Күшенбаева Эльмира Балташқызы,
№ 61 орта мектептің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі,
Астана қаласы
(«Толағай» сайысы отбасы мен мектеп арасындағы іс-шара)
Сабақтың мақсаты : Ата-ана, бала және мектеп арасындағы байланысты нығайту, жанұяны екпіндікке, шапшаңдыққа, төзімдікке баулу.
Тәрбиелік мәні: Салауатты өмір салтын сақтау, дамыту.
Жарысқа қатысушылар: Мектептің 5-сынып оқушылары.
Әр сыныптан бір оқушы және оның әкесі мен анасы ойынға қатысады.
Өткізілетін орны: Мектептің спорт залы
Керекті құрал-жабдықтар: Доп, матрас, орындық, қапшық, бел айналдырғыш, секіргіш, және ауыр доп т.б.
Жарысқа қатысушыларға ескерту :
1.Әр топ мүшелерінің сыртқы киімдері бірдей түсте болу керек.
2. Жарысқа қатысушыларда әр топтың атауы, топтың ән ұраны, бірдей эмблема болу қажет.
Жарыстың өткізілу барысы:
Спорттық іс-шараның шарттары : Әр кезең бойынша ойын түрлерінің жүргізілу барысымен таныстыру, кезеңдер бойынша төрешілер топтардың жинаған ұпайларын жариялап отырады. Сайыс соңында ұпай сандарының жиынтығы бойынша жеңімпаздар анықталады.
- Ойыншылар дене қыздыру жаттығуларын орындау
- Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
- Топқа ат қою, ойын шарттарымен таныстыру
Ойынның шарттары:
1-кезең.
Әкесі : Басына суы бар стакан қойып жүреді, келерде стаканды қолына алып келеді.
Анасы: Қапшықты аяғына киіп белгіге дейін жүгіріп барады, келерде қапшықты қолына ұстап барынша жылдамдықпен жүгіріп келеді.
Баласы: Оң қолымен допты жерге ұрып барып, келерде допты қолына ұстап жүгіріп келеді.
2- кезең.
Әкесі: Матрас үстінде домалап белгіге дейін барады, белгіден айналып келерде жаттығуды қайталап жасайды.
Анасы: Секіргішпен секіріп белгіге дейін барады, келерде барынша жүгіріп келеді.
Баласы: Ортадағы орындықтан екі аяқпен секіріп өтіп, келерде жүгіріп келеді.
3-кезең.
Әкесі : Секіргішпен белгіге дейін секіріп барып, келерде допты аяғына қысып келеді.
Анасы: Допты аяғына қысып барып, келерде бел айналдырғышпен белін айналып келеді.
Баласы: Допты қолына ұстап орындықтан секіріп барып, келерде жүгіріп келеді.
4 – кезең.
Әкесі: Баскетбол добын жерге ұрып барып келерде допты жерге ұрып келеді.
Анасы: Үлкен қасыққа бір алманы салып белгіге дейін жүріп барып, сол шарт бойынша қайтып келеді.
Баласы: Ауыр допты белгіге дейін апарып, келерде секіргішпен секіріп келеді.
5- кезең.
Әкесі: Белгіге жүгіріп барып келеді.
Анасы: Әкесі келіп шешесінің қолынан ұстап алып кетеді.
Баласы : Әкесі, шешесі жүгіріп келіп баласының қолынан ұстап алып кетеді.
6- кезең.
Әр топтан әкесі, анасы және баласы ойын алаңына шығады. Аналары әкелерінің көзін танып, баласы ортаға қойған допты дәл тауып орындарына барулары керек.
Әділқазылар алқасы 6- кезең бойынша ойын алаңына шыққан топтардың ұпай сандарын жариялайды.
7-кезең.
Бұл кезең шығармашылық бағытқа арналған. Әкелерінің арқасына ақ қағаз ілінеді. Анасы мен баласы еркін тақырыпта сурет салады.
Әр сурет көркемдігіне, мағынасына қарай бағаланып, төрешілер ұпай сандарын белгілейді.
Қорытынды: Әділқазылар алқасы бес кезең бойынша сайыстың нәтижесін шығарып, ұпай сандары бойынша жеңімпаз топтарды анықтайды.
1- орын – «Сұңқар» тобы 32 ұпай
2 —орын – «Жас батыр» тобы 24 ұпай
3 –орын – «Қыран» тобы 22 ұпай
4 — орын – «Балауса» тобы 19 ұпай
5- орын – «Желаяқ» тобы 17 ұпай
Ойынға қатысқан барлық отбасы мақтау қағазымен марапатталды.