ортаға әнші жігітімізді шақырайық.
Ән “Қазағым ай” Балалар бүгінгі спорттық ойын ұнадыма. Кезекті әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.Балаларды марапаттайды. Осымен балалар “Әкем, шешем және мен”атты спорттық ойын-сауығымыз аяқталды. Келіп тыңдағандарыңызға рахмет. Қатысқан ата-аналарға рахмет!