Home » Спорт » Әкем, анам және мен-спортшымыз жанұямен

Әкем, анам және мен-спортшымыз жанұямен

«Мемлекетіміздің басты байлығы –ұрпақ саулығы» деп Елбасымыз айтқандай басты қазынамыз — халық денсаулығы-басты назарда болып отыр. Қазіргі таңда денсаулық саласына қатысты біршама оң істер атқарылып жүр. №29 «Балауса» бөбекжайы да айтулы істерден қалыс қалып көрген емес.Соның бірі — бөбекжайда оздырылған  қысқы спорт түрлерін қолдау және ата-аналарды қатыстыра отырып, баланы белсенді болуға, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа, жылдамдыққа, салауатты өмір салтына,отбасылық татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатындағы «Әкем, анам және мен-спортшымыз жанұямен» спорттық шарасы  соның бір жарқын үлгісі іспеттес.. Спорттық шараға Ж.Молдағалиев атындағы №2 орта мектеп мектеп алды даярлық сыныбының мұғалімдері Дүйсенбаева Д.Е., Қосанова А.М. және №33 «Орленок» бөбекжайының психологы Айнара Раисовна төрағалық етті.  Сайыс кезеңдері -таныстыру, «Шаналар», «Аққала тұрғыз», «Тонель»,  «Хоккей», «Мергендер», «Қар кесектері» бөлімдерінен тұрды. Сергіту жаттығуларын жасап, дене қыздырып алғап ойыншылар сайысқа алғашқы кезеңнен-ақ белсене кірісті. Жарыс барысында топ мүшелері бағдарламаның барлық кезеңдерінен  сүрінбей өтіп, ептіліктері мен спорттық шеберліктерін таныта білді.. Шаналар сайысында топ анасы мен әкесі баласын шанаға отырығызып, межелі сызықты айналып келіп,  аққала тұрғызуда команда мүшелеріне бір доптан беріліп, белгі берілгенде ойыншылар екі қолымен аққала тұрғызғандай домалатып отырып, келесі ойыншыға табыстады. Ал шығырышықтан өту шарты тапсырылған «Тонель» және хоккей таяғымен пластикалық допты қақпаға соққан хоккей ойыны да  өте тартысты әрі қызықты  өтті. Соңғы сайыста балалары лақтырған допты ептілікпен ата-аналары ұтып алып, ұпай жинап отырды. Жоғары деңгейде өткен бұл шара көрермендерді қызық пен шатыққа бөлеп, балалардың спортқа деген ықыласын арттырғандай. Бәсекеге толы сайыс соңында белсене қатысқан ойыншылар мақтау қағаздарымен марапатталды. 1-орын Даулет-Назаровтар отбасы, 2-орын Фаткулиндер, 3-орын Бодров және Кондудаевтарға бұйырды. Бөбекжай мен отбасының ынтымағын арттырып, бөбектерге үлкен қуаныш сыйлаған бұл жарыс болашақта да жалғасын табарына сенімдіміз.

 

ЖҰЛДЫЗ Есенаманова

Ағылшын тілі маманы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.